kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Утреник к дню 8 марта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қатысушылар: Қызыл  телпек, Қасқыр, жүргізуші, әже. Ән  ойнап  тұрады. Балалар  залға  шығады.

Жүргізуші: Армысыздар  құрметті  қонақтар! Көктемнің  алғашқы  шуақты  күндерімен  бірге  Халықаралық  аналар  мерекесі  де  келіп  жетті. Асыға  күткен  аналар  мерекесі  баршаңызға  құтты  болсын. Әрбір  отбасында  тыныштық, береке  тілей  отыра  ертеңгілігімізді  бастаймыз.

Жүздерінен  мейірім  мен  нұр  тамар,

Алдарыңда  жауқазындай  құлпырған.

Құшақ  жая  қарсы  алмыз  сіздерді,

Би  биленіп, ән  де  бүгін  шырқалар.

  • Балалар  жылдың  қай  мезгілі?
  • Көктем  мезгілі.
  • Көктем  мезгілінде  қар  ериді, құстар  ұшып  келеді. Балалар  көктем  аруын  ортаға  шақырайық.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Утреник к дню 8 марта»

Мерекелік ертеңгілік

Қатысушылар: Қызыл телпек, Қасқыр, жүргізуші, әже. Ән ойнап тұрады. Балалар залға шығады.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен бірге Халықаралық аналар мерекесі де келіп жетті. Асыға күткен аналар мерекесі баршаңызға құтты болсын. Әрбір отбасында тыныштық, береке тілей отыра ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Құшақ жая қарсы алмыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.


  • Балалар жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі.

  • Көктем мезгілінде қар ериді, құстар ұшып келеді. Балалар көктем аруын ортаға шақырайық.

Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, көктем аруы. Біздің балалар сізге арнап ән де, айта алады.

Балалардың орындауында «Көктем» әні.

Ойын: «Гүл жинау»

Бүгін біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз аналарына, әжелеріне, апларына арнап ән – жыр, тақпақтар айтады.

1 бала: Құтты болсын, ардақы ана,

Асыл ана мерекең.

2 бала: Құтты болсын теңдік алған,

Қуанышты берекең.

3 бала: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Апаларды құттықтап,

Ән маржанын шашайық.

Балалардың орындауында «Мерекеңмен анашым» әні

Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Балалар, сендер аналарың мен әжелеріңнің де анасы бар екенін білесіңдер ме? Әрине, ол сендерге әже болады. Ендеше бүгінгі мереке әжелерге де арналады.

4 бала: Әже

Апам мені «айым» дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Апам мені «күнім» дейді.

Мен қуансам күлімдейді.

5 бала: Әжемнің мейрамы,

Анамның мейрамы.

Әлемдегі ақ, сары,

Қара қыздың мейрамы.

Ән: «Әже» муз. Р. Тілеубекованікі

Ән ойнап тұрған кезде Қызыл телпек шығады.

  • Балалар, мен балабақшадан жақсы әуендер естідім де, кіре кетуді дұрыс деп санадым. Мені анам әжеме жұмсаған болатын. Мен оны сүйіп, құшақтап, мерекелік сыйлық беріп қайтуым керек. Өзінің себетін көрсетеді.

Жүргізуші: Әжеңді міндетті түрде мерекесімен құттықтауың керек. Бірақ ұзақ жолдан шаршайсың ғрй, кішкене деміңді басып ал.

Қызыл телпек: Ортаға шығып, гүлдерді қарайды. Cіздер мына әдемі гүлдерді мерекеге арнап өсірдіңіздер ме? Иіскеп көруге болама?

Балалар: Болады.

Қызыл телпек: Қандай тамаша иіс! Көктемнің иісі аңқып тұр екен. Бұл не? Гүлдердің жапырақтарында бірдеңе жазылып тұр ғой.

Жүргізуші: Бұл сиқырлы гүл. Оның әрбір жапырағында көктемнің жұмбақтары жасырылып тұр. Оқысаңшы, балалар шешсін.

Қызыл телпек: Көктем, ана туралы жұмбақтар айтады.

Балалар шешеді.

Қызыл телпек: Менде тағы бір сұрақ бар. Балалар би билей ала ма?

Жүргізуші: Әрине, қазір көресіз.

Би: «Крези»

Қызыл телпек: Сендер тақпақты айта аласыңдар ма? Мен әжеме тақпақ жаттап үлгере алмадым.

Жүргізуші: Қызыл телпек онда мұқият тыңда, мүмкін есіңде сақтап, әжеңе де айтып берерсің.

6 бала: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

7 бала: Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

8 бала: Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын.

Осы кезде залға Қасқыр кіріп, Қызыл телпекке тап береді.

Қасқыр: Оны құлағынан бұрап. – Ах, сені қайда десем, мұнда екенсің ғой? Сенің әжең екі көзі төрт болып сені іздеп, алаңдап жатыр. Және өзім де сені аңдыймын деп қарным ашып кетті.

Қызыл телпек: Балалар, құтқарыңдар. Қасқыр менің әжемді де, мені де жеп қояды.

Жүргізуші: Қызыл телпек, ештеңеден қорықпа. Біз сені ренжітпейміз, әрине құтқарып аламыз.

Қасқырға қарап. Тыңдашы, Қасқыр достым саған осындай күнде орманда түскі ас іздеп не керек? Бізбен бірге қал, біз сенің көңіліңді көтереміз, тамақтандырамыз, біздің тамағымыз дәмді де, тәтті - өкінбейсің.

Қасқыр: Әрине, неге қонақ болмасқа. Ал сендер не істей аласыңдар? Сендер қандай кішкентайсыңдар, өмірді әлі түсінбейсіңдер ғой. Мен қазір сендермен бірге ойын ойнасам ба деп тұрмын.

Жүргізуші: Біз қарсы емеспіз.

Ойын:

Қасқыр: Ойынның шарты мынадай. Мен әдемі музыка ырғағымен ұйқыға кетемін. Сол уақытта сендер аяқтарыңның ұшымен ақырын жүгіресіңдер. Мен оянып қалсам, бәріңді қуамын. Кім орнына жетіп үлегрмесе соны жеп қоямын. Ойын шарты түсінікті ме?

Ойын ойналады.

Қасқыр: Мә саған, өздері кіп – ішкентай, бірақ тез қимылдайды. Мен сендерді құрметтеймін.

Жүргізуші: Сен білесің бе, олар сонымен қоса анасы, әжелерінің кішкентай күйшілері.

9 бала: Тіс ауырса, іш ауырса,

Мамам дәрі береді.

Барлық бала, барлық бала,

Оны жақсы көреді.

10 бала: Көгінде күн болып,

Жұлдыздай жанасың.

Аман бол әрдайым,

Аяулы анашым.

11 бала: Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді.

Мен үшін апама,

Ешкімде жетпейді.

Қасқыр: Дірілдей бастайды. Міне тамаша, бірден айтып қоймадыңдар ма? Мен енді ешкімді ренжітпеймін. Көресіңдер әлі. Сендерде қыздардың да күштері көппе?

Жүргізуші: Әрине олар өздерін ренжіткенді ұнатпайды, бірақ дегенмен олар өздерінің аналары секілді сүйкімді, нәзік.

Қызыл телпек: Қасеке, білесің бе, біздің қыздар аналарына қол ұшын беріп, ылғи көмектеседі.

Қасқыр: Әй, қайдам. Енді бұл сөзіңе сенбеймін.

Қызыл телпек: Қандай тамаша балалар, ойыншықтарды қалай жинайды?

Ойын: «Ойыншықтарды жинау»

Топ екіге бөлінеді. Ойыншықтар араласытырылып қойылады. Музыка ойнағанда бірінші топ – қуыршақтарды, екнші топ – машиналарды ойыншықтарды жинауы тиіс.

Біздің балалар сонымен қатар биде билей алады.

Би: «Балапандар»

Қасқыр: Міне керемет! Мынадай кішкене көмекшісі бар аналарға өмір сүру де жеңіл шығар.

Қызыл телпек: Әрине, аналарға көңілді, олардың бөбектері тамаша артист, ән айтады, тіпті тақпақтарды жатқа біледі.

Қасқыр: Мүмкін емес.

Қызыл телпек: Мен әлгінде ғана өз құлағыммен естідім.

Ән: «Ойыншықтар»

Қасқыр: Бұл енді қызық! Артист дегенің бәрінде ести алатын, тіпті билей алатын адамдар емес пе?

Қызыл телпек: Білмеймін.

Қызыл телпек: Алақай! Телпегін лақтырып қағып алады.

Олармен бірге Қасқыр, Қызыл телпек те билейді.

Жүргізуші: Көріп тұрмын, татуласқан секілдісіңдер. Сен Қасқыр сондай үлкен әрі мықтысың Қызыл телпекті қорғап жүруің керек.

Қасқыр: Мен аналар мен әжелердің көңіл - күйін бұзудың, кішекентайларды ренжітудің еш бір қажет еместігін түсінген секілдімін.

Әже кіреді. Менің немеремді іздеп жүрсем, ол мында жүр екен ғой. Өзім де оны балалар бақшасына кіріп кеткен шығар деп ойлап едім.

Қызыл телпек: Әжетайым менің саған жете алмағаныма ренжімейсің бе?

Әже: Балаларға ренжуге бола ма екен? Мереке – бұл жақсы ғой. Егер осындай мерекеде тәтті бірдеңе пісірмесем, мен жаман әже болар едім.

Қызыл телпек: Әжетай, менің және мына балалардың да аналараына арналған сыйлықтары бар.

Қызыл телпек өзінің себетінен сыйлықтарды алып шығып, балалардың аналарына таратады.

Қасқыр: Мерекелеріңзбен аналар! Көңіл – күйлерің көтеріңкі болсын, ренжімеңіздер, уайымдамаңыздар.

Қызыл телпек: Баршаңызды мерекемен тағы да құттықтаймын, әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін! Аяулы да ардақты болып жүре беріңіздер!

Әже: Кішкентай бүлдіршіндерге ешқашан ренжімеңіздер!

Ән: «Қошақан

Жүргізуші: Мерекелеріңзбен аяулы әжелер, аналар!






Тексерілді:

Балабақша меңгерушісі:

______________________





Тақырыбы:

Мерекелік ертеңгілік





















Дайындаған тәрбиеші: Ақтаева А. М.













Шымкент қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Утреник к дню 8 марта

Автор: Актаева Айтолкын Медельхановна

Дата: 22.03.2017

Номер свидетельства: 402363


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства