Просмотр содержимого документа
«"Ж дыбысы" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі»
Қостанай қаласының “Бөбек” балабақша мекемесі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Ересек « Айгөлек » тобы
Өткізілген күні: 14.02. 2018 ж
Тәрбиеші : Исакова А.К.
Өтпелі тақырыбы : Менің Қазақстаным .
Білім беру саласы: Қатынас. Сауат ашу негіздері. Тақырыбы: «Ж» дыбысы және әрпі. Мақсаттары :
1. «Ж» дыбысымен және әріпімен таныстыру, «ж» дыбысына сөз ойлап, буынға бөлуге, «ж» дыбысының таңбасын жазуға үйрету.
2. Балалардың әріптерден сөз құрау, тірек сызба бойынша сөйлем құрау, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау дағдысын дамыту.
3. Бірлесіп топта жұмыс жасауға, жаңа нәрсені білуге және оқып, жазуға қызығушылығын арттырып, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ж әріпінің баспа және жазба түрі. Қызыл, көк түсті текшелер және жай қарындаштар, кеспе әріптер, жапалақтың, жапырақтың суреті. Видио диск, поректор.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру.
Ұйымдастырушылық мотивациялық кезең
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық
Күн шуағын шашайық
Жүректегі жылуды
Қонақтарға шашайық.
Ойын: «шатасқан әріптерден сөз құрау»
Алма
Алма дәмді. Сөйлем екі сөзден тұрады.
Тақия. Атама тақиясын алып бердім. Сөйлем төрт сөзден тұрады.
Ізденісті- ұйымдастыру кезеңі
Видео диск тыңдату.
Дискіден қоңыздың дыбысын тыңдатамын.
Балалар не жұріп өтті?
Қоңыз жүріп өтті.
Ол қандай дыбыс шығарды?
Қоңыз ж-ж-ж –деген дыбыс шығарды.
Балалар, бүгін біз «Ж» дыбысымен және таңбасымен танысамыз.