1-ші аялдама: «Білімпаз» аялдамасы «Білімпаз» аялдамасында ауызша сұрақтарға жауап бересіңдер. - Дыбыс деген не? - Әріп деген не? - Дыбыстар нешеге бөлінеді? - Дауыстыларды қандай түспен белгілейміз? - Дауыссыздарды ше? 2-ші аялдама: «Кім тапқыр?» ойыны «Кім тапқыр?» ойыны арқылы өткен дыбыстарды қалай меңгергеніні тексеремін. Қағаздарды түсіне байланысты оқушылар таңдайды. Щ,Э,Е,Ф,В,Х,Ю,Я. Осы дбыстардың ішінде қайсысы дауысты, қайсысы дауыссыз дыбыс екен? -жарайсыңдар! Ал енді жұмбақ шешіп көрелік. Жұмбақ Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызды шыр айналып. /«Циркуль»/ Циркуль деген сөзде бірінші қандай дыбысты естиміз? -Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі өтетін дыбысымыз Цц дыбысы мен әріпі. Шаршаған боларсыңдар! Біраз серігіп алайық! Сергіту сәті Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі. 3-ші аялдама: Оқу Оқиық: ЦА-ЦА-ЦА ЦО-ЦО-ЦО ЦЕ-ЦЕ-ЦЕ ЦУ-ЦУ-ЦУ ЦИ-ЦИ-ЦИ 4- ші аялдама: «Дыбыстық талдау» Циркуль –сөзінде неше дыбыс неше әріп бар? (6 дыбыс,7әріп) Неше дауысты дыбыс? Неше дауыссыз? Циркуль сөзін буынға бөлгізу. 5-ші аялдама : «Көркем жазу» Дәптермен жұмыс: Дәптерді көлбеу қоямыз, Қолға қалам аламыз. Суретпенен жазуларды, Әдемілеп саламыз. Ц әріпін жазады. 6-шы аялдама: «Тауып көр» ойыны Шарты: оқышалар тақтадағы сөздердегі әріптерді оқып, қай әріптің түсіп қалғанын табады. Тапқан оқушы тақтаға шығып дереу жазады. (маркермен) | «Білімпащ» аялдамасының тапсырмаларын орындйды. «Кім тапқыр?» ойыныны ойнайды. Жұмбақтың жауабын табады. Сергіту сәтін жасайды. Оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Жазады. «Тауып көр» ойынын ойнайды. |