Жаңа сабақ | Бота сөзі неше буыннан тұрады? Бірінші буын бо-, екінші буын –та, екі буыннан тұрады. Сөзді айтылуына қарай, дыбысталуына қарай бөліп айтуды буын дейміз. Ойын «Жоғалған буын» Си-..., тү-... т.б. Ойын «Жалғасын тап» Мына сөздердің жалғасын табу керек: Қошақаным........... Әукім-әукім.......... Шөре-шөре...... Құлын-құлын.......... Дәптермен жұмыс: Нүктені бастыру. Жануарлардың төлдерін тауып қосу. Түйе, бота, лақ, қозы сөздерін буынға бөліп, сызба арқылы көрсету. Сергіту жаттығуы Қаңқ-қаңқ қаздарым, Тізені сәл бүгіңдер. Қолды артқа ұстаңдар, Қане, қазға ұқсаңдар. Тіл ұстарту жаттығулары: Қа-қа-қа, бақылдайды бақа. На-на-на.Ең бақытты ана. Атам біздің дана. Та-та-та, Ата берші, бата. «Қанша дыбыс,қандай дыбыс?» Сөздерге дыбыстық талдау жүргізеді. | Мұғалім айтқан кейбір сөздерді қол шапалақтау арқылы буынға бөледі. Жылдам ойлап келесі буынды табу. Кім бірінші тапса, сол ойыншыға бір ойыншықтан беріліп отырады. Алдыңғы сабақта меңгергендерін еске түсіре отырып, сөздердің жалғасын табады. Жай қарындашпен мұғалімнің нұсқауына сүйене отырып, орындайды. Өлең мазмұнына сүйене отырып,қимылмен көрсетеді. Мұғаліммен бірге қайталап, әр дыбысты дұрыс айтуға тырысу керек. Текшелер арқылы сөздерге дыбыстық талдау жүргізе отырып, дыбыстар санын анықтайды. |