Просмотр содержимого документа
«Жан-жануарлар, а?дар, ж?ндіктерге байланысты ж?мба?тар.».»
Тақырыбы: «Жан-жануарлар, аңдар, жәндіктерге байланысты жұмбақтар.».
Мақсаты: Балаларды жан- жануарларға, аңдарға, жәндіктерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жұмбақ жасыру арқылы сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың тілдік қатынас дағдыларын дамыту . Балалардың ой- өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа , бірлесіп жұмыс істей білу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік:слайд, жабайы аңдардың, жан-жануарлардың, жәндіктердің суреті.
Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті шаттық шеңберімен басталады. Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Үлкенге де - сіз, Кішіге де - сіз Бәріңізді құрметтеп, Бас иеміз біз! (Ата-аналарға қонақтарға иіліп амандасады) -Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін мен сіздерге сұрақ қоямын. Сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың кім екенін білесіңдер. -Жұма сайын біз, яғни аналарымыз , апаларымыз не пісіріп таратады? - Балалар атасы мен әжесінен қашып келе жатқан қай ертегінің кейіпкері екен? Балалар: бауырсақ. Дұрыс балалар, жарайсындар. - Бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен, сен неге ата, әжесеінен қашып келе жатырсын? Бауырсақ: Балалар мен қашып келе жатқан жоқпые сендерге бірнеше тапсырмалар әкелдім. Ол тапсырмалар жұмбақ түрінде берілген. Ойының шарты: Жұмбақтың шешуін білдіретін жануарлардың суреттері тақтаға ілінеді. Жануарлар туралы жұмбақтар. 1-тапсырма
Өзі аңдардың патшасы ,
Айбарлы түрі бар,
Тұла бойында
Тасыған күші бар. (Арыстан)
Жалп-жалп сақалы,
Қолыңнан дәм татады. (Ешкі)
Орманда тұрады,
өзі бір қу
Жүрген жері айқай-шу. ( Түлкі)
Мұртын сипап күн бойы,
Бетін сусыз жуады.
Тырсылды аңдып күн бойы,
Тышқанды көп қуады. (Мысық)
2-тапсырма Тәрбиеші: Балалар назарымызды интерактивтік тақтаға аударайық. Экранда 4-текше берілген. Балалар бір-бірден текше таңдайық. Онда жұмбақтар жасырылған.
Ызыңдап ән салады, Жұп – жұқа қанаты. Тәттіге тамсанып, Қоқысқа қонады. Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады Шырынын сорады Түр – түсі, сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
- Бауырсақ: Рахмет балалар! Мен сендерге риза болдым. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіндер. Мен сендермен дос боламын. Мені атам мен әжем іздеп жатқан болар. Мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңдар, балалар!
Ұғынады: Жан-жануарлар, аңдар, жәндіктер туралы
Түсінеді: Жұмбақ шешу арқылы ой өрістерінің кеңейетінін
Қолданады: интерактивтік тақтадағы суреттерді нақты әрі анық таба білуді