Дәлелдеп талаптану | Балалар біздің Отанымыз қандай? Қазақстан – біздің Отанымыз. Біздің президентіміз кім? Біз қай елдің азаматымыз?Дұрыс, балалар. | Отанымыз-Қазақстан. Президентіміз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан елінің азаматымыз. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Сюрприздік сәт: Тәрбиеші қорапшаны алып ішінен хат алып шығады. Ол хатты бізге бірінші кіші топтың балалары жіберіпті. Олар сендерден жалауша құрастырып беруді сұрайды. Олар кішкентай болғасын өздері құрастыра алмапты, біз оларға көмектесеміз бе,балалар? Тәрбиеші балаларға үлгі бойынша жалаушаны қалай істеу керек екенін көрсетеді. Түрлі-түсті қағазды әкелу, қағазды тең бүктеу, көзбен өлшеу. Балалармен жалауша жайында әңгіме жүргізу. Оның қандай бөліктерден тұратының түсіндіру. Сергіту сәті; Жоғары күнге қараймыз, 1,2,3 деп санаймыз Күнді қолдан жасаймыз Тату болып ойнаймыз. Жарайсыңдар балалар біз енді өз қолымызбен жасаған жалаушаны пошташыдан беріп жіберейік. Тәрбиеші балалардың жасаған жасауларын мадақтайды.Балалардың өз қолдарымен жасаған жақсы деген жұмыстарды көріп,бағалайды. Жеке тұлғаның бағалауы. | Балалар қызығушылықпен хатты тыңдайды. Көмектескілері келетіндерін айтады.. Өз көмектерін ұсынады. Тәрбиешінің үлгісі бойынша жалауша жасайды. Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды. Балалар өздерінің жасаған жалаушаларын көріп риза болады. Оны пошташының қорабына салады. |