Я Карабалина Мереке родилась 1972год. Сейчас работаю воспитательницый садике №3 Ер Т?стік. Я люблю играть с детьми. Мне приятно с ними общаться, беседовать, играть разные игры. Например: кошки мышки, день и ночь. Я сейчас воспитательница в среднем группе. Живу в Мангишлаке. Родилась в Апорнем. Мне 43 года. Не замужем.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жол т?ртібін са?таймыз»
Жол тәртібін сақтаймыз!
Мақсаты: Балаларды жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету. Жол жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: Бағдаршам, сызылған жол жолақтары, жол белгілері.
Кіріспе
Тәрбиеші: Сақтыққа тура алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Іс шарамыз басталсын сәлемменен
Бала біздің болашағымыз. Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап, аман – есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен, ата – ананың, тәрбиешілер қауымының төл міндеті. Олай болса балаларға жол ережелерін және жолдағы қауіпті факторларды ескертпекпіз.
1. жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
2. егер жолдан өтуге үлгермесең орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта. Бағдаршамның жасыл түсін жануын күт.
3. жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
4. жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өт
5. келе жатқан машина алдында жолды кесе жүгірме.
Ал қанекей, үйренейік бізде жүру тәртібін. Ережені жақсы білер бар кім? Кім айтады, жол белгісі неше түрден тұрады. ( ртаға жол белгісін ұстаған балалар шығады)
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға,
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Жүре бергін жасқанба!
Сақтандыру белгісі: (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)
Қып – қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған
Тыйым салу белгісі: (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)
Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қаупі бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа
Міндеттеу белгісі (көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда
Абай бол шартыңды міндетті орында
Нұсқау ( көрсеткіш) белгісі ( көк түсті үшбұрыш)
Баратын жеріңнің бағытын, тұратын
Үн –түнсіз жол айтып, жол нұсқап тұрамын
Күнде де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төрбұрыш шырағым
Жұмбақ
1. Ала тасын ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді ізетпен
Ысқырығы күзеткен (милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды (автобус)
Жүргізуші: Бағдаршам өмірімізді сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, ұғып алу баршамыздың міндетіміз.
1. Қызыл жарық жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда
2. Сары шамы жағылса
Сақ, абай бол барынша
3. Жасыл жарық – жол ашық
Зымырай бер, бел асып.
2 – бөлім. Ойын: Екі жақтан балалар ойыншық машиналарын жүргізіп жаяу жүргіншлерді өткізеді.