Балаларға азық түлік заттарын мүсіндеуді үйрету.
Просмотр содержимого документа
«"Әжеме арналған печенье" технологиялық карта»
2- ші кіші топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Технологическая карта 2 мл. группы
Technological card of educational activity for 2 junior group
Өтпелі тақырып : «Деніміз сау болып өсеміз»
Апта тақырыбы: «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»
Тәрбиеші: Воспитатель: Teacher:
Күні : Дата: Data:
Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area:
Шығармашылың. Творчество Creativity Мүсіндеу
Тақырыбы: Тема: Theme: «Әжеме арналған печенье»
Мақсаты: Цель: Aim:
Білімділік : Образовательные цели: Educational: Кейбір азық –түлік тағамдарын ермексаздан шымшу, жұлу, жалпайту, домалату тәсілдерімен мүсіндеуге үйрету.
Дамытушылық: Развивающие: Developmental: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мүсіндеуде саусақ қимыл – қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Воспитательные: Brining-up : балаларды еңбексүйгіштікке, үлкендерге сый- құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Жабдықталуы : Оснащение: Resources: ермексаз жиынтығы, мата сулық, пластик тақтайша, пластмасса тәрелке, күкірті алынған сіріңке талдары, тәрбиеші дайындаған үлгі, дөңгелекше пішінді, түрлі өрнегі бар нағыз печенье.
Сөздік жұмыс : Словарная работа: Vocabulary work : шарды жұмырлап жасау, шарды жаныштау.
Көптілділік: Полиязычие : Multilingualism: әже-бабушка - grandmother, печенье - cookie.
Қызметтер кезеңдері Этапы деятельности Stages of activity
Мұғалімнің қызметі
Действия педагога
Teacher’s activities
Балалардың іс- әрекеті Деятельность детей
Children’s activity
Мотивациялық – қозғаушылық
Мотивационно – побудительный Motivational and incentive stage
Қызыл телпек қонаққа келеді.
Қош келдің, Қызыл телпек.
Қызыл телпек:
- Мен ормандағы әжеме бара жатырмын, сендердің көмектерің керек еді. Менің әжеме арнап дәмді печенье әзірлеп бересіңдер ме?
Тәрбиеші:
- Кәне балалар Қызыл Телпекке көмектесеміз бе?
Тәрбиеші:
- Печеньені әзірлемес бұрын мына суреттерге қарап, оларды атап өтейікші:
- Кәне мынау не?Ал мынау ше?
Көптілділік.
Қызыл телпекпен амандасады.
-балалар қуана келіседі.
-ия
-печенье, тоқаштар
әже-бабушка - grandmother, печенье - cookie.
Ізденушілік –
ұйымдастырушылық
Организационно – поисковый Organizational and exploratory stage
Тәрбиеші тәттілер салынған тәрелкені көрсетеді:
- Қараңдар, мынау сары түсті печенье.Ол шеңбер пішіндес. Әр печеньенің өз суреті бар.
Ал бүгін біздер әжеге тәтті печенье әзірлеп береміз. Тәрбиеші балаларға жұмысты орындау тәсілін көрсетеді.
1. Ермексазды жұмсартамыз («қамыр илейміз»)
2.Жұмыр пішін – шар жасаймыз (алақандарды айналдыра қимылдату арқылы)
3.Шарды алақандарымыздың арасына салып жаныштаймыз, сөйтіп печенье шығарамыз.
4.Енді сіріңкенің көмегімен тесіктер жасаймыз .Әдемі печенье шығады.
Ал енді жұмысқа кіріспес бұрын сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Сөздік жұмыс : шарды жұмырлап жасау,шарды жаныштау.
Тесіктерді кішкентай етіп, ұқыптылықпен мұқият жасаймыз.
Жеке жұмыс. Амирханды, Мансурды ермексазды шымшып жұлуға үйрету.
Тәрелкедегі печеньелерге қарайды.
Мына печеньеде жолақшалар,ал мынада – тесіктер т.б. бар.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап,мүсіндеу жолдарын түсініп алады.
Домалақ пішінді жалпайтады.
Тесіктер жасауға сіріңкені қолдануды ұғынады.
Сергіту сәтін орындайды.
жұмыс жасау кезінде шарды жұмырлап жасаймын, жаныштаймын сөздерін қолданады.
Тәрбиеші қиналған балаларға көрсетіп, қайталауды өтінеді.
Рефлексивті – түзетушілік Рефлексивно – корригирующий Reflective and corrective stage
Тәрбиеші барлық жұмыстарға оң баға беріп,қарап көріп,балалардың печеньені қалай әдемі безендіргеніне назар аударады. Печенье пластмасса тәрелкелерге салынады.Балалардың жұмыстарынан көрме жасалады.
Балалар тәрбиешімен бірге өз жұмыстарын тамашалайды.
Күтілетін нәтиже: Ожидаемый результат: The expected result:
Ұғынады: Воспроизводят: Reproduce: жалпайту,домалату әдісімен печеньені мүсіндеуді.
Түсінеді: Понимают: Understand: ермексазбен ұқыпты жұмыс жасауды.
Қолданады: Применяют: Apply: сіріңке талдарының көмегімен тесіктер жасау дағдыларын.