Ұйымдастырушылық- ізденістік | - Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отыр. Себебі, бүгін сендер құстармен танысатын боласыңдар. - Бұл қандай құс? - Бүркіт қайда бейнеленген? Дұрыс айтасыңдар балалар, себебі қазақ елі еркіндкті, бостандықты қалаған. Бүркіт көк аспанда қалықтағанды жақсы көреді. - Балалар, құстар дала құстары және үй құстары болып бөлінеді, оларға: қарлығаш, торғай, сауысқан, қарға, тотықұс, тоқылдақ, бүркіт т.б жатады. Үй құстарына: тауық, әтеш, қаз, үйрек жатады. Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді¸ олар аспанда ұшып жүреді. Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады. Оларға адамдар қамқорлық жасайды. - Құстар зиянды құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сөйтіп олар көптеген зиянды жәндіктерді құртады. Қыста құстарға жем тауып жеу қиынға түседі. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оны ағаш бұтақтарына іліп қояды. Жемсауытқа нан қиқымдарын және т.б. жем салады. Сондай-ақ құстар арқылы көптеген болжауларды білуге болады. Мысалы: құс төмен ұшса – жаңбыр жауады, жоғары ұшса – күн жылынады. Сауысқан шықылдаса хабар естиміз. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады. Балалар мен жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар? 1. Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. 2. Бұрап қойған сағаттай, Оятады таң атпай. Балалар осы құстар туралы тақпақтар білесіңдер ме? Торғай, торғай, торғайсың Жақын неге қонбайсың Жем шашайын тойып ал, Сонда аязға тоңбайсын. Сергіту сәті: Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып - ұшып алайық, Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп, Тоқылдақ боп шоқиық. Дидактикалық ойын: «Артығын тап». Жақсы, балалар, сендер дала құстары мен үй құстары жайлы білдіңдер. Мына суреттердің ішінен артық құсты алып тастаңдар. «Қай құстың дауысы?» ойыны. Шарты: балалар естілген дауыстар арқылы құстардың атын айтулары керек. | - Бүркіт. - Қазақстан Республикасының жалауында. - Балалар педагогті мұқият тыңдайды. - Қарлығаш - Әтеш Балалар тақпақты қайталайды. - Ойынға кіріседі. |