kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жолы? болсын, балдыр?ан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? жыл бойы ал?ан  білімдеріні?, ?йренген ж?мыстарыны? н?тижесін к?рсетіп, балаларды? с?здік ?орын, тілін, ой-?рісін не?ейту. ?йымшылды??а, имандылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жолы? болсын, балдыр?ан!»

Жолың болсын, балдырған!

Ертегінің мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой-өрісін неңейту. Ұйымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Зал мерекедегідей әсем безендіріледі. Әдемі гүлдер, шарлар, құстар ілінеді.

(Әдемі музыка әуенімен оқушылар залға кіреді).

Ән ұран

Тәрбиеші:

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгін сіздер мектепалды даярлық сынып шәкірттерінің «Жолың болсын, балдырған!» қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!.

Құттықтау сөзін мектеп директоры:Бірманова Қымбат Исланбекқызына береміз.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Ахметова Лаззат Шәкейқызына береміз.


Тәрбиеші:

Сөйледі олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды.

Тыңдай бердім мен жұтып

Тіл біткен тақпақ, жырларды.

Тақпақтар:

1 – оқушы:

Сәлем саған мектебім

Сәлем білім ордасы

Жасыл бақты мектебім

Жастық шақтың жолдасы.

2 – оқушы:

Биыл күзде мектепке

Біріншіге барамын

Мақтанбаймын текке мен

Дайын дәптер қаламым.

3 – оқушы:

Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз.

4 – оқушы:

Қанатым талмайды

Қиялым самғайды

Ақын да, ғалым да

Ұстазсыз болмайды.

5 – оқушы:

Мектепке биыл барармын

Қолыма кітап алармын.

Дайын тұр менің портфелім

Дайын тұр жазар қаламым.

6 – оқушы:

Сенен біліп шығармын

Аспан барын, күн барын.

Сен арқылы ұғармын

Жұмбақ әлем сырларын.

7 – оқушы:

Мектепке енді барамыз

Біз оқушы баламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.


Тәрбиеші:

Десекте уақытпен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін баршамызға бағыштайды

Ән: «Айгөлек» әні.

Тәрбиеші:

Аққудай өрнек салған көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле,

Бұралып тал шыбықтай тұла бойы,

Шаттық пен күлкі үйірілді келбетінде- дей келе

0 «В» сыныбын Вальс биімен қарсы алыңыздар.


Ойын: «Қыз қуу» (Әуен ойнап тұрады)

Балалар алдымен ойынның шартын тыңдап, танысып алыңдар.


Тақпақтар:

8 – оқушы:

Енді мен үлкен баламын

Ананың тілін аламын

Әжемнің барлық айтқанын

Миыма құйып аламын.

9 – оқушы:

Ардақты мұғалім

Білімнің -бұлағын.

Таусылмас сен жайлы

Тасқынды жыр әнім.

10 – оқушы:

Мереке күніңмен

Құттықтап бүгін мен

Ойыма ой қосам

Сен берген біліммен.


11 – оқушы:

Баспалдақтан біртіндеп

Мен ұшамын қияға

Сен тұрасың күлімдеп

Ұқсап алтын ұяға.

12 – оқушы:

Ойыншықты жинаймыз

Бөбектерге сыйлаймыз.

Үлкен болып өссек те

Бақшамызды қимаймыз.

13 – оқушы:

Ән салайық бас қоса

Бақшаменен қоштаса

Қалам, дәптер, өшіргіш.

Кітаптар мен достаса

Ән «Бала тілегі»

Тәрбиеші:

Қош бол, құтты «Сауат ашу»

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлесттің.

«Мектепке дайынсын ба? Балалар» атты ойынын ойнаймыз Мен сендерге ойын шартын түсіндіріп өтейін.

Алдымен 2 камандаға бөлініп алайық сендердің қаншалықты әріптерді меңгергендеріңді тексеріп көрейік.

1 топ (әке, апа мама) сөздерін жазады.

2 топ (әже, папа, ата) сөздерін жазады.

-Бірінші сөзде неше әріп бар?

-Неше дауысты, неше дауызсыз дыбыс бар?

-Дыбыс деген не?

-Әріп деген не?

Тәрбиеші :Өте жақсы балалар!

Ән: «Қошақаным» Таласбек Ерсұлтан

Ойын: «Кім шапшаң?»

Құрметті аталар ортаға 8 ата-ананы шақырамыз.Қай ата-ана шапшаң екен балалар!

Шіркін ай әнші, жыршы, күйшілер-ай

Сұлу әуен көңілге құйсын арай

Аққу құстай құйқылжытып ,

Мың бұралған қазақтың бишілері-ай

Кезекте сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық

«Қазақ биі» ортаға әдемі де, әсем қыздарымызды шақырамыз

Тәрбиеші:балалар есеп шығаруды ұнатасыңдар ма? Онда мұқият тыңдаңдар

1.Сатып алып 1 сәбіз

Қойды үйрек себетке

Тағы сонша қосса оған

Нешеу болмақ әдетте? (балалардың жауабы)

2.Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам

Алдым үзіп бесуін

Тағы да алам бесуін

Алдым сонда нешеуін? (балалар жауабы)

Тәрбиеші: Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,

Екі ортаға алтыннанжол салайық

Құрметтеп келген ата-аналарды

Сақынаға шақырайық!

Тәрбиеші

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз

Тілектермен нығайсын берекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жолы? болсын, балдыр?ан!

Автор: Костина Жумазия Бейсенбаевна

Дата: 01.08.2016

Номер свидетельства: 338375


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства