Мотивациялық қозғаушылық кезеңі. | Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгеленіп тұрайық.Бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді жылы сөздер арқылы білдірейік. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз неше айдан тұрады? -топтағы табиғат бұрышына назар аударсақ. | Жыл мезгілдері суреттері. | Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді. |
Ұйымдастыру Іздену кезеңі. Ойын. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті. Дидактикалық ойын. Мақал-мәтел. Тәжірибелік жұмыс | Балалар сабағымыз өсімдіктер жайында болмақ кім қандай өсімдік түрін біледі? -Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар нелер? -Өсімдіктердің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? -Өсімдіктерді неге жанды табиғат қатарына жатқызамыз? -Өсімдікке су не үшін қажет? -Өсімдіктер топырақсыз өсіп- өне ала ма? Балалар өсімдіктер сырт келбеттері бойынша олар Ағаштар, бұталар, шөптер болып бөлінеді. Біз қазір сол өсімдіктердің түрлеріне тоқталайық. Ағаштар, бұталар шөптектес өсімдіктер түріне жатады. Ағаштарға: емен, қайың, қарағаш, тал, жөке, жеміс ағаштары. Шөптесін өсімдіктерге: бақбақ, раушангүл, құлпынай, қоңыраугүл, қалампыр, қызғалдақ жатады. Бұталарға: , жыңғыл, бөртегүл жатады. -Тапсырма. Баларды үш топқа бөліп отырғызып «Ағаштың», «Бұтаның», «Шөптердің» суретін салуды ұсыну топпен бірлесе отырып. «Жалғыз ағаш орман болмас» Бізді қоршап тұрған жасыл әлем өсімдік деп аталады. Өсімдік – жер бетінің ажарын ашып, сәнін келтіретін жасыл әлем. Өсімдік – денсаулыққа қажетті дәрі-дәрмек қоймасы. Өсімдік – адам ағзасына нәр беретін дәруменнің көзі. Өсімдік – адамдар мен ұшқан құс, жүгірген аңға баспана. Сынып ішіне топпен бірге жуа немесе арпа отырғызу | Өсімдіктер суреті Ағаш,бұта, шөптер суреттері Ағаш жеміс түрлері | Өсімдік түрлерін айтады. Күн,су,топырақ, таза ауа. Өйткені өсімдіктер көбейіп, өседі. Сондықтан оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. -Өсімдіктер топырақсыз өсе алмайды. Тәрбиешінің өмегімен сұрақтарға жауап береді. Ол ағаш, ағаштың жапырыақтары сары,жасыл түсте болады. Топтарға бөлініп, суреттер салады. Мақалды қайталайды. Тәрбиешіні тыңдайды. Балалар қызығы отырғызады |