қиялдарын шарықтату. Тәрбиелігі: Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға,батылдыққа,
адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет
бойынша әңгіме,ойша саяхат,дидактикалық ойын түрлері. Пәнаралық байланыс: математика, тіл дамыту, құрастыру Көрнекіліктері: компьютер, слайд-суреттер, бейнетаспа, геометриялық пішіндер,
интерактивті тақта, доптар.
Іс әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс- әрекеттері
Балалардың іс -әрекеттері
Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері:
Топ-топ аяқ басамыз,
Жылдам қимыл жасаймыз,
Түске дейін ұйықтайтын,
Еріншектен қашамыз.
Топ-топ, топ-топ жүгірдік,
Жұлдыздарға үңілдік,
Ойын ойнап, бой сергіп,
Қызықты өтеді бүгін күн.
Балалар тәрбиешінің көмегімен іс-әрекет қимылдар жасап, өлеңді қайталайды.
Ізденіс ұйымдастырушы
Балалар, жылда неше мезгіл бар? Қазір қай мезгіл?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінің айлары қалай аталады?
Қазір қай ай?
Ал сендер білесіңдер ме, сәуір айында қандай мереке бар?
Слайд-суреттер арқылы әңгімелеу:
Алдымен ғалымдар ғарыш әлеміне Белка, Стрелка атты екі итті ғарышқа ұшырған , олар аман есен жерге оралған соң Сәур айында 12 жұлдызында 1961ж ғарыш әлеміне Юрий Алексеевич Гагарин атты батыр ғарышкер ұшқан.
Содан бері 12 сәуір күнін ғарыш күні деп аталады Ол есімді бұрын соң естідіңдер ме? Балалар, біздің мектепке сол ғарышкер есімі берілген. Біздің метеп Юрий Алексеевич Гагарин атындағы орта мектебі деп аталады.
Біздің Қазақстаннан ғарышқа ұшқан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мусабаев.
Балалар, қазір біз аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғарыш әлеміне ұшатын кемені зымыран деп атайды. Ғарыш кемесі ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атайды.Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңырда орналасқан.
Ғарышқа ұшу үшін олар әр түрлі дайындықтан өтіп, аранайы білім алады.ғарышта адам демалатын ауа жоқ, сондықтан арнайы скафандр киімін киеді.
Ал енді біз дайын болсақ аспан әлеміне саяхатқа аттанайық.
Балаларға мультимедия арқылы аспан әлемі туралы бейнетаспа көрсетеміз.
Балалар, біз жер планетасында өмір сүреміз. Ғарыштан жер неге ұқсайды?
Сендер аспанға қарағанда не көресіңдер?
Төрт мезгіл бар.
Көктем мезгілі.
Үш ай.
Наурыз, сәуір, мамыр.
Сәуір айы.
Балалардың жауаптары.
Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдап ғарышкерлермен слайд-суреттер арқылы танысады.
Балалар зымыранға отырып саяхатқа аттанады.
Шарға
Күнді.
Ал күн қандай?
Ендеше күннің айналасынан жер және басқа да жер секілді планеталар орналасып, айналып жүреді. Олар: Ай, Юпитер, Сатурн, Нептун, Марс, Уран, Плутон деп аталады.Ол планеталарда тіршілік жоқ.
Балала, сендер түнде аспаннан не көресіңдер?
Жұлдыздар күндіз көрінбейді, ал түнде жарқырайды. Жұлдыз– өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас
аспан денелері.
Жұлдыздар топтамасы әр түрлі бейнелер құрайды. Әр айдың өзінң жұлдызнамасы бар. Айта кетсек : қаңтар айында туған балалардың жұлдызнамасы –Тауешкі. Ал ақпан айында туғандардың жұлдызнамасы –Балық. Мысалы: Жаннұр, Баязит және Саянаның жұлдызнамасы Тауешкі. Ал Фатиманың жұлдызнамасы – Суқұйғыш. Нұрайна, Вероника және Ұлағаттың жұлдызнамалары – Балықтар.Абдурахманның жұлдызнамасы Тоқты болса, Жайнараның жұлдызнамасы Торпақ. Айдос пен Дарынның жұлдызнамасы Шаян. Абылайдың жұлдызнамасы Бикеш болса, Мансұрдың жұлдызнамасы Таразы. Қарақат пен Алтынайдың жұлдызнамасы Сарышаян болса, Даянаның жұлдызнамасы Мерген.
Ал енді тобымызға қайтатын уықыт болды.
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Зымыранға ұқсайық.
Ұшып,ұшып алайық,
Орнымызды табайық.
Дөңгелек.
Жұлдыздарды
Балалар, біздерге ғарышкерлерден сыйлықтар келіпті. Бұл не?
Олар неге ұқсайды?
Доптарда нелер салынған?
Дұрыс балалар, бұлар сиқырлы планеталар.
1-тапсырма: Белка мен стрелка
«Суретшінің қатесін тап!»
2-тапсырма: Юрий Алексеевич Гагариннен
Интерактивті тақтамен жұмыс:
Пішіндерден зымыран құрастыр.
3-тапсырма: Тоқтар Әубәкіровтен
Жұмбақтарды шеш:
Жылт –жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төмеңге.
Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір.
Әлемнің бар екі күзетшісі:
Бірі-күндіз тынығады,
Бірі-түнде тынығады.
Ұшады қанатсыз,
Зулайды аяқсыз.
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.
4-тапсырма: Талғат Мусабаевтан:
Аспан әлеміне қатысты сөздерді пайдаланып адамдардың есімін тап:
Мысалы: Айдос, Арай, Күнсұлу....
Доптар.
Планеталарға
Сандар
Суреттегі кеткен қателерін анықтап түзейді.
Әр түрлі пішіндерден зымыранның суретін құрастырады
Жұмбақтар шешеді
Жұлдыздар
Аспан
Күн мен Ай
Зымыран
Ай
Айдос, Арай, Күнсұлу....
Рефлексация түзетуші
Балалар, бүгін біз саяхатқа қайда бардық?
Сендерге ұнады ма?
Кімнің тапсырмасы ұнады?
Сендер өскенде кім болғыларың келеді?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже : Жер, ғарыш, ғарышкерлер, жұлдыздар туралы түсінік алады; іс әрекетке деген қызығушылығы артады; тапсырмаларды белсенділікпен орындайды.