Просмотр содержимого документа
«Жерден жатқан баспалдақтың арасынан адымдау,»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Денешынықтыру
Өтпелі тақырып: «Қазақстанның қыстайтын құстар»
Тақырыбы:Жерден жатқан баспалдақтың арасынан адымдау,
бөренеден еңбектеу.
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Шапшандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Баспалдақтың тақтайынан адымдау,денені тік ұстауға тізені жоғары көтеруге жаттықтыру.
Оқыту: Тепе-теңдік сақтауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар:Денсаулық технологиясы .Ойын технологиясы .Дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Доп,тақтайша,жіп.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
1. Жерден жатқан баспалдақтың арасынан адымдау
2. Бөренеден еңбектеу.
Ойын: «Допты ұста»
Еденде жатқан бөренелердің арасымен ауыспалы адымдап өту. Қырынан қойылған баспалдақтың арасымен өрмелеу.Бөрененің бойымен жүру және үстіне тырмысып шығу, бөренеден секіріп шығу.
Топқа кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру. Балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.
Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау.
3.Қорытынды:
Шеңберге тұру дағдыларын бекіту, қатарғажүруге үйрету, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.