Т?рбиеші: Жарайсы?дар, балалар, к?ктем мезгілі келгенде к?нні? к?зі шы?ып, б?ла?ты? суы сылдырлап, ??стар сайрайды екен.
Осы кезде есік ?а?ылады.
Т?рбиеші: Балалар, біреу есік ?а?ып т?р б?л кім екен?
Ішке машина ?стінде отыр?ан аю кіреді.
Аю: Сламатсыздар ма, балалар!
Балалар: Саламатсыз ба, аю.
Аю: Балалар, мен машинамен ?за? жол?а шы?ып едім, енді ба?даршамны? ?ай к?зі жан?анда ж?руге болатынын білмей т?рмын.Сіздер ма?ан соны айтып жібересі?дер ме, екен.
Т?рбиеші: Балалар, біз аю?а к?мек береміз бе?
Балалар: И?, к?мектесеміз.
Т?рбиеші: Балалар, алдымен ба?даршамны? ?ызметі туралы айтып берейін. Ба?даршам бізге жол ?иылыстарынан ?туге к?мектеседі. Жаяу ж?ргіншілерді жол апатынан са?тайды. Біз жол ережесін са?тай білуіміз керек. Ба?даршам ?аланы? к?шелерінде жиі кездеседі.
Балалар, ба?даршамны? неше к?зі болады?
Балалар: ?ш к?зі болады.
Т?рбиеші: Д?рыс, ?азір біздер осы ба?даршамны? к?дерін ?з орындарына орналастырайы?. Ол ?шін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-тапсырма:
Ба?даршамны? к?здері ?андай пішінге ??сайды?
Балалар:
Д??гелекке.
2-тапсырма:
Мына белгі нені білдіреді?
Балалар:
Автобусты? то?тайтын орны, аялдама.
3-тапсырма:
Мына белгі нені білдіреді?
Балалар:
Жаяу ж?ргіншілер ?тетін ?тпені білдіреді.
Т?рбиеші: Жарайсы?дар, балалар! Енді аюды? машинасы ба?даршамны? ?ай к?зі жан?анда ж?руге болатынын айтып жіберейік. Менімен бірге ?айтала?дар.
?ызыл к?зін аш?анда,
Ая?ы?ды баспа ал?а!
Сары к?зін аш?анда,
?арап ?алма аспан?а!
Жасыл к?зін аш?анда,
?те бергін жас?анба!
Т?рбиеші: Сонда ?ай к?зі жан?анда ж?руге болады екен?
Балалар: Жасыл к?зі жан?анда ж?ру керек.
Т?рбиеші: Енді аю ?ай к?зі жан?анда ж?ру керек екенін біледі. Олай болса аюмен бірге жолды? ар?ы бетіне, сонан со? бергі бетіне ?тіп к?рейік.
Балалар аюмен бірге жолды? ар?ы бетіне ?теді, сонан кейін бергі бетіне ?теді.
Аю: Рахмет, балалар! Мен енді ары ?арай жолымды жал?астырайын.
Сау болы?ыздар, балалар!
Балалар: Сау болы?ыз. Жолда аман есен ж?рі?із.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жол т?ртібін білейік, аман есен ж?рейік.»
Сабақтың тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік!»
Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен, белгілерімен таныстыру. Бағдаршам көзінің түсін, оның атқаратын қызметін ажыратуға дағдыландыру.
Білім беру салалары: Қоршаған орта, экология негіздері, тіл дамыту, шығармашылық.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгін бізге апайлар келіп отыр. Алдымен апайлармен амандасып алайық.
Шатық шеңбері:
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз сәтті болсын!
Анамыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Тәрбиеші:
Күн, күн сен неге күлімдейсің?
Балалар:
Көктем келді.
Тәрбиеші:
Жаңбыр, жаңбыр сен неге сіркірейсің?(жаңбырдың дыбысы естіледі)
Балалар:
Көктем келді.
Тәрбиеші:
Бұлақ, бұлақ сен неге сылдырайсың?(судың сылдыры естіледі)
Балалар:
Көктем келді.
Тәрбиеші:
Құстар, құстар сендер неге сайрайсыңдар? (құстардың дауысы естіледі)
Балалар:
Көктем келді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, көктем мезгілі келгенде күннің көзі шығып, бұлақтың суы сылдырлап, құстар сайрайды екен.
Осы кезде есік қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, біреу есік қағып тұр бұл кім екен?
Ішке машина үстінде отырған аю кіреді.
Аю: Сламатсыздар ма, балалар!
Балалар: Саламатсыз ба, аю.
Аю: Балалар, мен машинамен ұзақ жолға шығып едім, енді бағдаршамның қай көзі жанғанда жүруге болатынын білмей тұрмын.Сіздер маған соны айтып жібересіңдер ме, екен.
Тәрбиеші: Балалар, біз аюға көмек береміз бе?
Балалар: Иә, көмектесеміз.
Тәрбиеші: Балалар, алдымен бағдаршамның қызметі туралы айтып берейін. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек. Бағдаршам қаланың көшелерінде жиі кездеседі.
Балалар, бағдаршамның неше көзі болады?
Балалар: Үш көзі болады.
Тәрбиеші: Дұрыс, қазір біздер осы бағдаршамның көдерін өз орындарына орналастырайық. Ол үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-тапсырма:
Бағдаршамның көздері қандай пішінге ұқсайды?
Балалар:
Дөңгелекке.
2-тапсырма:
Мына белгі нені білдіреді?
Балалар:
Автобустың тоқтайтын орны, аялдама.
3-тапсырма:
Мына белгі нені білдіреді?
Балалар:
Жаяу жүргіншілер өтетін өтпені білдіреді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Енді аюдың машинасы бағдаршамның қай көзі жанғанда жүруге болатынын айтып жіберейік. Менімен бірге қайталаңдар.
Қызыл көзін ашқанда,
Аяғыңды баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
Тәрбиеші: Сонда қай көзі жанғанда жүруге болады екен?
Балалар: Жасыл көзі жанғанда жүру керек.
Тәрбиеші: Енді аю қай көзі жанғанда жүру керек екенін біледі. Олай болса аюмен бірге жолдың арғы бетіне, сонан соң бергі бетіне өтіп көрейік.
Балалар аюмен бірге жолдың арғы бетіне өтеді, сонан кейін бергі бетіне өтеді.
Аю: Рахмет, балалар! Мен енді ары қарай жолымды жалғастырайын.
Сау болыңыздар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз. Жолда аман есен жүріңіз.
Тәрбиеші: Бүгін біз аюға жолда қалай жүру керектігін, бағдаршамның қызметімен таныстырдық. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп-көп рахмет! Балаларды мақтап, мадақтаймыз. Енді апайлармен қоштасайық.