kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жаяу ж?ргінші ж?не ж?ргізуші»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жаяу ж?ргінші  ж?не ж?ргізуші»

Ма?саты:Шара?а ата –аналармен маи ?ызметкерлерін ?атыстыру. Балаларды? жолда ж?ру туралы білімдерін тияна?тау. Жол белгілерін айыра білу да?дыларын ?алыптастыру. Іс ж?зінде ?олдану?а ?ызы?ушылы?тарын тудыру. Балаларды мейірімділікке, бай?а?ышты??а т?рбиелеу.

К?рнекіліктер: жол белгілері, к?ше макеті, ба?даршам, алдын ала ?зірленген киімдер, ойыншы? балалар айдайтын машиналар, слайд.

?діс – т?сіл: ойын, с?ра?-жауап, сахналау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жаяу ж?ргінші ж?не ж?ргізуші»»



«Жаяу жүргінші және жүргізуші»

Мақсаты:Шараға ата –аналармен маи қызметкерлерін қатыстыру. Балалардың жолда жүру туралы білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру. Балаларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жол белгілері, көше макеті, бағдаршам, алдын ала әзірленген киімдер, ойыншық балалар айдайтын машиналар, слайд.

Әдіс – тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, сахналау.

Кіріспе:

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.


Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн болып тұр, себебі бізге МАИ қызметкері инспектор ағай қонаққа келіпті. Балалар, инспектор ағай сіздердің жол ережесін қаншалықты білетіндеріңді тексергісі келеді екен.

Ол үшін балалар, біз көшеге саяхатқа шығамыз.

Ендеше алдымен жол ережелерін қайталап алайықшы.

Жұмбақтар жасырып, жауабын экраннан көру.

  1. Жоқ өзінде бас та, ауыз  да, құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

Балаларға бағдаршам туралы сұрақтар қою.

2. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

  Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

Жаяу жүргінші жүретін – ақ жолақ туралы сұрақтар қою.

3. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

-Ал енді келесі,жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар, сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді.жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді,

 Жүк емес жануарға жүз адам да,

Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді.(Автобус)

Балалар автобустың артқы есігінен мінеді.

Тәрбиеші:-Балалар, жүргізуші неге автобусты тоқтатты екен?

Балалар:-Себебі бағдаршамның жасыл түсі жанып тұр.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда барлық көліктер тоқтап, жаяу жүргіншілерге жол береді.

Автобус қала көшесінің аялдамасына келіп тоқтайды, балалар автобустың алдыңғы есігінен түседі.

Тәрбиеші:-Балалар, көшеде өте сақ болып жүруіміз керек. Осы кезде велосипед айдаған бала жолды кесіп өтпекші болады, оны жол тәртібін реттеуші ағай ысқырып тоқтатады.

Инспектор:-Сенің мұның не? Жол тәртібін неге бұзасың? Қане велосипедіңді маған бер.

Тәрбиеші:-Cәлеметсіз бе, инспектор ағай. Бұл жерде не болып жатыр?

Инспектор:-Мына бала велосипедпен жүруге болмайтын жермен өтпекші болды. Өзі жол ережесін білмейді екен. Бағдаршамға да қарамайды.

Тәрбиеші:-Инспектор ағай, сіз ол баланы бір жолға кешіріп, жіберіңізші. Біздің балалар оған барлық жол ережесін үйретеді.

Инспектор: -Жарайды. Бірақ велосипед менде қалады. Барлық жол ережесін біліп алғасын, келіп аласың.

Тәрбиеші:-Сенің атың кім?

Бала:-Менің атым – Марат . Жол ережесі, бағдаршам деген не ол? Мен велосипедіммен зырылдап жүргенді ұнатамын.

Тәрбиеші:-Балақай, олай болмайды, егер сен жол ережесін біліп, оны сақтап жүрсең, жол апатынан аман жүресің.

Марат:-Балалар, сендер барлық жол ережелерін білесіңдер ме? Ендеше маған үйретіңдерші.

Тәрбиеші:- Балақай, сен мына ақ жолақтың не екенін білесің бе?

Марат:-Жооқ, білмеймін.

Тәрбиеші:-Балалар, жолдың арғы бетіне шығу үшін не істейміз?

Балалар: -Жаяу жүргінші өтетін жолдан өтеміз. Ол үшін бағдаршамға қараймыз. Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда, барлық көліктер тоқтайды, сол кезде ғана жаяу жүргіншілер жолымен өтеміз.

Тәрбиеші:-Бағдаршам деген не үшін керек? Қане, Маратқа айтып, көрсетіп беріңдерші. (бағдаршамның көздерінің түстерінің нені білдіретінін айту)

Бағдаршам туралы тақпақ айту.

1.Үлкен жолдың үстінде,
Әмірші де, күшті де.
Бағдаршам екенін,
Есте сақта достарым!
Бұл сақшының үш көзді
Үш көзден, ұқ үш сөзді
Ашса бұл, дәу үш көзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Топырлама таласып.

2.Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға, Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба.


Тәрбиеші:-Жолдан өтер кезде алдымен қайда қараймыз?


Жол тәртібін білеміз,

Сол жағымен жүреміз.

Қарсы келе жатқан көп,

Машинаны көреміз.

-Ал, мына белгі нені білдіреді екен? (жақын маңда аурухана бар)

-Балалар, қараңдаршы бұл қандай белгі? (бұл жерде велосипед тебуге болмайды)

-Ал,мына жол жаяу жүргіншілер жүретін жол. Жолды кесіп өту үшін тек осы ақ жолақпен өту керек. Қане, балалар жолдың арғы бетінде ойын алаңы бар екен сол жерге барайық. (жолды кесіп өту)

-Ал, мына белгі не дегенді білдіреді? (жақын маңда асхана бар)

Тәрбиеші:-Балалар сендермен бірге қызықты ойын ойнайық.

Ойын шарты: әр бала өз көліктерінің түсіне сай автотұраққа көліктерін орналастыру.

Тәрбиеші:-Марат, біздің балалардан жол ережесін үйрендің бе? Енді жол ережесін сақтап жүресің бе?

Марат:-Иә, достар сендер жолда жүру ережелерін жақсы біледі екенсіңдер. Мен бәрін түсіндім. Енді жол ережесін сақтап жүретін боламын.

Тәрбиеші:-Балалар, біздің бүгінгі шарамызға ата – аналарымызда қатысып отыр екен, олай болса ата-аналарымызға да сұрақтар қойып көрейік.

Ата – аналарға арналған сұрақтар:

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді. Бағдаршамның түстерінің қызметін атаңыз.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

Жауап: Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?

Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.

Тәрбиеші:-Марат балақай , біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз болды.

Енді жол ережесін мұқият сақтап жүр.

Марат:-Инспектор ағай, кешіріңіз мен енді жол ережесін сақтап жүремін. Велосипедімді қайтарасыз ба?

Инспектор ағай, біздің балаларымыздың жол ережесін қаншалықты білетіндерін көрдіңіз ғой, сіз не айтар едіңіз?

Тәрбиеші: Ал, балалар енді автобусқа мініп, балабақшамызға оралайық.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
«Жаяу ж?ргінші ж?не ж?ргізуші»

Автор: Аманова Марал Жанахмет?ызы

Дата: 04.03.2016

Номер свидетельства: 302281


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства