kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заттардың 5-ке дейінгі саналуы, өсу, кему ретімен санау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, сандар жайлы түсініктерін толықтыру, 1-ден 5-ке дейін ауызша санап, есептей білуге, сандар қатарын сақтай білуге, тура және кері санауға үйрету. Қиялын, есте сақтау қабілетін ойын арқылы жетілдіру. Сөздік қарым-қатынаста тіл байлығын жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заттардың 5-ке дейінгі саналуы, өсу, кему ретімен санау»

Заттардың 5-ке дейінгі саналуы, өсу, кему ретімен санау.

Білім беру саласы: таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: математика

Тақырыбы: Заттардың 5-ке дейінгі саналуы, өсу, кему ретімен санау.

Мақсаты: Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, сандар жайлы түсініктерін толықтыру, 1-ден 5-ке дейін ауызша санап, есептей білуге, сандар қатарын сақтай білуге, тура және кері санауға үйрету. Қиялын, есте сақтау қабілетін ойын арқылы жетілдіру. Сөздік қарым-қатынаста тіл байлығын жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: суреттер, дидактикалық материалдар, 1-5 ке дейінгі сандар.

Қолданылатын әдіс тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Қос-тілділік: бес- пять ,five.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық- ынталандыру кезеңі



Ұйымдастырушылық

кезеңі























































































































Рефлексия кезеңі

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң Көк аспан!

Қайырлы таң Жер ана!

  • Балалар сендер таңертең ұйқыдан оянған соң қайда келесіндер?


  • Балабақша сендерге несімен ұнайды?


  • Жарайсыңдар балақайлар, ба- лабақша біздің екінші үйіміз , мұнда біз тату-тәтті болып өмір сүріп келеміз.


  • Мен бүгін сендерді «Ойлан тап» деп аталатын қызықты математика әлеміне шақырамын. Балалар мен сендердің ертегіні өте жақсы көретіндерінді білемін, сондықтан мен сендерге қызықты ертегі айтып беремін. Ал сендер мұқият тыңдандар!


  • Ерте, ерте, ертеде бір үйде ағалы-інілі ағайынды сандар өмір сүріпті. Олар орманға шырша тамашалауға барып бір-бірінен адасып қалыпты. Осы адасқан сандарға бізден көмек керек болып тұр. Жалмауыз кемпір орманнан бізге хат қоя беріпті (есіктен бір қолында ұстаған хаты бар аң кіреді )


  • Сәлеметсіңдерме балақайлар!


  • Міне,сендерге жалмауыз кемпірдің жіберген хаты. Мұның ішінде тапсырмалар бар. Сендер ол тапсырмаларды дұрыс әрі тез орындауға тырысыңдар! ­Өйткені сандар сендерді күтіп отыр(деп, шығып кетеді)


  • Олай болса, тапсырмалармен танысайық.

1 тапсырма

А)аспанда неше күн бар?

В) адамда неше көз бар?

Г) бағдаршамда көз нешеу?түстерін ата?

Д) Төртбұрышта неше бұрыш бар?

Е) Адамның бір қолында неше саусақ бар?

2 тапсырма

Шатасқан сандарға орнын табуға көмектес.

3 тапсырма

Сандық қатарда жетпей тұрған сандарды тап. Орнына орналастыр.

4 тапсырма

1,2,3,4,5 сандарын тура,кері санап бер.

5 тапсырма

Жолақшаларды өсу, кему ретімен қой, түстерін ата?(тақтамен жұмыс)

  • Балалар біраз сергіп алайық!

Сергіту сәті: Тышқан мен сағат.

Тышқан шықты өрмелеп,

Сағатқа бірінші(2-ші,3-ші)рет

Сағат айтты бом(2 рет,3 рет)деп,

Тышқан кетті домалап.

  • Енді орнымызға отырып санамақ санауға үйренейік

1 дегенім – бірлік,

Онсыз болмас тірлік.

2 дегенім – еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

3 дегенім – үлес,

Үлес үшін күрес.

4 дегенім – терме,





Тұрған жақсы ерте.

5 дегенім – белең,

Сан үйреніп келем.

  • Өте жақсы балалар! Біз сендермен жалмауыздың берген барлық тапсырмаларын дұрыс әрі тез орындап шықтық. Енді ол ағайынды сандарды босатты. Жарайсыңдар!

  • Балалар бүгінгі сабақта сендер не үйреңдіндер?

  • Сабақ барысында қандай сәттер ерекше ұнады?

  • Бүгінгі сабақта сендерге мен және ағайынды сандар да өте ризамыз! Сендер өте ақылды екенсіңдер, жарайсыңдар!


Қимылмен көрсетіп, қайталайды.



  • Біз ұйқыдан тұрған соң балабақшаға келеміз.

Балалардың жауаптары.













  • Жарайды!


















  • Сәлеметсізбе!
















Балалар кезек –кезек берілген тапсырмаларды орындайды.

















Балалар тәрбиешімен бірге әндете отырып, қимыл арқылы көрсетеді.




Балалар тәрбиешіден қайталап айтады.

















Балалар қуанады.

Тәрбиешінің сұрақтарына әрбір бала жауап береді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Заттардың 5-ке дейінгі саналуы, өсу, кему ретімен санау

Автор: Манапова Анар Жумагазыевна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455030


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства