Валеология п?нінен "?лдар мен ?ыздар" та?ырыбында?ы саба? жоспары
Валеология п?нінен "?лдар мен ?ыздар" та?ырыбында?ы саба? жоспары
Шатты? ше?бері: Балалар ше?бер ??рып т?рады, бір - бірімен с?лемдеседі, бірге ?н салады.
Біз - ту?ан ел баласы
С?зін жаз?ан: ?. Ыдырысов
?нін жаз?ан: К. ?уатбаев
Асыр сал?ан таласып, Отаным ке? к?сілген,
Біз - ту?ан ел баласы Т?сінде ырыс т?гілген.
?андай байта? Отаным, ?апта?ан мал, алып д?н,
Жан - жа?ы?а ?арашы. Б?рі мені? несібем.
Б?рін к?ріп келеміз,
Болаша??а сенеміз.
Жа?сы о?умен, е?бекпен,
Біздер жауап береміз.
?й тапсырмасын с?рау:
- Балалар ?йге ?андай тапсырма берілді?
- ?ткен та?ырыптарды ?айталау
- Мерекелік кестені кім айтып бере алады?
-«?ыз?анышты? кесірі» м?тінінен т?сінгені?ді айтып бер?
- «Бірлік» туралы ??гімеден не т?сінді?? ж?не сол та?ырыпты? д?йекс?зін жат?а айт.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Валеология п?нінен "?лдар мен ?ыздар" та?ырыбында?ы саба? жоспары»
Мұғалім: Калиева С.У.
Сынып: 0 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Ұлдар мен қыздар
Пәні: Валеология Сабақтың мақсаты: Ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру Оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту
Оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу Көрнекі құралдар: Үнтаспа, дәптер, оқулық, екі плакат, маркер. Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі, бірге ән салады. Біз - туған ел баласы Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов Әнін жазған: К. Қуатбаев Асыр салған таласып, Отаным кең көсілген, Біз - туған ел баласы Төсінде ырыс төгілген. Қандай байтақ Отаным, Қаптаған мал, алып дән, Жан - жағыңа қарашы. Бәрі менің несібем. Бәрін көріп келеміз, Болашаққа сенеміз. Жақсы оқумен, еңбекпен, Біздер жауап береміз. Үй тапсырмасын сұрау: - Балалар үйге қандай тапсырма берілді? - Өткен тақырыптарды қайталау - Мерекелік кестені кім айтып бере алады? -«Қызғаныштың кесірі» мәтінінен түсінгеніңді айтып бер? - «Бірлік» туралы әңгімеден не түсіндің? және сол тақырыптың дәйексөзін жатқа айт.
Әңгімелесу: - Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек? - Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер? Жағдаяттарды талдау 1 - жағдаят: Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады. Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты. Самал жылап жіберді. - Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер. 2 - жағдаят: Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Сұлтан:- Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін.- деді. - Сұлтанның орнында болсаңдар, сендер не істеген болар едіңдер? 3 - жағдаят: Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді. Ыза болған Әлия Ғалымды итеріп жіберді, отыра қалып жіберді. - Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер? 4 - жағдаят: Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты. Сәкен оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті. - Сәкен мен Жәнияның орнында болсаңдар, не істер едіңдер? - Оқушылар, өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа мен қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз бала болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ол ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды. Мәтінмен жұмыс: «Кімнің жұмысы» Т. Дәуренбеков Оқушы оқып шығады. Мұғалім сұрақтар қою арқылы балалардың білімін байқайды. - Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді? - Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? - Қыз бала мен баланың өзара сыйластығы туралы не айта аласыңдар? - Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер? - Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату - тәтті болып, сыйластықты қарым - қатынас жасай білу - әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.
Шығармашылық жұмыс: Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым - қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады. Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» Мысалы: Қыз бала: әдепті, сұлу, нәзік инабатты, ақылды, әдемі, мейірімді, ұқыпты т. б Ұл бала: әдепті, батыл, ержүрек, қайратты, шыдамды, әділ, ақылды, бір сөзді т. б
Дәйексөз: «Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мыс: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т. б
Ойын: Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам....., егер қыз болсам...» атты ойын ұйымдастырылады. Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам» дегенді жалғастырып айтады, қыз болса «егер мен ұл болсам..»дегенді өз ойымен жалғастырып айтады. Айта алмай қалған оқушы айып тартады.
Күтілетін жауаптар: Еген мен ұл болсам елімді қорғаймын, қыздарға көмектесемін, қыздарды ешқашан ренжітпеймін, қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т. б Егер мен қыз болсам өте таза жүремін, дөрекі сөз айтпаймын, дауысымды көтеріп сөйлемеймін, адамдардың бәріне қуаныш сыйлаймын, бәріне мейіріммен қараймын, ұлдарға көмектесемін, ұлдармен қыз баламен достасқандай достаса аламын, ұлдарды сыйлаймын және т. б
Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптерде берілген ұл бала (Алпамыс) пен қыз баланың (Махаббат) суреттерінің жан - жағына «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазыңдар.
Мыс: сүйкімді, көрікті, ұқыпты, батыл, көпшіл, мейірімді, әдепті, шыншыл, нәзік және т. б Жүректен - жүрекке Бір ұл, бір қыз болып араласып шеңбер құрып тұрады. Қатар тұрған көршісіне «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді»деп, оның қолын қысады. Соңғы оқушыға жеткенше осылайша жалғасады. Е. Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге айтады. Ұл бала мен қыз бала Үйге бірге қайтады Бір мектепте оқиды. Бар сырларын аз ғана Ұлға да ортақ, қызға да Бір - біріне айтады. Білімді ойға тоқиды. Ұл бала мен қыз бала Ұл бала мен қыз бала Түсіністі, достасты.