І - кезең Мотивациялық - қозғаушы | Балалар, іс - әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің - біріміз жылуымызды сезінейік. Армысың алтын күн, Армысың көк аспан, Армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолым. Балалар бір - біріне қолдарын беріп жылуларын сезінеді. | Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар бір бірлеріне күлімдеп қарап, жақсы тілектер білдіреді. |
ІІ - кезең Ұйымдастырушылық -ізденушілік | Жұмбақтар жасыра отырып балалардың сабаққадеген ынталарын ояту. Көлеңкесінен қорқып безектейді, Ал, оның баласын көжек,- дейді.
Аузы бейне, шалғы орақ, Шөп емес, бірақ малды орады.
Өзі қу, әрі айлакер, Жүрген жері айқай да шу.
Тұмсығы ұзын күшті, Өзі ерен мықты.
Қара ала тоны бар, Ол аңдардың қыраны. Жатқанын көп көрмейміз, Серейіп көп тұрады. Бұлардың бәрін не деп айтамыз?
Олар қайда тұрады? дұрыс айтасыңдар. Оларды көру үшін біз қайда барамыз? Дұрыс, оларды жақыннан көру үшін арнайы осы жануарлар үшін арналған саябаққа барады екенбіз. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып. Бір отырып, бір тұрып. Дем алғасын отырайық. Балалар, қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
Осы аңдарымызға арнап жануарлар саябағын құрастырыңдаршы?
Д/Қ ойын «Кім шапшаң?» Суреттегі аңдардың тұрысын келтіру. | Балалар жұмбақтардың жауабын айтты. Қоян Қасқыр Түлкі Піл Керік Жабайы аңдар, жануарлар Олар орманда тұрады Жануарлар саябағына Балалар сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасап шықты. Жабайы аңдардың мүсіндері. Балалар құрастырғыштардан жануарларға саябақ құрастырды. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап, аңдардың іс – әрекетін қимылмен көрсетті. |
ІІІ - кезең Рефлексивтік - түзетушілік | Сабаққа жақсы қатысқан алаларды мадақтап, қортынды жасау. | Балалар сабаққа бар ынтасымен қатысып шаттанды. |