kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жазгы сауыктыру жоспарына сайкес жасалган тех карталар

Нажмите, чтобы узнать подробности

жазгы  сауыктыру  жоспарына  сайкес  жасалган  тех карталар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жазгы сауыктыру жоспарына сайкес жасалган тех карталар»

«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Мүсіндеу
Тақырыбы: Бауырсақ
Мақсаты: ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ, жұмыр мүсін жасау туралы

мағлұмат беру; «Бауырсақ» ертегісі арқылы мүсіндеуге баулу;ұқыптылықпен

тазалыққа тәрбиелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі

Ойын жағдаят

Педагог балаларға «Бауырсақ» ертегісінің ойыншық кейіпкерлерін көрсетеді.

Балалар қызығушылық білдіреді.






Ұйымдастырушы ізденуші


  • Бұл қайертегінің кейіпкерлері?



  • Ал бұл кейіпкерлердің ішінде қай кейіпкер жетіспейді? Педагог «Бауырсақтың» терезенің алдында тұрған суретін көрсетіп ертегіден үзінді оқиды.

Сергіту сәті. Бауырсақ

Бидай ұннан илеген

Өзін майға пісірген

Бүйрек еті қызарған

Шуақты күнге ұқсаған

Ыстық пештен түсірген

Суысын деп «Бауырсақты»

Терезеге түсірген

Терезеден секіріп

Жол бойымен жөнелген

Педагог ермексазды алақан арасына салып,домалақтау тәсілімен айналдырып,одан кейін екі алақанын қысып жалпақтап, «Бауырсаққа» ұқсатып келбеттендіреді.

Енді балалар кейіпкерді өздері сомдауға кірісті.


Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

  • «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.

  • «Бауырсақтың» өзі жетіспейді.





Балалар әр сөзді қайталап,оны қимыл қозғалыспен көрсетеді.








Балалар ермексазды педагог көрсеткендей етіп жасайды.

Рефлекстік - түзету

Балалардың қалауымен педагог «Бауырсақ» ертегісін балаларға өздері жасаған бауырсақтарымен дайын ойыншықтармен қойылым түрінде көрсетеді.

Балалар өздері мүсіндеген «бауырсақтарды»жолмен жүгіртіп ертегіні қайталайды.

Көрнекілігі: қызыл,сары және ақ түсті ермексаз,тақтайша,ермексаз кесуге арналған құрал.
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:6.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: ермексазды алақан арасына салып домалақтау және жасаған мүсіндерін қойылымға

қосуды;

Игеру: «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлерді таниды және аттарын атауды;

Меңгеру: жасаған мүсіндері талапқа сай болу үшін басқа қосымша құрал жабдықтарды

Қолдануды

«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Мүсіндеу
Тақырыбы: «Ұшақ»
Мақсаты: Балаларға қуаныш сыйлау; эстетикалық түйсікті жаттықтыру, ой – өрістерін кеңейту; сабақта мүсіндер жасауды үйрету; тілдерін дамыту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі



Ойын жағдаят

Педагог іс әрекетін дидактикалық ойыннан бастайды. Ойынның атауы: «Не жетіспейді? Шешіп көр». Тікұшақ,кеме мен машина ең соңында ұшақтар алынып тасталынады.

Балалар көздерін жұмады,ал педагог көріністің ішінен біреуін алып қояды. Балалар жоғалған көріністерді атайды.





Ұйымдастырушы ізденуші


Ғажайып сәт

Топта ойыншық ұшақтар ұшады. педагог балалармен бірге оның түсімен бөліктерін қарайды.

  • Қараңдаршы , балалар, бізге ұшақ ұшып келіпті.

Оның түсі қандай екен?

  • Дұрыс айтасыңдар,ақ түсті. Ал ұшақтың қанаттары өте үлкен және жұқа. Қанаттар ұшу үшін керек. Оның түсі қандай болады?

  • Ұшақта оның бөліктері және құйрығы болады.

Педагог ермексаздан ұшақ жасауды үйретеді.

Ұшақ жасау үшін ең алдымен екі бөлік ермексаз кесегі керек. Алақанмен тағы да дөңгелектер жасаймыз,одан кейін ермексаздың екінші бөлігін төртбұрыштап,үшбұрыштап бөлеміз. Екінші бөлігі – бұл ұшақтың қанаты болады.

Сергіту сәті:

Ұшақтар зымырайды

Ұшақтар ұшады

Біз тыныш отырып

Ұшақтарды бақылаймыз

  • Ия балалар біз ұшақ сияқты ұшамыз,ал қазір ермексаздан ұшақ жасаймыз.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Қарастырады, балалардың болжамды жауаптары:



  • Ақ



  • Көк



Педагогтің іс –әрекетіне қарайды,мұқият тыңдайды.




Балалар ұшақтың қимылын жасайды.




Балалар ұшақ мүсіндейді.

Рефлекстік - түзету

  • Жарайсыңдар,балалар,жасаған ұшақтар өте әдемі болып шықты. Педагог балалар жасаған ұшақтарды ата аналарға арналған көрмеге қояды.

Қуаныштан жүздері бал – бұл жанады.

Көрнекілігі: әр түсті ермексаз кесектері,қағаздан және матадан жасалған сүрткіштер.
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:20.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: ермексазды алақанға салып есуді;

Игеру: көліктің түрлерін;

Меңгеру: ермексазбен жұмыс істеу әдістерін.

«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Жапсыру
Тақырыбы: Машина
Мақсаты: балаларды қиылған қағаздармен жұмыс жасауға үйрету; олардың көлемін,пішінін,түсін ажырата алуға дағдыландыру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі

Педагог балаларға жеңіл көлік түрлерін суретін көрсетіп пішініне талдау жасатады. Көліктердің адамдарға пайдасы туралы түсіндірді. Сөздік жұмысын жүргізеді.

Балалар үлгіге қарап машинаның әр бөліктерін көрсетіп,әңгімелеп береді.





Ұйымдастырушы ізденуші


Педагог балаарға машина бөліктерін жапсыру жолдарын түсіндіріп өзі жапсырып көрсетеді. Машинаның әр бөліктерін – үлкен және кіші тік төртбұрыш екі дөңгелек,одан да кіші тік төртбұрыш – терезені жапсыру керектігін айтады.

Сергіту сәті:

Ал,балалар,тұрайық

Үлкен шеңбер жасайық

Оңға – оңға түзу тұр

Солға – солға түзу тұр

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық

Балалар машинаны қалай жапсыру керектігін тыңдайды.


Алдарындағы қағаздан қиылған бөліктерді жапсырады.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Рефлекстік - түзету

Балалардың жасаған машиналары әдемі екеніне тоқталып,қалай жапсырғандары жайлы сұрайды.

Балаларды қызықтыру мақсатында «Жүргізуші» сюжеттік – рөлдік ойынын ойнатып,оқу іс әрекетін қорытындылайды.

Балалар жасаған жұмыстарына қарап өз ойларын айтуға талпынады.

Көрнекілігі: демонстрациялық материалдар,машина түрлері
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:13.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: машиналардың әртүрлі болатынын;

Игеру: түрлі геометриялық фигуралар жайлы алғаш түсініктерді;

Меңгеру: кеңістікте дұрыс орналастырып,ұқыпты жапсыруды.













«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Музыка
Тақырыбы: Айгүл қонақта
Мақсаты: музыкаға деген ынтасын арттыру,музыка әуеніне сәйкес қимыл жасай білуге

үйрету.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі





Музыка жетекшісі балаларды көңілді әуенмен балаларды көңілді әуенмен қарсы алады.

  • Балалар,бүгін сендерді қуыршақ күтіп отыр. Кәне,бәріміз қуыршақ Айгүлге жүруді,жүгіруді көрсетейік. Балаларға бірінің соңынан бірі жүруді үйретеді.

  • Аяқтарыңды нық басып, тізіліп жүріңдер. Музыка тоқтағанда жүрістеріңді тоқтадыңдар. Әуен ойнағанда жүгіресіңдер - деп ескертеді.

Балалар әуенді ести отырып,қимылдар жасайды.



Әуенге ілесіп жүреді,әуен тоқтағанда тоқтайды.


Жеңіл әуенмен жүгіреді.





Ұйымдастырушы ізденуші


  • Ал , балалар , бізге қазір Айгүл ән орындап береді, соны тыңдайық. Музыка жетекшісі қуыршақты алдына алып отырып,әнді орындайды.

«Жүгіреміз,жүгіреміз» (сөзі мен музыкасын жазған Г. абдрахманова)

  • Балалар, Айгүл өзімен бірге қимыл жасауды өтініп отыр.

Айгүл: «бір екі алақай» дегенде алақан соғасыңдар.

  • Ал келіңдер,келіңдер,

Мені қуып жетіңдер, - деп ,ойынға шақырады.

  • Ал кәнекей қашыңдар

Тез тез аяқ басыңдар,- деп балаларды қуа жөнеледі.

Музыканы тыңдайды.




Балалар қуыршақ Айгүлмен бірге жүреді,жүгіреді,аяқтарын көтеріп жүруге талпынады. Қол шапалақтайды.

Балалар жүгіріп,музыка әуенімен Айгүлден қашуға тырысады. Балалар қуана ілесіп ойынды қайталайды.

Рефлекстік - түзету

  • Балалар бізге бүгін кім келді?

Балалардың жүрісіне ойынына ризашылығын білдіреді.

Айгүл: Балалар,мен сендерге ризамын,сендер өте тез жүгіре алады екенсіңдер. Жарайсыңдар!

  • Қуыргақ Айгүл келді



Балалар Айгүлмен қол бұлғап қоштасады.

Көрнекілігі: ойыншықтар,қуыршақ
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:7.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: әуенге сай қимыл жасауды.

Игеру: музыканы тыңдап,қуыршақ Айгүлмен билеуді, ойнауды;

Меңгеру: әуенмен ілесе жүгіруді,қашуға дағдылануды.






«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Музыка
Тақырыбы: «Көңілді сылдырмақтар»
Мақсаты: ойыншықтар арқылы балалардың музыкаға деген сезімдерін ояту. Балалардың есту

қабілетін арттыру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі





Музыка залына кіреді. Музыка ырғағымен бірінің соңынан бірі тізіліп,аяқты нық басып жүреді,жүгіреді. Алдымен сылдырмақтың суретін көрсетіп сұрайды:

  • Менің қолымда әсем қобдиша бар.ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?

Музыка жетекшісі сандықшаны ашады. Балаларға көрсетеді.

  • Бул не?

Балалар жауап бере алмаса музыка жетекшісі өзі айтады.

Балалар музыка үнімен музыка залына келеді. Музыка тоқтағанда балаларда тоқтайды. Келесі жеңіл музыка үніне ауысқанда балалар жүгіреді.

Балалар сандықшаны қызықтайды. Ішін ашады.

Балалар «сылдырмақ» деп жауап беруге тырысады.





Ұйымдастырушы ізденуші


  • Кәне қазір бәріміз сылдырмақтықолға алып сылдырлатайық.

«Көңілді сылдырмақтар» әні (И.Сапарбай, А. Тоқсанбаев ) Музыка жетекшісі әнді орындап береді.

«Сылдыр – сылдыр сылдырмақ

Сөйлейтіндей былдырлап» - деген сөздер айтылғанда балалар сылдырмақты сылдырлатады.

  • Кәне бәріміз бірге «сылдырмақ» деген сөзді қайталайық. Бірге бастап бірге аяқтайық.

Ал енді осы сылдырмақпен ойын ойнайық. Мен сылдырмақты сылдырлатқанда сендер зал ішінде жүгіресіңдер, сылдырмақты тоқтатқанда сендер де тоқтайсыңдар.

Балалар әуенге қосылып сылдырлатады.








Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлекстік - түзету

  • Сонымен, бүгін біз қандай ойыншықпен ойнадық,көрсетіңдерші?

  • Ойыншық сендерге ұнады ма?

Сурақтарға жауап береді.

Көрнекілігі: сылдырмақтың суреті,сылдырмақ
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:14.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: музыканы тыңдап,есте сақтауды, әнді ілесе айтуды;

Игеру: музыка ырғағымен сылдырмақты ұстап сылдырлатуды.

Меңгеру: музыканы тыңдап,бірге қимыл жасай біледі.






«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Музыка
Тақырыбы: «Қуыршақпен билейміз»
Мақсаты: қуыршақ арқылы балалардың музыкаға қызығушылығын қабілетін арттыру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі





Балалар музыка залына әуенмен кіреді. Музыка жетекшісімен амандасады. Жеңіл музыка әуенімен жүгіреді. Қолдарын жоғары көтеріп, қолды білезік буынынан қозғалтады. Әуенге ілесіп қимыл жасайды. Әуен тоқтағанда бірге тоқтау керек.

  • Бүгін бізге қонаққа Ақмарал деген қуыршақ келіпті. Ақмарал сендерді күте – күте шаршап ұйықтап қалыпты.

Балалар музыка үніне ілесіп қадам жасайды. Амандасады. Жеңіл музыка үнімен аяқты жеңіл көтеріп жүреді. Қолдың басты буынынан бұрап қимыл жасайды. Қимылды әуенге ілесе жасайды.





Ұйымдастырушы ізденуші


Қазір мен ән айтайын,сендер тыңдаңдар. «Қуыршақпен билейміз» әні орындалады.

«Ұйықтап жатыр дамылдап,

Әлди әлди әлди ай» - деген жеріне келгенде дауысты бәсеңдеп,балаларды да тыныштық сақтауға шақыру керек. Қуыршақ ұйқыдан оянып,би билей бастайды. Ән қайталанып айтылғанда қуыршақ орнына өздері билейді.

«Қол созыңдар балалар ля ля ля », - деген жерінде қолдарын шапалақтауды ұсынады.

  • Балалар, ақмарал сендерді көңілді ойынға шақырып тұр.

«Қуып жет» ойыны ойналады. Ақмаралды көтеріп жүгіреді. Ойын керісінше қайталанады.

Әнді мұқият тыңдайды.











Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлекстік - түзету

  • Бүгін бізге кім қонаққа келді?

Ақмарал сендерге рақмет айтып отыр. Келесі жолы тағы келіп,сендермен бірге ойнаймын деп отыр. Ақмаралмен қоштасайық. – деп қол бұлғап, балаларды шығарып салады.

Балалар жауап беруге тырысады.


Балалар қуыршақпен қоштасады.

Көрнекілігі: қуыршақ,қуыршақтың суреті
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:21.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: музыкамен тербетілуді, тыныштық сақтауды білуі керек.

Игеру: тыңдауды,қайталауды, қуыршақты ұстауды.

Меңгеру: музыка үнімен бірге ілесе қимылдар жасауды, музыка тоқтағанда бірге тоқтауды,қуып жетуді,қашуды.







«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Сурет салу
Тақырыбы: Түзу жолдар
Мақсаты: балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолымен ұстап, сурет салуға жаттықтыру.саусақ бұлшық еттерін дамыту. Жолақ олдарға бояуды біркелкі жағуға дағдыландыру.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі





  • Балалар өткенде біз майлы қарындашпен қағазға түрлі сызықтар түсіріп,сурет салуға болатынын білдік.

Енді бүгін қандай сурет салсақ екен?

Мен бір жұмбақ жасырайын,сендер жауабын тауып көріңдер:

Ұзын ұзын,ұзын жіп

Ұшына шыққан жан бар ма?

Ақырын басқан жан бар ма?

Ұшына шықпас жалғанда. (Жол)

Балалар ойланады.





Балалар жұмбақтың жауабын шешеді,таппай қиналса педагог көмектеседі.






Ұйымдастырушы ізденуші


Бүгін біз қарындашпен жолдың суретін саламыз. Ол үшін маған алдымен мынаны айтыңдаршы. Екі жолақшаның қайсысы ұзын,қайсысы қысқа? Түстері қандай? Біз бүгін қызыл жолақ секілді ұзын түзу жолды саламыз.

Педагог тақтаға бормен бір шетінен екінші шетіне дейін жеткізе сызық жүргізіп көрсетеді.

  • Енді қағазға қарындашты қатты баспай ұзын – ұзын сызықтар жүргізсеңдер, «түзу ұзын жол» болады.


Мұқият тыңдайды.




Сұраққа жауап береді.

Балалар ауада оңнан солға қарай бірнеше сызық жүргізіп қолдарын жаттықтырып алады.


Рефлекстік - түзету

Педагог балалардың салған суретін тақтаға қойып, мадақтайды.

Қандай ұзын түзу жол жасадық, енді бәріміз машиналарды жолда жүргізіп ойнаймыз.

Балалар ұзын жолмен машиналарын жүргізіп ойнайды.


Көрнекілігі: түзу жолдың суреті
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:2.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын.

Игеру: бейнеленген түсініктерді іс – әрекет,қимыл – қозғалыс арқылы көрсетуді.

Меңгеру: қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе отырып жол салуды.










«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Сурет салу
Тақырыбы: Күн жарқырап, шөп өсті
Мақсаты: балалардың бояуымен сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі

Педагог балаларды ауа райын бақылау үшін терезенің алдына шақырады. Сұрақ жауап арқылы көктем келіп,күн жарқырап тұрғанын,шөптердің өскенін анықтайды.

Балалар терезеніңалдына келіп далада күннің жарқырап тұрғандығыншөп өсе бастағанын көреді.





Ұйымдастырушы ізденуші


Педагог балаларға демонстрациялық материалдағы көктемгі күннің аспанда жарқырап шығып тұрған көрінісін көрсетіп, әңгіме жүргізіп,толық талдау жасайды. Содан соң сурет салуға арналған үлестірмелі материалдарды таратып береді. Ол суретте күннің,ұшып жүрген жәндіктердің бейнеленгенін айтады. Педагог бұл суретте ненің жетпей тұрғанын сұрайды. Балалар жерде өсіп тұрған шөп жоқ екенін айтады. Педагог шөпті салып, суретті толықтыруды ұсынады.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп – өніп,толамыз

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Балалар суреттегі табиғат көрінісі туралы әңгімелейді. Сұраққа жауап береді. Қолдарына таратылып берілген суретте күн,жәндіктер бейнеленгенін айтады. Суретті толықтыру үшін шөпті салу керектігін айтады. Шөптің ұзынды – қысқалы екеніне көңіл бөледі.


Рефлекстік - түзету

Педагог балалардың күнді шөпті қалай салғандарына тоқталып,суреттері әдемі болып шыққанын айтады.

Барлығы шеңбер құрап тұрып,бір – бірінің салған суреттеріне қарайды.

Көрнекілігі: күннің суреті.
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:16.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: көктем мезгілі басталғанын,күннің жылығанын;

Игеру: көктемде күн көзі жарқырап,шөп өсетінін;

Меңгеру: бояуға батырылған қылқаламмен сүйкей жағу арқылы шөптерді салуды.










«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сурет салу
Тақырыбы: Түрлі түсті орамалдар
Мақсаты: балаларға шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі





- балалар мына Айгүл деген кішкентай қыз 8 наурыз мерекесіне әжесіне не сыйлайтынын білмей сендерден көмек сұрай келіпті.

8 наурыз – әжелер,аналар мерекесі көктем мерекесі екенін балаларға түсіндіру.

  • Әжемізге не сыйласақ екен? Ол кісі үлкен қарт адам. Бәріміз Айгүлге көмектесейік.

Балалар Айгүлмен сәлемдеседі.




Балалар ойланады.

  • Иә көмектесейік.





Ұйымдастырушы ізденуші


Педагог әдемі ою – өрнектері бар орамалдарды көрсетіп, олардың не мақсатта қолданылатыны туралы әңгімелейді. Орамалдардың әртүрлі болатыны туралы түсініктеме береді.

  • Бүгін әжемізге сыйға тарту үшін мына орамалды әдемі етіп безендіріп берейік. Педагог балаларға фон және онда үшбұрыш сызылған үлестірмелі материалды таратып береді. Берілген орамал пішіні ішіне дөңгелек пішіндерді салу жолын түсіндіреді.

Сурет салу барысында балаларға дөңгелектерді орамалдың бір шетінен бастап арақашықтығығн дұрыс сақтай отырып салып шығуды тапсырады. Жұмыс барысында балаларға нақты бағыт – бағдар беріліп отырады. Балалар безендірген орамалдарын Айгүлге ұсынады.

Мұқият тыңдайды.





Балалар педагогтің басшылығымен жұмыс жасайды.

Рефлекстік - түзету

Педагог балалардың салған суреттерін жинап алған соң олардың суреттерін талдау жұмысын жүргізеді.

Балалар бір – бірінің суреттеріне қарап тамашалайды.

Көрнекілігі: әдемі орамалдар
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:9.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: бастырмамен жұмыс істеу дағдысын;

Игеру: орамалдардың алуан түрлі формада,түсте болатыны туралы мәліметті;

Меңгеру: әртүрлі тәсілмен дөңгелек пішін салуды.









«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ғажайып қалта
Мақсаты: көкөністер жемістер туралы түсінік беру. Оларды сипаттап айтуға үйрету. Сөздік қорын молайту,сөз тіркестерін үйрету. Ұйымшылдыққа баулу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі

Балаларды шеңберге тұрғызып:

-Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!

Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.







Ұйымдастырушы ізденуші


Сиқырлы сәт: «Ғажайып қалта».

Балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнауды ұсыну.Ойынның шартын түсіндіру.Қалтада көкөністер мен жемістер болады.Балаларға көкөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызу.Аттарын айтқызып,көкөніс не, жеміс екенін ажыратып беруді сұрау. «Қандай?»деген сұраққа жауап берулерін күту.Олардың үлкен-кішкентай,тәтті-ащы екенін,түстерін және қайда өсетінін айтады,сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету.

Дыбыстық жаттығу жасату.

Ті-ті-тәтті.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды көтеріп,

Алма ағашындай жайқалып,

Әдемі болып өсеміз.

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.











Сергіту сәтін жасайды

Рефлекстік - түзету

Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі.

Сұрақтарға жауап беруге,тілдерін дамытуға талпынады.

Көрнекілігі: көкөніс,жемістердің мүсіндері.
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:13.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: көкөністермен жемістердің атауларын;

Игеру: көкөніс,жемістер туралы түсінікті;

Меңгеру: сөз тіркестерін дұрыс айтуды.









«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Бізде қонжық қонақта
Мақсаты: балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында

жабайы жыртқыш жануарлардың мекен ету ортасы қоректенуі туралы

білімдерін.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі








Ұйымдастырушы ізденуші


Таңертеңгі шеңбер.
Балалар серігіп сергек болу үшін таңертеңгі ұйқы ашар жаттығуын жасады. Екі қолдарын жоғары,төмен, жанына созу.Белдеріне қолдарын қойып бір орында тұрып екі аяқты алмастырып секіру.Жүрек тұсына қолдарын қойып әнұран айту.
Балалар шаттық шеңберін жасайық.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз
Жадырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар.
Балалар бүгін ауа райы қандай болып тұр?Қазір жылдың қай мезгілі? Бір жылда неше мезгіл бар? Жарайсыңдар балалар.Балалар мен сендермен ертегілер туралы әңгімелескім келіп тұр. Ертегілердің алуан түрлері бар. Мына тұрған суреттерде әр ертегінің кейіпкерлері бар.Сендерге осы кейіпкердің ішінен қайсысы ұнайды? Енді балалар біз қазір ойын ойнаймыз. Ойын: «Соқыр теке бақ, бақ»

Қайырлы таң апай, көп-көп рахмет. Балалар шаттық шеңберін құрады.











Күн өте ыстық болып тұр, жаз мезгілі , бір жылда төрт мезгіл бар.өздеріне ұнаған ойыншықты атап көрсетті.

Балалар ойын ойнауға кірісті.

Рефлекстік - түзету

Балалар ойынға атсалыса қатысады. Сабаққа ерекше қатысқан балаларды мадақтау.


Көрнекілігі: ойыншық қонжық
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:06.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: қоршаған орта турал түсініктерін;

Игеру: жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата алады;

Меңгеру: жабайы жыртқыш аңдардың мекен ету ортасын.










«Айгөлек» аралас тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Аманова Мәншүк Берікқызы


Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Бауырсақ(орыс халық ертегісі)
Мақсаты: ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру,сөздік қорын

молайту,сөйлеу тілін дамыту.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Ұйымдастырушы қорғаушы қызмет түрі

Педагог балаларға «Бауырсақ» ертегісінің ойыншық кейіпкерлерін көрсетеді.

Балалар қызығушылық білдіреді.







Ұйымдастырушы ізденуші


  • Бұл қайертегінің кейіпкерлері?



  • Ал бұл кейіпкерлердің ішінде қай кейіпкер жетіспейді? Педагог «Бауырсақтың» терезенің алдында тұрған суретін көрсетіп ертегіден үзінді оқиды.

Сергіту сәті. Бауырсақ

Бидай ұннан илеген

Өзін майға пісірген

Бүйрек еті қызарған

Шуақты күнге ұқсаған

Ыстық пештен түсірген

Суысын деп «Бауырсақты»

Терезеге түсірген

Терезеден секіріп

Жол бойымен жөнелген

Сергіту сәті: (ойын түрінде өткізу)

Алмалардың кілемнің үстіне шашып жіберіп,түстеріне қарай бөлек себеттерге жинату.

Алма алма көп алма

Қызыл сары көк алма

Теріп теріп алайық

Себеттерге салайық


  • «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.

  • «Бауырсақтың» өзі жетіспейді.





Балалар әр сөзді қайталап,оны қимыл қозғалыспен көрсетеді.






Сергіту сәтін жасайды.


Рефлекстік - түзету

Балалардың жасаған жұмыстарын бағалау,мадақтау.


Көрнекілігі:
Әдістері:Түсіндіру ,көрсету.
Күні:20.06.2017 жыл

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: ертегінің мазмұнын;

Игеру: сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту;

Меңгеру: ермексаздан бауырсақ жасауды оның қандай екенін.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жазгы сауыктыру жоспарына сайкес жасалган тех карталар

Автор: Махамбетова Маншук Бериккызы

Дата: 12.07.2018

Номер свидетельства: 474936


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства