kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Утренник на тему:"Символы казахстана-моя гордость"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елтаңба,Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Утренник на тему:"Символы казахстана-моя гордость"»

 Тақырыбы: Рәміздерім мақтанышым

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
 ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
 ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі: Ауызша журнал.
 Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.
Тәрбиеші:Құрметті балалар,әріптестер «МАД 0«б» сынып балаларының  Рәміздеріміздің 25 жылдығына арналған «Рәміздерім мақтанышым»атты ертеңгілігімізге қошкелдіңіздер!

Тәрбиеші: 1992 жылы 16 желтоқсан күні біздің елдің тәуелсіздігі жария етілді.Міне көп жылдар бойы осы мерекені достық,бейбітшілік пен татулық күні деп тойлаймыз.Балалар,қазір біз Қазақстанның Әнұранын орындаймыз,

біздің елдің салтанатты әнін орнымыздан тұрып орындайық.
Видеоролик: Әнұран орындалады.

-Балалар,біз бүгінгі үлкен мерекені қарсы алудамыз.Ол қандай мереке?
-Балалардың жауабы:Рәміздер күні.

Енді балалар мына видеороликті «Мемлекеттік рәміздер»тамашалайық.
Балалардың тақпақтары
1)Нұрахмет
Көгінде нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
2)Айдана
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
3)Бекжан
Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс,алқабы малға толған
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
4)Айшабибі
Ер еңбегі шалқып,тасқан
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу,неткен көркем
Осы менің туған өлкем!
Ән: «Атамекен»

Ойындар мен тапсырмалар
 1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
 Елтаңба Байрақ Әнұран
 Ел Бай Ән
 Таңба ай Ұран
 Таң қар Ұн
 Аң ар нан

Енді балалар мына «Көк ту және достар»видеороликті көрейік.

Тәрбиеші:Балалар,мерекелі күндері барлық қараларда мемлекеттік рәміздерін безендірген.Осы мерекеміз өтіп жатқан ортамызды біз де жалаушалармен безендірейік.(Құмыраға жалаушаларын салады)
Біздің халық тәуелсіздікке жету үшін көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді.Басқа мемлекеттер сияқты біздің еліміздің де өз рәміздері бар.Қәне өзіміздің рәміздерімізді атап беріңдерші.
Балалардың жауабы:Әнұран,Елтаңба,Ту.

Енді балалар тудың суретін бояп шығамыз.

Тәрбиеші:Бұл мемлекеттік рәміздер сияқты біздің еліміздің қасиетті белгілері біздің республикамыздың азаматтары оны біліп,сақтап,құрметтеу керек.Қазір мен сендерге ту туралы аңыз әңгіме айтқым келеді.
(Хан кіреді)
«Ерте,ерте,ертеде бір хан болыпты.Ол өте ақылды және даңышпан болыпты.Оның еліндегі адамдар бейбітшілік пен татулықта өмір сүріпті.Бір күні хан данышпандарды отырысқа шақырыпты».
Хан: патшалығымда адамдар жақсы өмір сүреді.Сол мені қуантады.Енді менің елімнің рәміздерің белгілейтін уақыт келді.
Данышпан: Менің ойымша тудың түсі көк болуы керек.Бұл мөлдір судың белгісі.Сусыз тіршілік жоқ.Су болмаса жердің бетін құрғақшылық басады.Көгілдір түс ,ол таза,ашық аспанның белгісі.Аспан бұл көп адамдар тұратын үйдің шатыры сияқты.Ол бәрімізге ортақ.
Хан:Рахмет сендерге,ақсақалдар.Мен сендермен келісемін.Бұл көглдір түс адам бойындағы әділдік пен адамдықтың белгісі.
(Осы кезде бүркіт ұшып келеді)
Бүркіт: Мен ең күшті,ең ірі дала құсының бірімін.Бүркіттер өздерінің балапандарын қорғайды және биікке ұшып алыстағының бәрін көреді.
Хан: Бүркіт мен сенімен келісемін.Сен халқымның күштілігі мен қырағылығының бір белгісісің,тудың бір белгісі болуға сен лайықтысың.
(Бүркіт ұшып кеттеді)
Данышпан:
Сусыз әлемде өмір жоқ.Ендеше күнсіз де жер бетінде тіршілік жоқ.Күн-тіршілік иесі.
(Күн кіреді)
Күн:О,данышпан Хан ием,күні бойы жер бетін аралап жүремін,менсіз жер бетінде тіршілік жоқ.
Хан:О,құдыретті күннің көзі,сен қайда болсаң қуаныш та,бақыт та сонда.Сенде тудан орын алуға лайықтысың.Ендеше осылай болсын:Көгілдір түстің ортасында күннің көзі жарқырап тұрсын.Күннің ортасында қалықтап,сам,ап бүркіт ұшсын.Ол-бостандықтың белгісі.Ол-өрнек көп ұлтты халықтың бірлігі мен достығын рәміздесін.
Тәрбиеші:Осылай біздің мемлекетіміздің туы пайда болды.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Осымен балалар біздің Рәміздер күніне арналған «Рәміздерім мақтанышым»атты ертеңгілік кешіміз аяқталды.

3


1



1





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Утренник на тему:"Символы казахстана-моя гордость"

Автор: Салахиева Айгуль Тлеубековна

Дата: 19.04.2017

Номер свидетельства: 410366


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства