Просмотр содержимого документа
«Жабайы жануарларды? орманда ?ыстауы »
Актюбинская область
Каргалинскии район
ДО « Айголек»
Тасымова Асима Сабыржановна
ТАҚЫРЫБЫ:
«Жабайы жануарлардың орманда қыстауы»
Мақсаты: Балаларға аңдар туралы көрген білгендерін айтқызу, қысқы тіршілігімен таныстыру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру. Еңбекқорлыққа достыққа, аңдарға деген қамқорлық көзқарасқа тәрбиелеу. Жаңа әдіспен сурет салу дағдыларын үйрету. Ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Слайдттар, жарма ұнтағы,көк түсті қағаз, қардың суреті
Шаттық шеңбер. Арайлы таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Қайырлы күн балалар! Қайырлы күн қонақтар Т:- Балалар жылдың қай мезгілі? Б:-Қыс Т:Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады? Б: Қар жауады, аяз, боран болады. Т: Қыс мезгілінде немен ойнаймыз? Б: Шанамен сырғанақ тебеміз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз. Т:Балалар қарандаршы бізге не ұшып келді? Б:-Қар - Қымбатты балалар, мен сіздерді қысқы орманға серуенге шақырамын. Т:Сіздер ,орманға серуенге шыққыларын келе ме? (балалар жауабы) . Т:- Балалар, қыста біздер қандай киім киеміз? (балалар жауабы: қалың киімдерді киеміз; жылы шалбар, байпақ, жылы тон, бас киім, қолғап – балалар киінудің қимылын көрсетеді)
Т:-Керемет, біз сіздермен жылы киіндік. Балалар, орманда өз-өзімізді қалай ұстауымыз керек? (балалар сұраққа сөйлеммен жауап береді)
Т:- Дұрыс, жарайсыңдар, сіздер орманда өздерінді қалай ұстау керек екенін білесіңдер. Орманда алысқа қашуға болмайды, әйтпесе адасып кетуге болады: жануарлар мен құстар шошып кетпесін деп, шуламауымыз қажет.
- Ал мен сіздерге орманға жаяу баруды ұсынамын. (Слайд) Әуелі жолдын бойымен жүреміз(балалар жай жүріспен жүреді), алдымызда омба қар кездесе берді, ал енді қалың қармен жүреміз. Аяғымызды жоғары көтеріп, тіземізді бөгеміз. Міне, орманға да келдік.
- Балалар, қарандаршы, орман қандай әдемі, жайлы, тыныш.Ой балалар қараңдаршы бізге ұлпа қар ұшып келді қарайықшы. Ұлпа қар бізге жұмбақ жасырған екен.
- Ал енді жұмбақты тыңдап жауабын айтсақ,шешуі шығады:
Қыс бойына жатады Тәтті ұйқыға батады. (аю) (слайд)
Жарайсыңдар, шешуін таптыңдар Балалар, айтындаршы,аю қысты қалай қыстап шығады? (балалар жауабын сөйлеммен жауап береді; қыста аю апанында ұйықтайды, ал көктемде тәтті ұйқыдан оянады)
Жарайсыңдар, аю жазда денесіне май жинайды,ал қыста ұйқыға кетеді.
Аю - жабайы аң, ол орманда тіршілік етеді Оның басы, денесі, төрт аяғы бар. Т: Аюдың сүйікті асы қандай? Б: Балық, бал, жеміс жидектерді жақсы көреді. Т: Аю қыс мезгілінде қайда болады? Б: Аю апанда қыс бойы ұйықтайды Т: Аюдың түсі қандай? Б: Ақ, сұр, қара болады Т:Аюдың баласын біз не дейміз? Б:Қонжық
Сергіту сәті: (музыкамен айтылады.) Біз орманға барайық, Жан - жағымызға қарайық Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап Түлкі шықты майысып Қоян шықты секіріп, Қорықпаңдар, балалар Қарап - қарап алыңдар
-Ғажайып сәт.Қоян секіріп өтеді. (Слайд)
Сұрақ жауап: -Балалар біздің алдымыздан не жүгіріп өтті?
-Дұрыс айтасындар Қоян - жабайы аң. Оның құлағы ұзын. Төрт аяғы бар. Т: Қоянның түсі қандай? Б: Қоянның түсі қыста ақ, жазда сұр болады. - Қыста қоян не жейді? Б:Қоян қыстаағаштардың бұтасын, тамырын кеміріп қоректенеді. Т: Қоян нені жақсы көреді? Б: Сәбізді, шөпті жақсы көреді Т: Қоянның баласын не дейді? Б: Көжек
- Жарайсыңдар балалар, сендер аю мен қоян туралы жақсы айттындар.
- Орманада тағы қандай жануарлар өмір сүреді? (балалар орманда:қасқыр,тиын,түлкі т.б.жануарлар мекендейтінін айтады)
- Ал бұл жануарларды қалай атайды? (жабайы жануарлар, жыртқыш аңдар)
-Балалар жабайы аңдар туралы біз көп білдік,орман да әдемі екен,аппақ.Ал бізді орманға шақырған қоян емес,бізді не шақырды? Б: қар. Т: Балалар, біз ұлпа қарға алғысымыз ретінде оған ақ қардың суретін салып , сыйға тартып берейік.
Алдарыңызда көк түсті қағаз, жарма ұнтағы берілген.
Осы заттармен біз ақ қарды саламыз.Енді мен сендерге сурет салудың әдісін көрсетейін:
-Қардың суретін оң қолымыздың сұқ саусағымызбен саламыз.Көк түсті қағазға жарма ұнтағын сеуіп,үстінен сұқ саусақпен ұлпа қардың суретін жоғарыдан төмен қарай,сол жақтан оң жаққа қарай сызықтарды жүргіземіз.Енді ұлпа қарды ауада салып көрейік.
Балалардың өз бетінше жұмыс жасауы. Салынған суретті балалар қарға сыйлайды. Қимылды ойын: «Қояндар мен қасқыр»Мақсаты: балаларды шапшандылыққа,ұқыптылыққа, ептілікке үйретіп, ойынға деген қызығушылығын арттыру. Ал бізге балабақшаға қайтатын уақыт келді
ҚОРЫТЫНДЫ: -Сендерге қысқы ормандағы серуен ұнады ма? -Біздер ненің суретін салдық? -Балалар сендерге рахмет, сендер мені өздерінің білімдеріммен қуанттыңдар. Сонымен қатар сендер орманда өзін қалай ұстау керектігін білесіңдер.
«Айгөлек»
Кіріктірілген ашық сабақ 2-кіші «Ақмоншақ» тобында