Просмотр содержимого документа
«"Жолда жүру ережесі."»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:04.09.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Балабақша аумағы бойынша серуендеу
Мақсаты:Ортанғы топ: Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінікті қалыптастыру
Ересек топ: Қоршаған әлемнің әсемдігімен байланысты білімқұмарлыққа, әуестікке, мейірімді сезімге және ұқыпты қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Міндеттері:Ортанғы: Ауа – райында, табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға балаларды үйрету.
Ересек топ: Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атау және ажырату, бақылау жүргізуді балаларға үйрету. Табиғатты күнтізбелік бақылауды жүргізу бойынша дағдыларды жетілдіру.
Билингвальді компонент:Ауа-райы-погода,балабақша-детский сад,
Шаттық шеңбері: Бала бала баламыз Бақшамызға барамыз Күні бойы қызыққа Батамызда қаламыз Бір шаңырақ астында Әңгімелесу: Бүгін біз «Сүйікті балабақшамыз» туралы әңгімелейтін боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер сәби болып келдіңдер, ересек болып кетесіңдер. Балабақша сендерге білім береді, тәрбиелейді. Әдептілікке, достыққа, ұйымшылдыққа үйретеді.Бірге сайран құрамыз.
Негізгі бөлім
Ересек топ:«Иә ма, жоқ па?» ( ойланайық, пікірлесейік ) Кел бәріміз ойланып, Иә ма, жоқ па? Ойналық Мен бастайын ойынды Түрлі сұрақ қоюды.
Бұл кімнің суреті? Ол кісінің қызметі қандай?
Мынау кімнің суреті? Аспазшы апайдың қызметі қандай?
Ал бұл кім? Бұл апай не істейді?
Мынау кім? Қандай қызмет атқарады?
Мынау кім апай?
Мынау суреттегі кім? Ол кісінің қызметі не?
Сендер балабақшаға сәби болып келгеннен, ересек болып мектепке кеткенше, осы апайлар қызмет етеді.Олай болса мынадай дәйексөз үйренейік.
Ортанғы топ:Дидактикалық ойын: «Балабақшада саған не ұнайды?
Күн режимі бойынша, балабақшада не ұнайтындары сұралады
Сергіту сәті:
Балабақша есігін Үшке толып ашқанбыз Мәпелейді бақшамыз Бұл екінші үйіміз Бір туғанбыз бәріміз Біз осы үйдің гүліміз Біз осы үйдің сәніміз.
Қортынды
Бүгін біз не туралы әңгімеледік? -Балабақша аты қалай аталады? -Кімнің үйіндегі тосын сәтті көрдік? -Балабақшада кімдер қызмет етеді? -Қандай дәйексөз үйрендік?
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:11.09.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты:Ортанғы топ: Күзге тән белгілер туралы балалардың түсінігін кеңейту
Ересек топ: Табиғатты бақылау нәтижесін белгілеу және табиғат күнтізбесіндегі ауа – райының жағдайын қадағалауды (күн сәлесі, жаңбыр, тұман) балаларға үйрету.
Міндеттері:Ортанғы: Адамдардың киімдерінде, өсімдіктер әлемінде, ауа – райында, табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға балаларды үйрету.
Ересек топ: Күзгі табиғат құбылыстары туралы білімді бекіту.
Билингвальді компонент: алтын күз-золотая осень, ерте күз-ранняя осень, қара күз-поздняя осень.
Полингвальді компонент: алтын күз-золотая осень-golden autumn, ерте күз-ранняя осень- early autumn, қара күз-поздняя осень- lare fall
Көрнекі құралдар:: жыл мезгілінің суреттері
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап
Кіріспе
Шаттық шеңбер
Негізгі бөлім
Балалардың назарын даладағы көрініске аударып, сұрақтар қойылады. - Қазір қай мезгіл? - Күз екенін қайдан білдіңдер? - Күз мезгілінде неше ай бар? - Тәрбиеші күздің үш кезеңге бөлінетінін айтып түсіндіреді. Ерте күз, алтын күз, қара күз Ерте күз – күздің басталуы. Ересек топ:Ал алтын күз деп неге айтамыз?
Ортанғы топ:Қара күз деп атайтын себебі: ағаштардағы жапырақтың бәрі түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды. Тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды, толықтырады. - Егер күзде күн ашық болса қандай сөздерді қолдануға болады? - Ал, егер күн бұлтты болса қандай сөздерді қолданамыз? Тәрбиеші М.Жылқайдаровтың «Күз» деген өлеңін оқып береді. - Бұл өлеңнің авторы кім? - Өлеңде ақын жылдың қай мезгілін суреттеген? - Алтын күз қамбаға нелерді толтырды? Сергіту сәті: «Алтын күз» әнімен жасалады - Тәрбиеші «күз» өлеңін 2 рет оқиды. - Балалар түсінгендерін айтып береді Ересек топ:Ойын: «Ненің жапырағы» Балалардың жауабы - Жапырақ - Күз мезгілі Үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша - Жапырақтың бәрі сарғайып, алтындай сары күйге енеді Сондықтан «алтын күз» - балалар жинаған жапырақтарын ажыратады (түсін, пішінін) айтады Неге бұл жыл мезгілін «алтын күз» деп атайды? - Алтын күзде балалар неге партаға отырады?
-Балалар сұраққа жауап береді
Қортынды
Суретпен жұмыс: «Күз туралы» Суретке балалар ат қояды. - Екі үш бала суретке қарап, неге алтын күз, ерте күз, қара күз деп аталғанын әңгімелейді.Балалар толық жауап береді
Балалардың жауабы - аспан ашық, мөлдір, көгілдір, тап-таза - күн түнеріп тұр, аспанды сұр бұлт қаптаған, суық жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Балалардың жауабы - Алма, өрікті қамбаға толтырды.
-Балалар сұраққа толық жауап береді
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:18.09.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшада ма әлде баубақшада ма
Мақсаты:Ортанғы топ: Көкөністер мен жемістер туралы балалардың түсінігін қалыптастыру
Ересек топ: Ойыншықтар формасы бойынша көкөністер мен жемістерді сипаттауды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:Ортанғы: Көкөністер мен жемістер пісіп жетілгені, күзгі табиғатқа тән ерекшеліктер туралы балалардың түсінігін кеңейту
Ересек топ: Қойылған сұраққа толық және нақты жауап беру, құрдастары мен тәрбиешіні мұқият тындау ептілігіне тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: Жемістер мен көкөністер муляждары
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап
Кіріспе
Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?
-Ал бүгін аптаның қай күні?
-Сәрсенбі қандай күн?
Бәріне сәттілік тілеу:
-Балалар,күндерің сәтті өтсін!
Негізгі бөлім
-Балалар, бүгінгі біздің оқу іс-әрекетімізжемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.-Қане,күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы? Олай болса,себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып,оның атауын айтып,түсін,пішінін айтып әнгімелеу.Мысалы,мынау алма,оның түсі қып-қызыл,пішіні дөп-дөңгелек,дәмі тәп-тәтті т.б
Ересек топ:Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Таза ауаны жұтайық. Жиналған жылы шуақты, Көршімізге сыйлайық. Шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге айтады.
Негізгі бөлім
Алақандарының жылуын көрішісіне қаратып үрлейді. Ұйымдастыру, іздестіру Күзгі баққа серуен» тыныштық сәті -Балалар, біз неге «Жомарт күз» немесе «Алтын күз» дейміз? Ендеше тыныштық сақтап «1, 2, 3» дегенде көзді жұмып, күзгі баққа қиялмен сереуендеп қайтайық. «Жапырақтарынан айырылған ағаштар сыңсығандай. Аяқ асты жапыраққа толы. Ауасы қандай керемет! Сап – сары кілемге оранып тұрғандай. «1, 2, 3» көзді аштық, бақшамызға оралдық». -Біз нені елестеттік? Елімізге келіпті ғой Алтын күз, Жомарт күзді бақыладық бәріміз. Кім табады, кім табады? Қандай екен Алтын күз?
Ортанғы топ: Суретпен жұмыс Бау – бақшадағы күзгі еңбек бейнеленген суретті көрсетіп, сұрақтар қояды. Балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
Сергіту сәті «Саусақ» ойыны Ал, балалар, тұрыңдар, Өнімдерді жинаңдар. Мына қатар шалқан, Сына қатар қызылша, Мына жерде сәбіздер. Түгел жинап алдық біз, Мол өнімді, Алтын күз. Саусағымыз талса да, Жинап алдық бәрін біз.
Ересек топ: «Нан дастарқанға қалай келеді?» Тірек сызба арқылы көрсетіп – түсіндіріп, балалар жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады
Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар : Жүрек
Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.
- Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктемнің қандай айы?
- Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Негізгі бөлім
- Қай мезгіл?
Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не? - Ағаш, дала, су, аспан, гүл - Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады. (Суреттер көрсетіледі) Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.
Қортынды
- Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік?
Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік?
- Ал,көркем әдебиет орталығында қандай ертегімен таныстық?
- Есеп орталығында не жасадық?
Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма?
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:16.10.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Саябаққа серуендеу
Мақсаты:Ортанғы топ: Саябақтағы қауіпсіздік ережелері жайлы әңгімелеу
Ересек топ: Табиғат аясындағы қауіпсіздік жайлы айту.
Міндеттері:Ортанғы: Тұжырым, талдау жасауды үйрету. Қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын көрсету,
Ересек топ: Адамдардың киімінде, өсімдіктер әлеміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауына балаларға түрткі болу.
Олай болса,себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып,оның атауын айтып,түсін,пішінін айтып әнгімелеу.Мысалы,мынау алма,оның түсі қып-қызыл,пішіні дөп-дөңгелек,дәмі тәп-тәтті т.б.
Ересек топ:Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Ортанғы топ:Тапсырма:жемістер мен көкөністерді атап,олар қайда өсетінін анықтап,ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастыру.
-Жемістер қайда өседі?
-Ал көкөністер ше? (егер білмесе қайталату).
Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.
Муляжына қарап,оны атайды,түсін, пішінін атайды)
Сергіту жаттығуы: «Шие»
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Қортынды
-Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?Еңбек-адамның екінші анасы.Оқу іс-әрекетін қортындылап,балаларды мақтап,мадақтау.Балалар педагогтің соңынан қайталайды
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:30.10.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Адам – табиғаттың бөлігі
Мақсаты:Ортанғы топ: Адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру
Ересек топ: Табиғаттың адаммен үзіліссіз байланысы туралы түсінікті қалыптастыру
Міндеттері:Ортанғы: Дені сау болу ықыласына және ұқыптылыққа, тазалыққа балаларды тәрбиелеу.
Ересек топ: Табиғат пен адамның өзара байланысын көрсету (адам және табиғат – біртұтас бүтін), балалардың сөйлеу мәнерін жетілдіру; қиялын дамыту.
Көрнекі құралдар: Табиғат туралы сюжетті картина, мақта, «Сезім мүшелері» туралы ойын,
Әдіс-тәсілдері: жұмбақ, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету
Кіріспе
Біз бүгін адам туралы айтатын боламыз. Адам мен табиғат - біртұтас дүние. Ал адам өмір сүруі, тіршілік етуі үшін, жұмыс істеуі, қозғалуы үшін не керек?-Айналадағы дүниені танып -білуге адамның қандай сезім мүшелері көмектеседі?Құлақ, мұрын, тіс т.б. сезім мүшелері туралы жұмбақтар жасыру.
Негізгі бөлім
-Көз- адамның негізгі көмекшісі болып табылады. Ол қандай қызмет атқарады?
-Көз туралы не айтуға болады?
Көздің түсі қандай? Көзді қалай күту керек?
Көзге арналған гимнастика.
-Көзіңді қатты жұм да,қайтадан аш. 3-4 рет қайтала.
-Саусақтың ұшымен қабағыңды 1 минут шамасында сипа.
- Көзді айналдыра қозға: солға- жоғары -оңға- төмен. 10 рет қайтала.
-Қолдарыңды алдыға соз. Саусағының ұшын жайлап мұрныңа қарай жақындат. Содан соң қайтадан жайлап алдыға соз. Осы қимылды көзіңді жүргізіп бақыла. 5рет қайтала.
-Терезеден қара, ең алыс нүктені тауып, көзіңді 1 минут тоқтатып қара.
Есту мүшесі.
-Дыбыстарды естуге сендерге не көмектеседі?
-Құлақты күту үшін не істеу керек?
Музыка қойылады. Балалар құлақтарын мақтамен тығындайды.
-Не болғанын айтыңдар.
-Қандай қорытынды айтасыңдар?
-Есту -адам үшін ең үлкен байлық.
Біз күнделікті тағы қандай сезім мүшесін күтіп ұстауымыз керек (Күнделікті таңертең жуынғанда).
Сезім мүшелерін дұрыс күту, дұрыс күтпеуге берілген әртүрлі жағдайлар бейнеленген суреттер.
-Сонымен сезім мүшелері арқылы нені танып –біледі?
-Табиғатты қандай екі үлкен әлемге бөлеміз?
-Адамның табиғатпен қандай байланысы бар?
(Табиғатта демалып, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігін бақылап жүрген адамдар бейнеленген суреттер).
-Адамды неге табиғаттың патшасы деп атайды?
-Дұрыс айтасыңдар. Адам –табиғаттың бір бөлігі. Сондықтан ол табиғатқа қамқор болуға міндетті.
Ол бәрін табиғаттан үйренеді.
Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс жүргізіледі.
Қортынды
«Табиғатта не маңызды?» ойыны
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:06.11.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Жидектер мен саңырауқұлақтар
Мақсаты:Ортанғы топ: Сурет бойынша әңгімелеу.
Ересек топ: Орман саңырауқұлақтары мен жидектерді тани білуде балалардың ептілігін қалыптастыру
Міндеттері:Ортанғы: Жидектер және саңырауқұлақпен балаларды таныстыру (қалай көрінеді, қайда өседі, олардың қасиеті қандай). Олардың өсуі үшін қажетті, жағдайды нақтылау.
Ересек топ: Табиғаттан шыққан (жидектер) дәрумендер туралы балалардың білімін бекіту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Саңырауқұлақтар мен жидектер суреттері,
Әдіс-тәсілдері: жұмбақ, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету
I.Кіріспе
Ағаш, бұта, жасыл шөп,
Жайқалып өскен гүлдер көп,
Рахмет саған, қайырымды жер.
Бізге берген таза ауа көлеңкені,
Жапырақ жидек пен жемістер,
Рахмет саған, ғажайып өсімдіктер.
Жапырақты жұлмаймыз,
Бұтақты біз сындырмаймыз.
Су құямыз қараймыз,
Аялаймыз, қорғаймыз.
II.Негізгі бөлім
Балалар, бүгін біз жеуге жарамды және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар мен жидектер туралы әңгімелейміз. (суреттерін көрсетіп, түр-түсі туралы балаларға сұрақ бере отырып таныстырады). Саңырауқұлақтар жазық далада, ағаштардың түбінде өседі. Жидектер бұталарда, ағаштың түбінде өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардан әр түрлі тамақ жасауға болады. Жидектерден тосап, шырын жасауға болады. Сонымен бірге саңырауқұлақтар мен жидектердің арасында жеуге жарамсыздары да болады, яғни олардан сақтануымыз керек. Біздің танысатын саңырауқұлақтар мен жидектер Маңғыстау даласында өседі. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар- қозықұйрық, түлкішек. Оларды тағам жасағанда қолданалады, себебі дәрументерге өте бай. Сонымен қоса олардан әр түрлі емдік дәрілер жасайды. Маңғыстауда кездеседі. Ал, жеуге жарамсыз-шыбын жұт. Ол өте улы. Бойында шыбын, қандала, бүрге сияқты зиянды жәндіктерді өлтіретін қасиеті бар. Байқаңдар балалар ол улы және жеуге жарамсыз. Жеуге жарамды жидектер-итмұрын, тұт. Біздің қалада да бұл жидектер өседі. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Тұттың жемісінен сусын, шырын алуға болады.
Дидактикалық ойын: «Саңырауқұлақтар мен жидектер»
Шарты: Саңырауқұлақтар мен жидектерді ажырату, топтастыру.
Сергіту сәті:
Әне, аюдың апаны,
Жатыр онда дәу аю.
Жайлап басып барайық,
Саңырауқұлақ, жидекті,
Білдіртпей біз алайық.
Ұйықтап жатқан аюды,
Оятып біз алмайық.
Саусақ ойыны:
«Саңырауқұлақтар»
Шынашығым орманға бар!
Шылдыр шүмек, саңырауқұлақты тап!
Ортан терек, тазалап ал!
Балаң үйрек, қуыра сал!
Бес бармағым, барлығын жеп!
Өсіп қапсың толып
III.Қортынды
Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:04.12.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктері
Мақсаты:Ортанғы топ: Аймақтың табиғатына тән, өсімдіктер туралы білімді кеңейту
Ересек топ: Өсімдіктердің өсіп-өнетін орнының әртүрлілігі туралы түсінікті қалыптастыру (дала, шабындық, орман, тау, бақша, баубақша және т.б.).
Міндеттері:Ортанғы: Табиғаттағы өсімдіктер өмірінің әр түрлі жағдайы туралы түсінікті кеңейту.
Ересек топ: Білімқұмарлығын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальді компонент:Гүлдер- цветы,күнбағыс – подсолнух,растение – өсімдіктер.
Әдіс-тәсілдері: жұмбақ, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету
I.Кіріспе
Балалар бір біріміздің көңілімізді көтердік , ал енді айта қойыңдаршы қазір қай жыл мезгілі?
Қыс айларын атаңдар
Қыс айларының ерекшеліктері
Қыс туралы кім өлең тақпақ біледі
Балалар жауабы
-Қыс
(Суретпен жұмыс
Балалар жауабы)
II.Негізгі бөлім
Мен кішкентай балаларға жақсы бір іс жасайын деп едім , қолымнан келмеді, топтарына әдемі, сәнді, таза ауа болсын деп гүл сыйлаған едім. Ол топтың тәрбиешісі маған: Буратино саған көп рахмет сен бұл жасаны гүлдерді қай дүкенен алдың деді. Мен таң қалып тұрмын, неге жасанды, олардың жапырақтары жасыл, сабағы да жасыл, гүлі қызыл.Жоқ мен әкелген гүлдер тірі, тәрбиешіні түсінбедім
Балаларда аяушылық сезім оянады
-Балалар Кірпі бір нәрсені түсінбей тұр екен кәне түсіндірейік.
Гүлдер дегеніміз орысша - цветы
Бұл жасанды гүлдердің тірі гүлдерден қандай айырмашылығы бар?
Жасанды гүлдер не
Тірі гүлдер дегеніміз не?
-Кәне балалар Кірпі тұқым дегеніміз не , ол не үшін керек?
-Кәне ненің тұқымдарын білесіңдер?- Жоқ мен сенбеймін мына кішкене жанғақты қорапқа салып орамалмен жауып, тибиду- тибиду дух – емен өс десем мынандай ағаш өседі ме? Мен сенбеймін.
-Жоқ Кірпі сағн бұл жерде сыйқырлы сөздер көмектеспейді, бұл жерде білім мен еңбек керек кәне менің балаларым саған мына тірек схема арқылы түіндіріп береді
Жасанды гүлдерді біз ойнағанда , үйімізді сәндеу үшін қолданамыз. Ондай гүлдер біздің топтада бар
Тірі гүлдер өседі, олардың тамырлары болады, суғарамыз, өскен сайын өзгереді, тұқымдары шығады, гүлі болады
Тұқым өсімдіктер ді өсіру үшін керек.Мынау асқабақ тұқымы одан асқабақ шығады (Асқабақ суретін көрсету) Т.б
III.Қортынды
Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды
+
-
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы
Күні:08.12.2017
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Жаратылыстану
Тақырыбы:Жабайы жануарлар
Мақсаты:Ортанғы топ: Жабайы жануарлар және олардың төлдері туралы түсініктерін қалыптастыру
Ересек топ: Қазақстанның аумағында мекендейтін, жабайы жануарлар туралы балалардың түсінігін кеңейту.
Міндеттері:Ортанғы: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Ересек топ: Қыстағы өмір сүру тәртібі мен жануарлардың сырт бейнесі ерекшеліктерін сипаттау және ажыратуды үйрету
Билингвальді компонент: Жабайы жануарлар-дикие животные,қоян-заяц,аю-медведь
Полингвальді компонент: Жабайы жануарлар-дикие животные- wild animals,қоян-заяц-hare,аю-медведь-bear.
Көрнекі құралдар: Жануарлардың суреттер,муляж жануарлардың.
Әдіс-тәсілдері: жұмбақ, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету
I.Кіріспе
Күндей жадырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
II.Негізгі бөлім
Мен бүгін балабақшаға келе жатып,сандық тауып алдым.Ол сандықтың ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды сандықтан шығару үшін жұмбақтарды шешуіміз керек.
Жұмбақтар:
-Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал,оның баласын «көжек»дейді.
-Өзі қу,әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
-Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
-Бұтадан-бұтаға секірген, кішкентай ғана шапшаң аң.
Бұларды қалай атаймыз?
Олар қайда тұрады?
Мынау не ?суретін көрсетеді.
Дұрыс айтасыңдар,мен сендерге бұғының мүйізінің пайдасы туралы айтқым келіп отыр.
Бұғының мүйізінен көп ауруға ем, дәрі-дәрмектер жасайды. Одан жасаған дәрілер жүрек,қан тамырлары ауруларына,қан азайғанда өте пайдалы екен.Бүғының пайдасын біліп жүрейік.