Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану. Тақырыбы:"Жасыл шөп"»
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 10.05.18ж
Тәрбиеші: Торина С.А
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: «Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып: «Бейбітшілік қорғандары»
Тақырыбы: «Жасыл шөп»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Қоршаған ортаға байланысты жылы сезімдерін қызығушылықтарын тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балаларға табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету және ауызша айтуын бақылау.
3.Оқыту: Көктемдегі ауа райының өзгеруін балаларға түсіндіру және адамдарды қалай киіне бастады, ауа райын, табиғат құбылыстарын да өзгерістер туралы мәлімет беру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: бақбақ пен қызғалдақтың суреттері немесе фотосуреттері, көктемнің алғашқы гүлдерінің қиынды суреттері (бəйшешек, өгейшөп, қызғалдақ, бақбақ), гүлдің құрылысы, үлестірмелі материалдар.
Билингвалдық компонент: жасыл шөп – зеленая трава
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шатық шеңбері.
-Балалар,мына бір тамаша әуенді тыңдап,бір-бірімізге күлімсірейік.
Шаттық шеңберге тұрып, бір – біріне күлімсіреп қарайды.
Бүгін күн ашық, жылы екен.Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн!
Құстардың сайраған, сылдырап аққан судың, жаңбырдың даусын тыңдайды.
Релакция сәті«Көктем үні» үнтаспадан ойналады )
ІІ. Негізі бөлімі:
-Балалар,қарандаршы ,мен орманда қандай фотосурет жасап келдім.
-Неге орман өзгеріп кеткен?
-Қалың қар қайда кеткен?
-Шөптер қандай түсті?
-Шыныменде қар еріп кеткен.
Қазір қай жыл мезгілі?
-Мына суреттердің ішінен көктем
мезгілі бейнеленген суреттерді таңдап алындар.
Көктем мезгілі екенін қандай белгілері арқылы білдіңдер?
-Дұрыс айтасыңдар. Қар
еріп,жылғалардансу ағады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылы жел соғады.
Бәйшешек - қар астынан қылтып шығатын көктемнің алғашқы гүлі.
Сергіту сәті:
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Балалар, бізге көктем жаршысы – жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі – қарлығаш. ( Суретін көрсетеді ).
Ол әлемге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктемнің суретін жинап қоржынына салып берейік.
ІІІ.Қорытынды: Сұрақ – жауап әдісі арқылы қортындылау, балаларды мадақтау.