kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Желбіре, Же?іс жалауы" атты ?йымдастырыл?ан ашы? о?у іс-?рекеті (ересектер тобы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар?а ?лы Отан со?ысында ерлік к?рсеткен батырларды? ерліктері жайлы білімдерін толы?тыру, балаларды Отанды ?ор?ау?а, ?лы Отан со?ысыны? батырларыны? ерлік істеріне та?зым етуге, батыл да ерж?рек болу?а ?йрету. Елін, жерін жаудан ?ор?ай білуге, еліні? патриоты болу?а т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Желбіре, Же?іс жалауы" атты ?йымдастырыл?ан ашы? о?у іс-?рекеті (ересектер тобы)»

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ: ересек

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы
Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың ерліктері жайлы білімдерін толықтыру, балаларды Отанды қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, әуен, соғыс туралы кинодан үзінді.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Сабаққа психологиялық дайындық.
Қайырымды жүрекпен, 
Мейірімді тілекпен, 
Ізгілікті ниетпен 
Батыл болып өсеміз



Қимыл арқылы жасап, өлең жолын айтады.


Ұйымдастырушылық ізденістік

Қызығушылығын ояту.

«Кім жылдам» ойыны

Ойынның шарты:
Балалар, сендер тақтадан көріп отырған сандарды өсу ретімен орналастыруларың керек, дұрыс орналастырсаңдар мен сендерге жасырынған сөзді оқитып беремін.
1,2,3,4,5.
Ж Е Ң І С
-«Жеңіс» сөзі шықты. Ал, енді балалар жеңіс сөзінің мағынасын түсіну үшін қазір экранға назар аударайық, соғыс кезінен үзінді көресіңдер. Бейнетаспадан соғыс кезі туралы фильмнен үзінді көрсету.

Балалар біз кинодан не көрдік?

Олар не үшін атысып, жатыр?

Дұрыс айтасыңдар балалар біздің жеріміз үшін, еліміздің тыныштығы үшін батыр ағаларымыз бен апаларымыз еш нәрседен жасқанбай соғысып жатыр. Ал үзіндінің соңында не болды?

Иә, біздің батырларымыз жауларымызды жеңіп жеңіске жетті.

Қазір біз қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?
- Бейбіт күнді батырларымыздың арқасында көріп жатырмыз.

Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Тоғызыншы мамыр біздің жеңіске жеткен күніміз.Жеңіке оңойлықпен жеткен жоқпыз, 4жыл бойы біздің батыр ағаларымыз соғысты, көптеген қан төгілді. Біздер олардың ерлігін ешқашан есімізден шығармауымыз керек. 

«Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес!». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне тастан қашалып жазылған. Балалар біздер үшін қан төгісіп,жан беріскен ата бабаларымызды мына мәңгілік от алауының жанына келіп гүл шоғымызды қойып батыр ата бабаларымызды еске алып солардың құрметі үшін бір минут үнсіздік жариялаймын. Үнсіздік дегеніміз орнымызда бір минут тыныш тұру.

Үнсіздік.
- Иә, бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Сендер бақытты ұрпақсыңдар. Батыр аталарыңның арқасында соғысты, қиыншылықты көрген жоқсыңдар. -Біздерге бейбіт өмір сыйлаған батыр ағаларымыз бен апаларымыз. Олар: Бауыржан Момышұлы соғыста жауынгерлерді басқарған, жауларымызды жеңіп елге оралған соң ұстаздық қызымет атқарған.

Ә.Молдағұлова соғыста снайперші болған. Көптеген жауларымыз Ә.Молдағұлованың снайперінен атылған оқтан қайтыс болған. Соғысқа өз еркімен сұранып барған.

Келесі батыр апамыз М. Мәметова

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Маметова  Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті.


Талғат Бегелдинов атамыз ұшқыш болған. Көкте ұшып жүріп көптеген жаудың бетін қайтарған. Елімізді жаудан құтқаруға өз үлесін аянбай қосқан.

Ұлы Отан соғысына соңғы нүктені қойған қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев. Соңғы нүктені қойған деп бекер айтып отырғанымыз жоқ, 1945 жылдың 30 сәуірінде ол жауынгер Григорий Болатовпен бірге Рейхстагқа Кеңес Одағының қызыл туын тіккен болатын. 


Ал, канекей балалар енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»

Ойынның шарты: Батырлардың соғыста қолданған құралдарын тауып орналастыру керек.


-Халқымыздың біртуар ұлы ержүрек қолбасшы, жазушы, батыр, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері ерлікке толы және патриоттыққа тәрбиелеуде көптеген мақал –мәтелдер қалдырған. Ал, балалар сендер қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?

Жарайсыңдар балалар!

Ғажайып сәт: Есікті тарсылдатып (музыка ойнайды) көгершін құсы кіреді.Балалар таныдыңдар ма, бұл қандай құс?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Сендер көгершін құсы туралы не білесіңдер? Ал сендер білесіңдер ме, соғыс кезінде 250 мың көгершін ұрысқа атсалысады. Мысалы, ұшақтар апатқа ұшыраса, көгершіндері әуеге жіберіліп, олар штабқа қаралы хабарды жеткізіп отыратын болған. 
Сұрайықшы көгершін құсы қандай жаңалығы бар екен?Көгершін бізге қандай хат хабарың бар?
Көгершін хат хабар әкелгені туралы айтады. Хатты ашып ішіндегі тапсырманы оқу.

Балалар көгершінің хатында сендер Жеңіс күніне байланысты қандай тақпақтар білетіндерің жайлы сұрап жазылған екен?

Сендер Жеңіс күніне, батыр апаларымызға, ағаларымызға байланысты тақпақтар білесіңдер ме?

Жарайсыңдар!










Балалар сұрақтарға жауап береді. Өз ойларымен бөлісіп ортаға салады.



Елімізді, жерімізді қорғау үшін.







Біздің батырлар жауларымызды жеңді.

Бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз.


Бейбіт өмір дегеніміз












Барлығы орындарынан тұрып бір минут үнсіз тұрады.















































Ойынға қызыға қатысады.





Ералы: Отанда –опасызға орын жоқ
Лейла: Ерлік –бірлікте емес жүректе
Сайд: Ерлік –тәрбиеден туады
Жұлдызай: Үлкенді ізетте
Кішіні күзетте көр

Арнал: «Батыл болмай,батыр болмайсың.»










• Бейбітшілік құсы Көгершін.




Балалар Жеңіс күніне байланысты тақпақтарын айтады.

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау. Балалар топ ішінде серуендеуге қалай қарайсыңдар? Ой, қараңдар мында жалғыз алманың ағашы өсіп тұр. Балалар естеріңде болсын егерде жалғыз өсіп тұрған ағашты көрсеңдер тілек тілеуге болады себебі ол тілектерің міндетті түрде орындалады деген ырым бар. Сол себепті кәнекей бізде тілек тілейік. Балалар сендердің тілектерің қандай? Білесіңдер ме балалар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Әрқашан еліміз, тыныш болсын! Күніміз ашық, жарқын, шуақты болсын! –деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.

Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?
-Жеңіс күні қай күн?
-Бейбіт күн мен соғыс күнді қалай түсінесің?
-Біздерге бейбіт өмірді кімдер сыйлады?

Балаларды марапаттау.

Ойын: «Тауып айт!» Ойынның шарты: Балалар өздерің ұнатқан геометриялық фигураларға тұра қалыңдар! Тұрған фигураларыңды атап, түсін айтыңдар. Егер дұрыс айтсаңдар мен сендерге сыйлық беремін.

Балалар сендерге сыйлық ұнады ма?

Сендер сыйлық алғанды ұнады екенсіңдер, ал енді қонақтарымыз да құр қол кетпесін оларға да дайындаған сыйлықтарымызды естелік ретінде таратып берейік.

- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір –бірімен тату, дос болсын!

Әні орындалады




Тоғызыншы мамыр жеңіс күні.

Біздің батыр аталарымыз бен апаларымыыз.



Ойынға қызыға қатысады.



Ия ұнады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін
Игереді: отанды сүюге, бейбітшілік өмірімізді қадірлеуге.
Меңгереді: жеңістің оңайлықпен келмегенін, батырлардың өмірі жайындаюю.

















































2












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Желбіре, Же?іс жалауы" атты ?йымдастырыл?ан ашы? о?у іс-?рекеті (ересектер тобы)

Автор: Абилева Меруерт Кайыргельдиновна

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294092


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства