Өскемен қаласы әкімдігінің «№100 балабақша бөбекжайы» КМҚК
№6 «Бөбек» екінші кіші тобының жарты жылдыққа қортынды сабақ
жоспары
Дайындаған: Тохтарова Ә Т
Өскемен қаласы 2018ж.
Мақсаты:Жарты жылдық білімдерің кеңейту.Тілдік қарым- қатынас іскерлігімен артикуляциялық дыбыстар сөздер айтуға және жабайы аңдармен,дала құстарына деген қамқорлығын ояту.Есте сақтау,ойлау қаблеттерің және ұсақ қол маторикасын дамыту.Үлкендердің еңбегін сыйлауға және қамқорлыққа,табиғатты қорғауға,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Топтын іші безендірілген,күннің суреті,қоян,тиын,құстын суреттері,алжапқыш, алдарында клёнка, сары түсті ермексаз,тарелка,қол сүртетін майлық.
Залға балалар кіріп шаттық шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдерме балалар!Шаттық шеңберде бір бірімізге ізгі тілекпен,және қоңақтармен амандасайық.
Балалар: Жарқырап күнде ашылды
Айналаға шашылды
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн апайлар!
Тәрбиеші:балалар далаға қарайықшы жылдын қай мезгілі?
Балалар: Қыс
-Ауа райы қандай?
Балалар: суық
-Дала кандай?
Балалар: Жерді қар басқан, дала әппақ
-Қыста балалар қандай ойындар және қандай құралдармен ойнаймыз?
Балалар: Шанамен,конькимен,шаңғымен
-Балалар олай болса саяхатқа аттанайық, шаңғымызды аяққа байлап,жолға шығайық.
Балалар: әуен қосылады
Балалар саяхатта әндетіп:Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.-деп әндетіп шаңғымен келе жатады:
(Сол кезде күн алдынан кезігеді,өзі көңілсіз)
Тәрбиеші: Балалар қарандаршы алдымыздан күн көңілсіз болып шықты неге екенін сұрап білейік.
-Армысыз шұғылалы Алтын күн!
-Салемемсізбе !(балалар амандасады)
Тәрбиеші: Таңмен көзін ашасың
Әлемге нұрын шашасың
Сен неге көңілсізсің..
Күн: дұрыс айтасындар балалар менің шуағым шашылмай көңілсіз тұрмын.
-Балалар күнге көмектесейік пе?
Балалар: ия
-Күн қандай болады?
Балалар: Дөңгелек,үлкен
-Күннің түсі қандай?
Балалар: Сары
-Балалар аспанда күн болмаса,дала қандай болады.
Балалар: Қараңғы,суық болады
Күн бізге,жерге жылуын,сәулесін шашып тұрады.
-Бүгін күн қандай?
Балалар: көңілсіз
-Олай болса күнге шуағын төктіріп берейік
Балалар: балалар прыщевкамен шуағын жасайды
Тәрбиеші:Балалар саяхатымызды жалғастырайық, орманға жету үшін қалың ағаштардан,өзен-көлдерден,ойқы-шойқы жолдардан өтеміз.(шыршаның жанына келеді)
Тәрбиеші:Міне орманымызғада келіп жеттік.
-Орманда қандай жабайы аңдар мекендейді?
Балалар: Аю,түлкі,қасқыр,қоян.
(Экраннаң жабайы аңдардын суреті көрсетіледі)
Балалар қарандаршы шыршаның астында кім отыр?
Балалар:Қоян
-Қоян қандай аң?
Балалар: Қоян жабайы аң
-Қоянды маған сипаттап беріндерші?
Балалар: Оның құлағы ұзын,төрт аяқты,құйрығы
қысқа,жұмсақ,аппақ,әдемі, болады.
-Қоян нені жақсы көреді
Балалар: сәбіз
-Қояның қыста қатты, сәбіз жегісі келіп тұр екен ,біз қоянға сәбіз берейік пе!
Балалар: ия-дейді (коянның себетіне сәбіз салып береді)
-Балалар жол жүріп шаршадық қоянмен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Баяу музыка қосылады:
Тәрбиеші: балалар естіп тұрсыңдарма? Не естіп тұрсыңдар?
Балалар: тиының жаңғақ кемірген дыбысы-деиді
-Балалар қараңдаршы орманда тиында мекен етеді екен.Бір қызығы олар қыста топпен өмір сүреді екен,ал жазда бір-бірін қуып,араздасып жеке –жеке өмір сүреді екен.
-тиын сендерден көмек сұрап шатасқан допарының түсін ажыратып тазикке салып беруын сұрайды,көмектесеміз бе?
Балалар: ия
(Балалар түсін ажыратып қызыл допты қызыл тазикке,жасыл допты жасыл тазикке,сары допты сары тазикке,көк допты көк тазикке салып сорттап береді)
Тарбиеші:жарайсыңдар балалар тиын сендерге қуанып қалды,тиынға себетіміздегі жаңғақты сыйлап кетейік.
Балалар: қуанып себетіне салып береді
Музыка әуенімен құстардын дыбысы естіледі.
Тарбиеші:Балалар қандай керемет әуен, ненің дыбысы?
Балалар: құстардың дыбысы
Шаңғымен келе жатқан балалар (Құстарды қараңыз деп қуана шулайды)
Тарбиеші:
-ия балалар бұл құстардың дауысы.
-Біз қандай дала құстарын білеміз.
Балалар: Торғай,қарға,көгершін,сауысқан
-ия құстар немен қоректенеді.
Балалар: жем,наның қоқымымен
-құстар қалай дыбыстайды
торғай шырылдайды.шиқ-шиқ
қарға қарқылдайды.қарқ-қарқ
көгершін гуілдейді.гу-гу-гу
сауысқан саңқылдайды.санқ-санқ
-Жарайсыңдар балалар!Құстар біздің досымыз.Құстарға қамқор болуымыз керек.
-қандай тыйым сөздерді білеміз?
Балалар: 1.Құсты таспен атпа.2.Құстарды қорғау керек.3.Ұяны бұзуға болмайды.
-Кім тағы құстар жайлы тақпақ айтады.
Еркеназ: Торғай,торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып –ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ-шиқ-деп,отырмақ.
Құстардың дауысы үнтаспадан қойылады.
Тарбиеші:Балалар олай болса осы дала құстарына қамқорлығымызды көрсетіп оларға жемсауытқа салатын жем жасап берейік.
(Баяу музыка қосылып тұрады)
(Балалар орындарына жайғасады.Алжапқыш, алдарында клёнка, сары түсті ермексаз,тарелка,қол сүртетін майлық,)
Балалар құстарға жем жасап,алдарындағы жемсауытқа салады сосын майлықпен қолдарын сүртеді.
Саусақ жаттығуы:
Қолдағы бар он шақты
Ашып-жұмып саусақты
Ептілікке машықта,
Қане,баста,асықпа.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда
Болды менде оң саусақ.
Балалармен ермексаздан жасалған жемсауыттарын талға немесе шыршаға іледі.
Арафат: Торғай,торғай,торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың. (Балалар қуанады)
Тарбиеші:Балалар шаңғымызды киіп алаңға қайтайық.
Балалар:әуенмен алаңға келеді
Балалар алған әсерімен бөліседі:
- Біз кімдермен кездестік?
Балалар: Күнмен,қоянмен,тиынмен,және құстармен
-Күн неге көңілсіз болды?
Балалар: шуағы болмай көңілсіз болды,шуақ шашып,айналаға күн нұрын төктірдік.
-Қояның себетіне біз не салып бердік?
Балалар: Сәбіз
-Тағы кімен кездестік?
Балалар: Тиынмен
-Қамқорлықты біз кімдерге жасадық?
Балалар: Құстарға
-тағы не бердік құстарға?
Балалар: Жем
Балалар өздері жасаған жемді жарыса қортындылайды.