Просмотр содержимого документа
«Жолда жүру ережесі»
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»
Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Сабағымызды жұмбақпен бастайық Аяғы бар жүрмейді, Аузы жоқ сөйлейді.
Балалар шешуін табады. Шешуі: «Бағдаршам»
Міне, көшеден бізге кім қонаққа келіпті? Бағдаршам. Қатты қытырма қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті. Бағдаршамның қызметі қандай?
Жол тәртібін реттеуші.
Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?
Ойын бағдаршам құрайық. Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба.
Мұғалім: Балалар жүргіншілер мынадай сұрақ қойыпты.
Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
Жиек жолмен жүреміз.
Жиек жол болмағанда ше?
Жер асты жолымен.
Жолдың қай жағымен жүру керек?
Оң қол жақпен жүреміз
Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
Аялдамадан отырамыз.
Өте жақсы, балалар, бағдаршамның берген сұрақтарына өте жақсы жауап бердіңдер. Енді көлік жүргізушілерге мынадай сұрақтар әкеліпті.
Балалар, сендерге қай жастан бастап велосипедпен жүруге рұқсат етіледі?
Он төрт жасқа толғанда.
Сендер бағдаршам әкелген барлық сұрақтарға түгел жауап бердіңдер.
«Жас жолаушылар жыры» әні орындалады.
Сапар шексек сіз бен біз, Сан көлікке мінеміз. Троллейбус, трамвай, Автобусбен жүреміз.
Қайырмасы:
Көлік, көлік, көлік, Көліктерге мінеміз. Көшелермен, көшелермен, Күнде тынбай жүреміз.
Тәртіп бұзсақ абайсыз, Жағдай туар қолайсыз. МАИ қызметкерлерінен. Сан кешірім сұраймыз.
Қайырмасы:
Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтағанда қатерден, Сау-саламат жүреміз.
Балалар бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда кімдерге өтуге рұқсат етілген?