kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол жүру ережесіне арналған іс-шара :Тақырыбы:"Менің сүйікті көлігім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларға жол және көше тәртібі жөнінде білім беру.Көшенің оң жағы,сол жағы, оңға бұрылу, солға бұрылу, тротуар,(жолаушылар жүретін жол) туралы ұғымдарын кеңейту.Көшеде жүру ережесін бекіту.Көшеде жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам суреті, аю мен қонжықтың маскасы, ойыншық көлік рөлі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол жүру ережесіне арналған іс-шара :Тақырыбы:"Менің сүйікті көлігім"»

«Менің сүйікті көлігім» іс-шара



Мақсаты: Балаларға жол және көше тәртібі жөнінде білім беру.Көшенің оң жағы ,сол жағы, оңға бұрылу, солға бұрылу, тротуар,(жолаушылар жүретін жол) туралы ұғымдарын кеңейту.Көшеде жүру ережесін бекіту.Көшеде жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам суреті, аю мен қонжықтың маскасы, ойыншық көлік рөлі.

Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз қазір орманға саяхатқа барамыз.Жол қашық сондықтан,көлікпен баруымыз керек.Мен жұмбақ айтам,соның шешуін тапсаңдар,біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді . (автобус)


Тәрбиеші:Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері кездеседі. (Кеуделеріне белгі ілген5 бала ортаға шығады:бағдаршам,ескерту,тыйым,анықтама,көрсеткіш белгілері, 1 жүргізуші)

Бағдаршам:Менің атым- бағдаршам

Бар әдемі үш көзім,

Алдамаймын,аңғарсаң,

Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде

Үшбұрыш боп тұрамын

Қателеспес үшін де,

Көз сал маған,шырағым!

Құрар үйде сауықты,

Жолдан аман келсе адам-

Жолда күткен қауыпты

Ескертемін мен оған.

Тыйым салу Болмау үшін қиын күн,

белгісі: Қажеті бар тыйымның.

Қызыл шеңбер ішінен

«Болмайды!» деп бұйырдым.

Тұрады әркез сапта аман-

Сол тыйымды сақтаған.

Тыйым көрсең,тұра қал-

Әрі қарай аттама!

Анықтама Түнде,күндіз,кеште де

белгісі: Жөн сілтеймін жолға сай-

Аңғармайсың ештеңе

Анықтама болмаса.

Ой-шұңқырды алдағы,

Қалай өту керегін,

Жылдамдықты,ал, кәні

Анық айтып берейін!

Көрсеткіш Жол созылмақ қаншаға,

белгісі: Қайда асхана,монша бар,

Қонақүйбар қай жерде,

Қайда музей,қай көрме...-

Көрсетемін саған дәл,

Не көрсетсем,соған бар!

Жүргізуші Санжар:Шофер біткен бүгінде.

Жол тәртібін біледі

Бағдаршамның түбінде

Ережемен жүреді.

Тәрбиеші:Ал балалар,қане атобусқа жайғасайық.Ал қозғалдық.Сәт сапар!Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Жүргізушіге сөйлеп алаңдатпаймыз.

Тәрбиеші: Біз ұзақ жүрдік. Балалар жүргізуші неғып жүрісін баяулатты? «Абайла!» деген белгі таққан бала жолдың шетіне тұра қалады.

Аяла:Бұл жерде «Абайла!» деген белгі тұр.

Тәрбиеші:Ол белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?

Еркеназ: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі.

Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі мүмкін.

Тәрбиеші: Ондай белгіні қалада қай жерлерден көруге болады.

Алинұр: Мектептердің жанындағы көшеде балалардың суреті салынған белгі тұрады.

Тәрбиеші:Ендеше «Жануарлар » деген ескерту белгісі тұрса,біз орманға да келіпқалған болдық қой.Әне, қараңдар! Аю мен Қонжық кетіп бара жатыр.


Көрініс «Аю мен Қонжық»

Аю: Қонжығым, жолдан өтереде әуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау керек.Әйтпесе,машина басып кетеді.

Қонжық:-Жоқ, мен оңға да, солға қарамаймын. Мен тек жолдан өткенде тура бағдаршамға қараймын.

Аю: -Ақымағым-ау,ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін?Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Тәрбиеші:-Біз тоқтап,Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжықсен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Алинұр:Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын.Жолдың ортасын келгесін,оң жаққа қараймыз.Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.

Қонжық: Рахмет,енді түсіндім.

Аю: Балалар,қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет!

Жолдарың болсын!

Тәрбиеші:-Ал біз әрі қарай кеттік жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап,айналамызға назар аударайық.Қараңдаршы,орман іші қандай әдемі.

Айсәуле: Қараңдар тағы бір белгі көрінді.

Тәрбиеші: Белгіде ненің суреті көрсетілген?

Нұрай: Ыдыс-аяқтың суреті бар белгі.

Тәрбиеші:Балалар,бұл жақын жерде асхана бар деген белгі. Онда асханада қандай тамақ бар екенін білу үшін бірнеше жұмбақты жасырайын:

Үсті тас,асты тас,

Ортасында піскен ас. (нан)


Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті-ақ (қант)


Айдалада ақ отау,

Аузы,мұрны жоқ отау,

Отыз күнде сол отау,

Айдалада жоқ отау. (жұмыртқа)


Сылдыр сүйық,су емес,

Ішсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? (сүт)


Тәрбиеші: Балалар,енді балабақшаға ораламыз.Қане автобусқа отырайық. Жолды қысқарту үшін ән айтайық.

Ән: «Бағдаршам»

Тәрбиеші:«Байқа!, Балалар!»белгісі көрінеді. -Мынау-не белгі,балалар?

Балалар:Бұл «байқа,бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.

Тәрбиеші: міне,біз бақшаға да келіп қалдық.Саяхат ұнады ма,сендерге?бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.

Шуақты өміріміз кундей күліп,

Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт,

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.


-Балалар біз келесі ұйымдастырылған оқу қызметімізде бағдаршамды құрастырамыз, бағдаршамның суретін саламыз және жол ережесіне байланысты мульсериал көреміз.

Сендер үлкен азамат болып өскенде барлықтарыңда сүйікті көліктерің болады. Сол кезде жол ережесін бұзбайтын ұқыпты жүргізуші болуға тырысыңдар.Жол ережесі бұзылғанда көптеген зиян келеді.

Жолда жүргенде өте абай болыңдар. Жол ережелерін сақтап жүріңдер.

Аман болайық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жол жүру ережесіне арналған іс-шара :Тақырыбы:"Менің сүйікті көлігім"

Автор: Нуржанова Мейрамгул Женисовна

Дата: 06.11.2017

Номер свидетельства: 437055


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства