kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жыл басына таласқан хайуанаттар" драма сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу, қызығушылықтарын арттыру.

2.Дамытушылық – развивающая: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тілдерін дамыту,сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Театрландырылған ертегілер арқылы балаларды,байланыстырып сөйлеуге үйрету.«Жыл басына таласқан хайуанаттар»  ертегісіне сахналық қойылым көрсету.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жыл басына таласқан хайуанаттар" драма сабақ жоспары»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Коммуникация

Пән/Предмет: Драма

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Достарыма арналған жаңа жылдық сыйлықтар»

Тақырыбы/Тема: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу, қызығушылықтарын арттыру.

2.Дамытушылық – развивающая: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тілдерін дамыту,сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Театрландырылған ертегілер арқылы балаларды,байланыстырып сөйлеуге үйрету.«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіне сахналық қойылым көрсету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: кубикке жапсырылған суреттер (ертегі суреттері), үй жануарларының маскасы, ертегі сюжеті бойынша суреттер.

Көптілділік/Полиязичие: Қоян – кролик – rabbit, сиыр - коровa – corks, жылқы – лошадь – horse, түйе – верблюд – camel, барыс – барс – leopard, ұлу – улитка – snail, мешін – обезьяна – a monkey, қой - овца – sheep, тауық – курица – a hen, ит - собака - dog ,доңыз - свинья – pig, тышқан - мышь - mouse


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт: Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

Онда сендердің білімдеріңді ойын арқылы тексергім келеді.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр»

Барысы: Кубикті лақтыру арқылы суреттің қай ертегі екенін табу. Ертегі кейіпкерлерін сұрау, суреттегі ертегінің қанадай оқиғамен аякталғанын сұрау.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Балалар бүгін біз сендермен «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін сахналайық.

Тәрбиеші ертегіні бастайды.

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.

Сонда жылқы айтыпты:

— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

Түйе айтады: — Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

Сиыр айтады: — Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт - май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Қой айтады: — Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт - май алады, шаруаға менен пайдаларың жоқ.

Ит айтады: — Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташысымын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтады: — Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:

— Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын. Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бөрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,– деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.

Тышқан: Жыл келді, жыл келді! Күннің шыққанын мен көрдім Мен жыл басы боламын!

Осылайша күнді бәрінен бұрын Тышқан көріп, жыл басы болған екен.

Тышқан деген батырың

Таңды көзбен атырды

Төбесінен түйенің

Жылды көріп қатырды

Барлығың да қараңдар,

Енді үйге тараңдар,

Жылды көрген тышқанды

Жыл басы деп санаңдар!

Тышқаннан кейін сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап ештеңе түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр қалыпты. Жан - жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты, тапқырлықты мойындап әнге қосып, би билеп, жаңа жылды тойлаған екен. “Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалды”- деген сөз осыдан қалған екен. Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты. 12 жыл 1 мүшел

Сергіту сәті:

Хормен: Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян,

Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой

Мешін, Тауық, Ит, Доңызды

Санап, жаттап, біліп қой! (жаттату )

Көптілділік: Қоян – кролик – rabbit, сиыр - коровa – corks, жылқы – лошадь – horse, түйе – верблюд – camel, барыс – барс – leopard, ұлу – улитка – snail, мешін – обезьяна – a monkey, қой - овца – sheep, тауық – курица – a hen, ит - собака - dog ,доңыз - свинья – pig, тышқан - мышь – mouse

Ойын: «Кім зерек?» логикалық ойын ертегі сюжеттерін ретімен құрастыру.

3.Қорытынды/итоговая часть:

- Бүгінгі оқу іс - әрекетінде қандай ертегімен таныстық?

- Ертегі сендерге ұнады ма?

- Ертегіде не туралы айтылған?

- Жарайсыңдар, барлығыңда жақсы қатыстыңдар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жыл басына таласқан хайуанаттар" драма сабақ жоспары

Автор: Темірбай Қымбат Сәбитбекқызы

Дата: 12.01.2020

Номер свидетельства: 535368


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства