kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жолда жүру ережесі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жолда жүру ережелерін есте сақтап ойларына түйіп жүеді.Ойындар арқылы ережелерді естеріне жақсы сақтап қалады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жолда жүру ережесі"»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:05.02.2018

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: «Құм және оның қасиеті»

Мақсаты:Ортанғы топ: Құм - өлі табиғат объектілері туралы түсініктерін дамыту

Ересек топ: Өлі табиғат компоненттері, яғни құм, оның қасиеттерімен таныстыру.

Міндеттері:Ортанғы: Құмның шығуы туралы қарапайым түсінікті беру, өлі табиғаттың әр түрлі объектілерін балаларға көрсету.

Ересек топ: Құмда мекендейтін тіршілік иелерінің, кейбір тірі организмдерімен және олардың сол жағдайға бейімделуімен балаларды таныстыру

Билингвальді компонент:Құм-песок

Полингвальді компонент:Құм-песок-sand

Көрнекі құралдар: сұрақ-жауап,тәжрибе.көрсету.түсіндіру.

Әдіс-тәсілдері: Ойын,  әңгімелесу,  құрастыру, елестету,  тосын  сәт,  сұрақ – жауап,  сергіту,  ән.

Кіріспе

Шаттық шеңбер:

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз.

Негізгі бөлім

Балалар табиғат дегеніміз не?

Табиғат екіге бөлінеді. Жанды жансыз табиғатқа.

Қалай ойлайсыңдар тірі табиғатқа не жатады?

-Дұрыс адамдар,құстар,жануарлар.өсімдіктер,ағаштар

.Яғни,көбиетін,қоректенетін,өсетін жандар жанды табиғатқа жатады.Ал жансыз табиғатқа не жатады?

Жұмбақ жасыру:

Жер бетінде жатады

Онымен ойнайсың

Әр түрлі мүсін жасайсың.

Балалар бүгін сендермен ғалымдар боламыз.Ал ғалымдар деген кім?

Дұрыс,бүгін сендермен құмның қассиетін зерттеуге барамыз.

Қазақстан еліміз шөлді далал бар екен.

Слайд№1,2,3,4

Ол жерде шөлгетөзімді жануарлар ғана мекндейді.мысалы: түйе. кесіртке,құрт т.б

Ал өсімдіктерден сексеул деген шөп өседі.

Балалар қарандаршы құмдар төбешіктер болвп жатыр.

Құммен жұмыс жасамай тұрып қауіпсіз ережесін еске түсірейк.

Ол неге солай болады?

Ыдыстағы құмды тутікше арқылы үрлейміз.желдің әсерімен жылжып төбешіктерге айналады ия.

Жақын көрсететін шынымен қарап құмның пішіндерін анықтайық.

Енді ылғалды құмды байқайық олар бір-біріне жабысып пішіндер көрінбейді.құмның түсі қандай? Сары,ақшыл ,ал ылғалды құм қаратүсті.

Сергету сәті:

Күн болып жанайық

Мөлдір судай ағайық

Гүл болып жайнайық

Терең-терең домалап

Жүргіріп-жүгіріп алайық.Балалар магнитке не жабысады?

Енді құмға магнит салып байқап көрейік Әсер етеді өйткені құмда темір құрамы бар екн.Енді стакандағы суға «воронка» қасықпен құм салайық,не байқадық тесіктен өтіп кетті су сияқты ия.

Ал құмды не үшін пайдалануға болады? Құрылыста,ыдыс жасағанда ,шыны ,айна.балалар сендер ғалымдар болдындар енді суретші боламыз ,өз еркіндерімен сурет саласыңдар. Сендерге сабақ ұнадыма? Өз-өзін бағалау әдісімен қортындылау.

Қортынды


+

-

























































































































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:04.09.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Балабақша аумағы бойынша серуендеу

Мақсаты:Ортанғы топ: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінікті қалыптастыру

Ересек топ: Қоршаған әлемнің әсемдігімен байланысты білімқұмарлыққа, әуестікке, мейірімді сезімге және ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Міндеттері:Ортанғы: Ауа – райында, табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға балаларды үйрету.

Ересек топ: Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атау және ажырату, бақылау жүргізуді балаларға үйрету. Табиғатты күнтізбелік бақылауды жүргізу бойынша дағдыларды жетілдіру.

Билингвальді компонент:Ауа-райы-погода,балабақша-детский сад,

Полингвальді компонент: Ауа-райы-прогноз погоды-weather forecast,балабақша-детский сад-kindergarten,

Көрнекі құралдар: Үнтаспа,  қызметкерлер  суреті,  гүл, құрастырмалы  балабақша  көрінісі.

Әдіс-тәсілдері: Ойын,  әңгімелесу,  құрастыру, елестету,  тосын  сәт,  сұрақ – жауап,  сергіту,  ән.

Кіріспе

Шаттық  шеңбері:
            Бала  бала  баламыз
            Бақшамызға  барамыз
            Күні  бойы  қызыққа
            Батамызда  қаламыз
            Бір  шаңырақ  астында
     Әңгімелесу:
  Бүгін  біз   «Сүйікті  балабақшамыз» туралы  әңгімелейтін  боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер  сәби  болып  келдіңдер,  ересек  болып  кетесіңдер. Балабақша сендерге  білім береді,  тәрбиелейді. Әдептілікке,  достыққа,  ұйымшылдыққа  үйретеді.       Бірге  сайран  құрамыз.

Негізгі бөлім

Ересек топ:«Иә  ма,  жоқ  па?»
(
ойланайық,  пікірлесейік )
Кел  бәріміз  ойланып,
       Иә  ма,  жоқ  па?  Ойналық
       Мен  бастайын  ойынды
       Түрлі  сұрақ  қоюды.

  Бұл  кімнің  суреті?
Ол  кісінің  қызметі  қандай?

 Мынау  кімнің  суреті?
Аспазшы апайдың  қызметі қандай?

Ал  бұл  кім? 
Бұл  апай  не  істейді?

Мынау кім? Қандай  қызмет атқарады?

 Мынау  кім апай?

 Мынау  суреттегі кім? Ол кісінің қызметі не?

Сендер  балабақшаға  сәби  болып  келгеннен, ересек  болып  мектепке кеткенше, осы  апайлар  қызмет етеді.Олай  болса  мынадай  дәйексөз  үйренейік.

Ортанғы топ:Дидактикалық  ойын:
«Балабақшада  саған  не ұнайды?

Күн  режимі  бойынша,  балабақшада  не  ұнайтындары   сұралады

  1. Сергіту  сәті:

 Балабақша  есігін
Үшке  толып  ашқанбыз
Мәпелейді  бақшамыз
Бұл  екінші  үйіміз
Бір  туғанбыз  бәріміз
Біз осы үйдің  гүліміз
Біз  осы үйдің  сәніміз.

Қортынды

Бүгін біз не  туралы әңгімеледік?
-Балабақша  аты  қалай  аталады?
-Кімнің  үйіндегі тосын  сәтті көрдік?
-Балабақшада кімдер қызмет етеді?
-Қандай дәйексөз  үйрендік?

+

-
































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:11.09.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты:Ортанғы топ: Күзге тән белгілер туралы балалардың түсінігін кеңейту

Ересек топ: Табиғатты бақылау нәтижесін белгілеу және табиғат күнтізбесіндегі ауа – райының жағдайын қадағалауды (күн сәлесі, жаңбыр, тұман) балаларға үйрету.

Міндеттері:Ортанғы: Адамдардың киімдерінде, өсімдіктер әлемінде, ауа – райында, табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға балаларды үйрету.

Ересек топ: Күзгі табиғат құбылыстары туралы білімді бекіту.

Билингвальді компонент: алтын күз-золотая осень, ерте күз-ранняя осень, қара күз-поздняя осень.

Полингвальді компонент: алтын күз-золотая осень-golden autumn, ерте күз-ранняя осень- early autumn, қара күз-поздняя осень- lare fall

Көрнекі құралдар: : жыл мезгілінің суреттері

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Кіріспе

Шаттық шеңбер

Негізгі бөлім

Балалардың назарын даладағы көрініске аударып, сұрақтар қойылады.
- Қазір қай мезгіл?
- Күз екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Тәрбиеші күздің үш кезеңге бөлінетінін айтып түсіндіреді.
Ерте күз, алтын күз, қара күз
Ерте күз – күздің басталуы.
Ересек топ:Ал алтын күз деп неге айтамыз?

Ортанғы топ:Қара күз деп атайтын себебі:
ағаштардағы жапырақтың бәрі түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды.
Тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды, толықтырады.
- Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады?
- Ал, егер күн бұлтты болса қандай сөздерді қолданамыз?
Тәрбиеші М.Жылқайдаровтың «Күз» деген өлеңін оқып береді.
- Бұл өлеңнің авторы кім?
- Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеген?
- Алтын күз қамбаға нелерді толтырды?
Сергіту сәті: «Алтын күз» әнімен жасалады
- Тәрбиеші «күз» өлеңін 2 рет оқиды.
- Балалар түсінгендерін айтып береді
Ересек топ:Ойын: «Ненің жапырағы»
Балалардың жауабы
- Жапырақ
- Күз мезгілі
Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша
- Жапырақтың бәрі сарғайып, алтындай сары күйге енеді
Сондықтан «алтын күз»
- балалар жинаған жапырақтарын ажыратады
(түсін, пішінін) айтады
Неге бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп атайды?
- Алтын күзде балалар неге партаға отырады?

-Балалар сұраққа жауап береді

Қортынды

Суретпен жұмыс: «Күз туралы»
Суретке балалар ат қояды.
- Екі үш бала суретке қарап, неге алтын күз, ерте күз, қара күз деп аталғанын әңгімелейді.Балалар толық жауап береді

Балалардың жауабы
- аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза
- күн түнеріп тұр, аспанды сұр бұлт қаптаған, суық жаңбыр сіркіреп жауып тұр.
Балалардың жауабы
- Алма, өрікті қамбаға толтырды.

-Балалар сұраққа толық жауап береді


+

-







































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:18.09.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Бақшада ма әлде баубақшада ма

Мақсаты:Ортанғы топ: Көкөністер мен жемістер туралы балалардың түсінігін қалыптастыру

Ересек топ: Ойыншықтар формасы бойынша көкөністер мен жемістерді сипаттауды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:Ортанғы: Көкөністер мен жемістер пісіп жетілгені, күзгі табиғатқа тән ерекшеліктер туралы балалардың түсінігін кеңейту

Ересек топ: Қойылған сұраққа толық және нақты жауап беру, құрдастары мен тәрбиешіні мұқият тындау ептілігіне тәрбиелеу

Билингвальді компонент: Бақша-сад,бақ-сад,көкеністер-овощи,жемістер-фрукты

Полингвальді компонент: Бақша-сад-garden,бақ-огород-garden,көкеністер-овощи-vegetables,жемістер-фрукты-fruit

Көрнекі құралдар: Жемістер мен көкөністер муляждары

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Кіріспе

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Ал бүгін аптаның қай күні?

-Сәрсенбі қандай күн?

Бәріне сәттілік тілеу:

-Балалар,күндерің сәтті өтсін!

Негізгі бөлім

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізжемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.-Қане,күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы? Олай болса,себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып,оның атауын айтып,түсін,пішінін айтып әнгімелеу.Мысалы,мынау алма,оның түсі қып-қызыл,пішіні дөп-дөңгелек,дәмі тәп-тәтті т.б

Ересек топ:Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Мақсаты:балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін,оларды ажырата білуге баулу.Саусақ моторикасын дамыту.

Ортанғы топ: Дидактикалық ойын:«Бақшада ма бақта ма»

-Жемістер қайда өседі?

-Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату).

Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.

Муляжына қарап,оны атайды,түсін, пішінін атайды)

Өздері таңдаған жемістері мен көкөністері туралы әнгімелейді.

Берілген жемістер мен көкөністерді өз орнына орналастыруға әрекет жасайды.

-Жемістер бақтағы ағаштарда өседі.

-Көкөністер бақшада,жерде өседі.

Сергіту жаттығуы: «Шие»

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.


Қортынды

Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Еңбек-адамның екінші анасы.

Оқу іс-әрекетін қортындылап,балаларды мақтап,мадақтау.

Балалар педагогтің соңынан қайталайды


+

-












































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:25.09.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Кеш түскен күз

Мақсаты:Ортанғы топ: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы білімді жүйелеу

Ересек топ: Кеш түскен күздің әдеттегі ерекшеліктерімен балаларды таныстыру; Табиғаттағы өзгерістерге қызығушылықты қалыптастыру

Міндеттері:Ортанғы: Қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншілікке, білімқұмарлыққа тәрбиелеу

Ересек топ: Қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншілікке, білімқұмарлыққа тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: Күз-осень,ағаштар-деревья,жемістер-фрукты.

Полингвальді компонент: Күз-осень-autumn,ағаштар-деревья-trees,жемістер-фрукты-fruit.

Көрнекі құралдар: Күз мезгілінің суреттері, бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап

Кіріспе

Шаттық шеңбер.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Балаларға сыйлайық.


Негізгі бөлім

Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз неше айдан тұрады?

- Күзді неге «жомарт күз »деп атайды?

Ересек топ:Ойын : «Табиғат мейірімді ».

Шарты: Сөйлемді бастап беру. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

Ортанғы топ:Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Шарты: Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу. (Алма,алмұрт,шие) ағаштары

-Жер-Ана мейірімді ,өйткені ол ......( көкөністер мен жемістерді өсіреді).

-Күн мейірімді ,өйткені ол ......( жарығын, жылуын береді).

Жомарт күз.

Жемісі мол теретін ,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Күз айында жемістер мен көкөністер піседі.Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.

-Жемістер мен көкөністерді ата.

Сергіту сәті:( баяу музыка орындалады)

Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды,жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі.Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады.Тук,тук,тук (дыбыс шығару).Күн жарқырап шықты , біз қуанамыз!

Жұмбақ шешу

Жауып жаңбыр ,жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы ,бөбектерім ,

Бұл қай кезде болады?

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Қортынды

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз »деп айтылады.Балалар мектепке барады.Жиын-терін болады.

+

-















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:02.10.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Күздегі адамдардың еңбегі

Мақсаты:Ортанғы топ: Балалардың түсінігін қалыптастыру

Ересек топ: Күздегі,адамдардың еңбегі туралы білімді қалыптастыру

Міндеттері:Ортанғы: Күздегі үлкендердің еңбегі туралы білімдерін жүйелендіру: өнімді жинау, қысқыға азық – түліктерді дайындау, тұрғын үйді жылыту.

Ересек топ: Еңбектің ауысу себебін орнатуды үйрету, жаздағы адамдардың еңбегімен оларды салыстыру, еңбектің маңызы мен бағыты туралы тұжырым жасау

Билингвальді компонент: шеңбер – круг, алақан – ладонь, жүрек – сердце.

Полингвальді компонент: шеңбер – круг-a circle, алақан – ладонь-palm, жүрек – сердце-a heart.

Көрнекі құралдар: күзгі бақтағы еңбек бейнеленген сурет, бағбан ата, сары жапырақ.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сөздік жұмыс, жұмбақ, мақал – мәтелдер. Сергіту сәті

Кіріспе

Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жиналған жылы шуақты,
Көршімізге сыйлайық. Шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге айтады.

Негізгі бөлім

Алақандарының жылуын көрішісіне қаратып үрлейді.
Ұйымдастыру, іздестіру Күзгі баққа серуен» тыныштық сәті
-Балалар, біз неге «Жомарт күз» немесе «Алтын күз» дейміз?
Ендеше тыныштық сақтап «1, 2, 3» дегенде көзді жұмып, күзгі баққа қиялмен сереуендеп қайтайық.
«Жапырақтарынан айырылған ағаштар сыңсығандай. Аяқ асты жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет! Сап – сары кілемге оранып тұрғандай. «1, 2, 3» көзді аштық, бақшамызға оралдық».
-Біз нені елестеттік?
Елімізге келіпті ғой Алтын күз,
Жомарт күзді бақыладық бәріміз.
Кім табады, кім табады?
Қандай екен Алтын күз?

Ортанғы топ:
Суретпен жұмыс
Бау – бақшадағы күзгі еңбек бейнеленген суретті көрсетіп, сұрақтар қояды. Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.

Билингвальді компонент: шеңбер – круг, алақан – ладонь, жүрек – сердце.

Полингвальді компонент: шеңбер – круг-a circle, алақан – ладонь-palm, жүрек – сердце-a heart.

Сергіту сәті
«Саусақ» ойыны
Ал, балалар, тұрыңдар,
Өнімдерді жинаңдар.
Мына қатар шалқан,
Сына қатар қызылша,
Мына жерде сәбіздер.
Түгел жинап алдық біз,
Мол өнімді, Алтын күз.
Саусағымыз талса да,
Жинап алдық бәрін біз.

Ересек топ:
«Нан дастарқанға қалай келеді?»
Тірек сызба арқылы көрсетіп – түсіндіріп, балалар жауаптарын тыңдайды, толықтырады.

Күз мезгілі туралы тақпақтар, мақал – мәтелдер.
«Естіп алақаныңды соқ» дидактикалық ойыны.

Қортынды

Сұрақтар қойып, балаларды мадақтау. Өлең сөздерін балалар қайталап айтады.
Сұрақтарға жауап береді.

+

-































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:09.10.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Тірі, өлі табиғат

Мақсаты:Ортанғы топ: Сурет бойынша көшедегі тірі,өлі табиғатты әңгімелеу

Ересек топ: «Тірі және өлі табиғат» түсінікті қалыптастыру.

Міндеттері:Ортанғы: «Тірі» және «Өлі» табиғат түсінігімен балаларды таныстыру, олардың арасындағы өзара байланыс.

Ересек топ: Адамның қолымен жасалған заттардан, өлі табиғат заттарын ажыратуды үйрету

Билингвальді компонент: Тірі табиғат-живая природа,өлі табиғат-неживая природа.

Полингвальді компонент: Тірі табиғат-живая природа-live nature,өлі табиғат-неживая природа-inanimate nature.

Көрнекі құралдар:Суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ.

Кіріспе

Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар : Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

- Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық

- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

- Көктемнің  қандай айы?

- Балалар көктем  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Негізгі бөлім

-  Қай мезгіл?

Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не?
- Ағаш, дала, су, аспан, гүл
- Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
(Суреттер көрсетіледі)
Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.


Қортынды

- Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік?

Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік?

- Ал,көркем әдебиет орталығында қандай ертегімен таныстық?                                                  

- Есеп орталығында не жасадық?                  

Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма?

+

-







































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:16.10.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Саябаққа серуендеу 

Мақсаты:Ортанғы топ: Саябақтағы қауіпсіздік ережелері жайлы әңгімелеу

Ересек топ: Табиғат аясындағы қауіпсіздік жайлы айту.

Міндеттері:Ортанғы: Тұжырым, талдау жасауды үйрету. Қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын көрсету,

Ересек топ: Адамдардың киімінде, өсімдіктер әлеміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауына балаларға түрткі болу.

Билингвальді компонент: Бақ-сад,фрукты-жемістер,серуен-прогулка.

Полингвальді компонент: Бақ-сад-garden,фрукты-жемістер-fruit,серуен-прогулка-walk.

Көрнекі құралдар:Суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ.

Кіріспе

Ай, жапырақ, сары алтын,

айналамның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді

Сары алтын күз келді!

  • Балалар, күз мезгілі сендерге ұнай ма?

Бәріміз күзгі баққа серуенге барайық

Негізгі бөлім

– Күзгі баққа да келдік! Бақ іші қандай тамаша! Сары түске боялыпты!

Жұмбақ шешіңдерші.

Көктемде ақ гүл оранады,
Күзде қолға доп оралады
(алма)

Бұл не? Күзде піскен алмаларды жинап алайық, көңілді әуенмен би билейік (қимылдарын қайталатқызады.

Күз мезгілінде бақтардың әдемілігіне қызыққаң танымал суретшілердің салған туындыларын тамашалайық. (Слайд көрсетіледі).
Ересек топ: «Алма беріп ойнайық».

Ойын шартын, мәтінін алдын ала түсіндіріп үйретеді. Алма қолданылады.

Кәне, балалар, тұрайық

Алма беріп ойнайық.

Қортынды

Балалар, сендерге күзгі бақ ұнады ма?

Қандай ұлттық өнер түрімен таныстық және тыңдадық?

Үйренген жаңа әніміз қалай аталады?

+

-






















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:23.10.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Баубақшада не өседі?

 Мақсаты:Ортанғы топ: Көкөністер мен жемістер туралы балалардың түсінігін бекіту.

Ересек топ: Көкөністер мен жемістер туралы балалардың білімін бекіту

Міндеттері:Ортанғы: Атауы, формасы, түсі, дәмі, иісі, қаттылығы (жұмсақтығы); сөйлеу мәнерін, сенсорлық қабілетін дамыту.

Ересек топ: Табиғатқа деген ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу

Билингвальді компонент: Көкеністер-овощи,жемістер-фрукты,

Полингвальді компонент: Көкеністер-овощи-vegetables,жемістер-фрукты-fruit

Көрнекі құралдар:Суреттер жемістер мен көкөністер муляждары.,

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жұмбақ.

Кіріспе

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Ал бүгін аптаның қай күні?

-Сәрсенбі қандай күн?

Бәріне сәттілік тілеу:

-Балалар,күндерің сәтті өтсін!

Негізгі бөлім

-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізжемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.

-Қане,күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?

Олай болса,себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып,оның атауын айтып,түсін,пішінін айтып әнгімелеу.Мысалы,мынау алма,оның түсі қып-қызыл,пішіні дөп-дөңгелек,дәмі тәп-тәтті т.б.

Ересек топ:Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»

Мақсаты:балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін,оларды ажырата білуге баулу.Саусақ моторикасын дамыту.

Шарты: сөйлеуді дамыту дәптеріменорындалады.

Ортанғы топ:Тапсырма:жемістер мен көкөністерді атап,олар қайда өсетінін анықтап,ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастыру.

-Жемістер қайда өседі?

-Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату).

Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.

Муляжына қарап,оны атайды,түсін, пішінін атайды)

Сергіту жаттығуы: «Шие»

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Қортынды

-Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?Еңбек-адамның екінші анасы.Оқу іс-әрекетін қортындылап,балаларды мақтап,мадақтау.Балалар педагогтің соңынан қайталайды

+

-




















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:30.10.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Адам – табиғаттың бөлігі

 Мақсаты:Ортанғы топ: Адамның  табиғаттың  ажырамас  бөлігі  екендігі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру

Ересек топ: Табиғаттың адаммен үзіліссіз байланысы туралы түсінікті қалыптастыру

Міндеттері:Ортанғы: Дені сау болу ықыласына және ұқыптылыққа, тазалыққа балаларды тәрбиелеу.

Ересек топ: Табиғат пен адамның өзара байланысын көрсету (адам және табиғат – біртұтас бүтін), балалардың сөйлеу мәнерін жетілдіру; қиялын дамыту.

Билингвальді компонент: Адам-челавек,табиғат-природа.

Полингвальді компонент: Адам-челавек-human,табиғат-природа-nature

Көрнекі құралдар: Табиғат  туралы  сюжетті   картина, мақта, «Сезім  мүшелері»  туралы  ойын,

Әдіс-тәсілдері: жұмбақ, әңгімелеу,  түсіндіру, көрсету

Кіріспе

Біз  бүгін   адам  туралы  айтатын   боламыз. Адам   мен   табиғат  - біртұтас   дүние.  Ал   адам  өмір    сүруі,    тіршілік  етуі  үшін,  жұмыс   істеуі,  қозғалуы  үшін  не  керек?-Айналадағы  дүниені    танып  -білуге  адамның    қандай    сезім  мүшелері  көмектеседі?Құлақ,  мұрын, тіс  т.б.  сезім   мүшелері  туралы  жұмбақтар  жасыру. 

Негізгі бөлім

-Көз- адамның   негізгі    көмекшісі  болып    табылады.  Ол    қандай    қызмет   атқарады?

-Көз  туралы  не   айтуға    болады?

Көздің    түсі  қандай? Көзді   қалай   күту  керек?

Көзге  арналған   гимнастика.

-Көзіңді    қатты  жұм  да,қайтадан    аш. 3-4 рет   қайтала.

-Саусақтың    ұшымен   қабағыңды  1  минут    шамасында  сипа.

- Көзді  айналдыра  қозға:  солға- жоғары  -оңға- төмен. 10 рет  қайтала.

-Қолдарыңды  алдыға  соз.  Саусағының    ұшын   жайлап    мұрныңа    қарай   жақындат.  Содан  соң  қайтадан   жайлап  алдыға  соз.  Осы    қимылды    көзіңді   жүргізіп    бақыла.  5рет   қайтала.

-Терезеден  қара,  ең  алыс    нүктені  тауып,  көзіңді   1 минут    тоқтатып  қара.

Есту   мүшесі.

-Дыбыстарды    естуге   сендерге  не   көмектеседі?

-Құлақты    күту  үшін  не   істеу  керек?

Музыка   қойылады.  Балалар  құлақтарын  мақтамен  тығындайды.

-Не  болғанын   айтыңдар.

-Қандай   қорытынды   айтасыңдар?

-Есту  -адам  үшін    ең  үлкен  байлық.

Біз   күнделікті  тағы    қандай   сезім    мүшесін   күтіп    ұстауымыз   керек  (Күнделікті   таңертең  жуынғанда).

Сезім   мүшелерін   дұрыс   күту,  дұрыс  күтпеуге   берілген   әртүрлі    жағдайлар  бейнеленген  суреттер.

-Сонымен  сезім   мүшелері   арқылы   нені  танып –біледі?

-Табиғатты  қандай   екі  үлкен  әлемге    бөлеміз?

-Адамның  табиғатпен  қандай   байланысы  бар?

(Табиғатта   демалып,  жануарлардың,  өсімдіктердің  тіршілігін  бақылап  жүрген   адамдар  бейнеленген   суреттер).

-Адамды  неге  табиғаттың   патшасы  деп  атайды?

-Дұрыс  айтасыңдар. Адам –табиғаттың  бір  бөлігі. Сондықтан    ол   табиғатқа   қамқор    болуға    міндетті.

Ол  бәрін   табиғаттан  үйренеді.

Дәптермен  жұмыс. Жеке  жұмыс  жүргізіледі.      

Қортынды

«Табиғатта  не  маңызды?»  ойыны

+

-





































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Күні:06.11.2017

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Жаратылыстану

Тақырыбы: Жидектер мен саңырауқұлақтар

Мақсаты:Ортанғы топ: Сурет бойынша әңгімелеу.

Ересек топ: Орман саңырауқұлақтары мен жидектерді тани білуде балалардың ептілігін қалыптастыру

Міндеттері:Ортанғы: Жидектер және саңырауқұлақпен балаларды таныстыру (қалай көрінеді, қайда өседі, олардың қасиеті қандай). Олардың өсуі үшін қажетті, жағдайды нақтылау.

Ересек топ: Табиғаттан шыққан (жидектер) дәрумендер туралы балалардың білімін бекіту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: жидектер-ягоды,саңырауқұлақ-гриб.

Полингвальді компонент: жидектер-ягоды-berries,саңырауқұлақ-гриб-mushroom.

Көрнекі құралдар: Саңырауқұлақтар мен жидектер суреттері,

Әдіс-тәсілдері: жұмбақ, әңгімелеу,  түсіндіру, көрсету

I.Кіріспе

Ағаш, бұта, жасыл шөп,

Жайқалып өскен гүлдер көп,

Рахмет саған, қайырымды жер.

Бізге берген таза ауа көлеңкені,

Жапырақ жидек пен жемістер,

Рахмет саған, ғажайып өсімдіктер.

Жапырақты жұлмаймыз,

Бұтақты біз сындырмаймыз.

Су құямыз қараймыз,

Аялаймыз, қорғаймыз.

II.Негізгі бөлім

Балалар, бүгін біз жеуге жарамды және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар мен жидектер туралы әңгімелейміз. (суреттерін көрсетіп, түр-түсі туралы балаларға сұрақ бере отырып таныстырады). Саңырауқұлақтар жазық далада, ағаштардың түбінде өседі. Жидектер бұталарда, ағаштың түбінде өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардан әр түрлі тамақ жасауға болады. Жидектерден тосап, шырын жасауға болады. Сонымен бірге саңырауқұлақтар мен жидектердің арасында жеуге жарамсыздары да болады, яғни олардан сақтануымыз керек. Біздің танысатын саңырауқұлақтар мен жидектер Маңғыстау даласында өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар- қозықұйрық, түлкішек. Оларды тағам жасағанда қолданалады, себебі дәрументерге өте бай. Сонымен қоса олардан әр түрлі емдік дәрілер жасайды. Маңғыстауда кездеседі. Ал, жеуге жарамсыз-шыбын жұт. Ол өте улы. Бойында шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндіктерді өлтіретін қасиеті бар. Байқаңдар балалар ол улы және жеуге жарамсыз. Жеуге жарамды жидектер-итмұрын, тұт. Біздің қалада да бұл жидектер өседі. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Тұттың жемісінен сусын, шырын алуға болады.

Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақтар мен жидектер»

Шарты: Саңырауқұлақтар мен жидектерді ажырату, топтастыру.

Сергіту сәті:

Әне, аюдың апаны,

Жатыр онда дәу аю.

Жайлап басып барайық,

Саңырауқұлақ, жидекті,

Білдіртпей біз алайық.

Ұйықтап жатқан аюды,

Оятып біз алмайық.

Саусақ ойыны:

«Саңырауқұлақтар»

Шынашығым орманға бар!

Шылдыр шүмек, саңырауқұлақты тап!

Ортан терек, тазалап ал!

Балаң үйрек, қуыра сал!

Бес бармағым, барлығын жеп!

Өсіп қапсың толып

III.Қортынды

Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды

+

-




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жолда жүру ережесі"

Автор: Абишева Слушаш Бекеновна

Дата: 18.03.2018

Номер свидетельства: 462464

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Жолда жүру ережесін сақтайық!"
    ["seo_title"] => string(35) "zholda_zhuru_ieriezhiesin_sak_taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "348195"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476161098"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Жолда жүру ережесін білеміз бе?" 1а"
    ["seo_title"] => string(36) "zholda_zhuru_erezhesin_bilemiz_be_1a"
    ["file_id"] => string(6) "479378"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1538408616"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Жолда ж?ру ережесін са?таймыз! "
    ["seo_title"] => string(36) "zholda-zhuru-ieriezhiesin-sak-taimyz"
    ["file_id"] => string(6) "158287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421725847"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Тәрбие сағаты Жолда жүру ережесі."
    ["seo_title"] => string(40) "t_rbiie_sag_aty_zholda_zhuru_ieriezhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "431964"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1507745557"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "жолда ж?ру ережесін есте са?тайы? "
    ["seo_title"] => string(42) "zholda-zhuru-ieriezhiesin-iestie-sak-taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "204622"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429700759"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства