Просмотр содержимого документа
«Жабайы а?дарды? ?ыс?ы тіршілігі. »
Сабақтың ақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Мультимедиялық проектор
Көрнекілігі: Жануарлардың суреттері, орман бейнесі, себетке салынған саңырауқұлақ астындағы сыйлықтар. Үй жануарларының суреттері, орман және үй суреттері.
Тәрбиеші: Ал балалар, қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші, Балалар: - Қазір жылдың қыс мезгілі. Тәрбиеші: Қыс айларын атап беріңдерші? Балалар:- Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Тәрбиеші:- Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады? Балалар -: Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның бәрін қар басады. Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар, балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Құстардың тіршілігі сурет бойынша әңгіме.
Жаңылтпаш айту.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
Жұмбақ.
Балалар бұл жұмбақтарды шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білетін боламыз.
1.өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу.
Бұл не? (түлкі)
2.Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? (аю)
3.Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. Бұл не? (тиін)
4. Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине. Бұл не? (кірпі)
Ал, енді суретке қарап отырып атаңдаршы?
Бір сөзбен қалай айтамыз? Жабайы жануарлар.
ІІІ.Жаңа сабақ. (суреттерін салып, бір шетіне айтатын сөздерін жазып қоярсын.
-Ендеше бүгінгі саағымыздың тақырыбы «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»
-Барлығымыз назарымызды тақтаға аударайық.(Жабайы жануарлар туралы түсінік беру)
Енді осы орман аңдарын мультимедиадан қарайық. Орман аңдарын көрсету.
1. Қоян. қыста үйілген бұталардың, ағаштың қуыстарында қыстайды. Ол құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді. Қоянның баласы көжек деп аталады.
2. мынау – түлкі. Балалар, қараңдаршы қандай әдемі. Түлкінің мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді. Құстың жұмыртқасын жейді. Түлкі – інде тұрады. Баласы – мыршай деп аталады.
3. Тиын. Інін ағаштың қуысына салады. Өте әдемі. Жаңғақ жейді.
4. Аю. Аю үлкен аң, ақылды жыртқыш. Ол өз бетінше ешкімге тиіспейді. Ол апанда мекендейді. Баласы – қонжық деп аталады. Аю бал жейді, жеміс - жидек жейді.
5. Қасқыр. Қыста құстармен, дала жануарларымен, қоян жейді, үй жануарларын жейді. Ол апанда тұрады. Балалары – бөлтірік деп аталады.
-Сәлемесәндер ме, балалар? Біздер орманнан әдейі осында біздер уралы айтып жатырғанын естіп келе жатырмыз. Біздер құр келген жоқпыз тапсырмалар ала келдік. Осы тапсырманы балалар жақсы орындаса біз тыныш ұйықтайтын боламыз.
-Ал балалар орманнан келген қонақтардың тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?
-Ия
1. Қасқырдың тапсырмасы. Орманда аңдар немен қоректенеді және төлдерін табу.?
(мында бир бетке ар жерге суреттерін қойып қойсан ҚАСҚЫР.ТҮЛКІ. ҚОЯН.АЮ.ТИІН болды оны тақтаға плакатка орындатам)
2.тапсырма «Балапандарын тап» (мындада тақырыбын жазып суреттерін қойып қой.
Балалар мына жерде аңдарды суреті ілінген соған осы аңдардың төлдерін тауып қасына орналастырамыз.
V. Ал аю сіз қандай тапсырма әкелдіңіз?(жазып қоярсын)
-Мен балаларға шаршаған шығар деп сергіту сәтін ала келдім.
Ормандағы аюдың.
Құлпынайы көп екен.
Теріп теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
VІ. Қоянны тапсырмасы. Жеке жұмыс.(мындада жазып баатын сурет болса қоярсын сұр қоян сосын ақ қоян
Балалар қараңдаршы қоян түсін өзгертпепті біз қоянға түсінің қандай түске өзгеретінін көрсетеміз ба? Келіңдер біз оған көмектесейік. Үстел басына отырыңдар бұл жерде қоянның сұр тоны ақ тонға айналдыратын ғажайып зат бар, ол мақта Тәрбиеші: Мақтаның түсі қандай? Балалар: Ақ. Тәрбиеші: Мақта аппақ, мамықтай, қоянның қысқы тоны сияқты. Енді алдарыңдағы желімді пайдаланып мақтаны қоянның кескіндемесіне жабыстырамыз. Көзін қара ермексаздан жасаймыз. Балалар жабыстыру жұмысын жасайды.
VІІ. Сөздік жұмысы. Сөздерімен жазарсын
-Балалар, сендер орыс тілі сабағында көптеген сөздердің орысша атауын үйрендікю Солай ма? Ендеше бүгінгі тақырыпқа байланысты, сөздердің орысшасын айтам немесе тақтадағы суреттен қарап орысша атуын айтайық.
Жабайы жануарлар – дикие животные, қоян – заяц, тиін – белка, түлкі – лиса, аю – медведь.
Сабақты қорытындылау. Жазып қоярсын
Бұл аңдарды неге жабайы дейміз? Қай аң қыста ұйықтап жатады? Олардың балаларын қалай атаймыз? Жабайы аңдар қайда мекендейді?