- Балалар, б?гін бізде ?те ерекше саба?. ?йткені бізге ?она??а апайлар келіп отыр. Осы апайлар?а ?здері?ді жа?сы жа?тарынан к?рсете білулері?е тілектеспін. Іс-?рекетімізді бастамас б?рын шатты? ше?берін жасап алайы?.
Мен сендерді ж?лдызшамен ба?алаймын. Іс-?рекетімізге белсене ?атысып отырамыз. ?ане, балалар та?та?а ?арайы?шы. Мына г?лді? бетін торланып, арам ш?птер жауып т?р екен. Сол ш?птерден арылу ?шін, с?ра?тар?а жауап беру керек.
К?ктем мезгілінде ?андай г?лдер ?седі?
Г?лдер жайлы ма?ал-м?телдер білесі?дер?
А?аш к?ркі - жеміс,
Адам к?ркі - жа?сы іс.
?нер, білім, ?ызы? жайлы ойла?дар,
?йренер де, ол ?детке айналар.
Ж?зіне ?арама, ?неріне ?ара.
Г?л ашылмай б?лб?л сайрамас.
Ваза ?аза?ша атауы?
??мыра.
Цветы ?аза?ша атауы?
Г?лдер.
К?ктем айы несімен ерекше?
Тамаша бізді? г?лімізде ашылды. Осы г?л сия?ты жадырап ж?рейік.
Просмотр содержимого документа
«Урок на тему "??мырада?ы г?л"»
«Таныстым» 15.04.2016
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Н.Арынбекова
Білім саласы: «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру.
Тақырыбы: Құмырадағы гүл.
Мақсаты: Оқушыларды табиғи материалдардан «Құмырадағы гүл» композициясын құрастыруды үйрету. Білімділік: Оқушылардың композиция туралы білімдерін кеңейту, «Құмырадағы гүл» композициясын құрастырудың әдіс - тәсілдерін көрсету. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа, тазалыққа баулу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын арттыру шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сабақтың түрі: ашық сабақ Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: Құмырадағы гүлдер, суреттер, бүктеме Керекті құрал - жабдықтар: ермексаз, түрлі түсті қағаз
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысы:
А) Себепті қызығушылығын ояту
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Көңіл күйлерің қалай?
-Тамаша!
-Бүгінгі іс-әрекетке дайындығымыз қалай?
-Жақсы.
- Балалар, бүгін бізде өте ерекше сабақ. Өйткені бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Осы апайларға өздеріңді жақсы жақтарынан көрсете білулеріңе тілектеспін. Іс-әрекетімізді бастамас бұрын шаттық шеңберін жасап алайық.
Шаттық шеңбері.
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуандым!
Ә) Ой қозғау.
Балалар қазір қай мезгіл?
Көктем.
Бір жылда неше мезгіл бар?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Көктем мезгілінде қандай гүлдер өседі?
Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, сарғалдақ.
Б) Топқа бөлу. Себеттегі гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
І топ. Жауқазын.
ІІ топ. Бәйшешек.
В) Топтың атын, ережесін құру және топ басшыларын сайлау. Топбасшылары өз топтары туралы өлең шумақтарын айту.
І топ.Бәйшешек
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
ІІ топ. Жауқазын.
Алғаш рет күркіреп,
Ағыл тегіл жауса күн.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы жауқазын.
Жарайсындар балалар! Өлең шумақтарың керемет екен. Бүгінгі іс-әрекетіміздің жарыс түрінде болмақ.
Мен сендерді жұлдызшамен бағалаймын. Іс-әрекетімізге белсене қатысып отырамыз. Қане, балалар тақтаға қарайықшы. Мына гүлдің бетін торланып, арам шөптер жауып тұр екен. Сол шөптерден арылу үшін, сұрақтарға жауап беру керек.
Көктем мезгілінде қандай гүлдер өседі?
Гүлдер жайлы мақал-мәтелдер білесіңдер?
Ағаш көркі - жеміс,
Адам көркі - жақсы іс.
Өнер, білім, қызық жайлы ойлаңдар,
Үйренер де, ол әдетке айналар.
Жүзіне қарама, өнеріне қара.
Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.
Ваза қазақша атауы?
Құмыра.
Цветы қазақша атауы?
Гүлдер.
Көктем айы несімен ерекше?
Тамаша біздің гүлімізде ашылды. Осы гүл сияқты жадырап жүрейік.
Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
Бүгінгі біздің іс-әрекетіміздің тақырыбы «Құмырадағы гүл»
Топтық жұмыс.
І топ. Жауқазын. Құмырадағы гүлді қағаз бетіне жапсыру.
ІІ топ. Бәйшешек. Құмырадағы гүлді қағаз бетіне ермексаздан езу арқылы бейнелеп жапсыру.
–Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.
Балалармен топтық жұмыс жүргізеді. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.
–Құмырада неше гүл бар?
–Күлтелерін снап көрейік?
–Сабағын санайық?
–Жапырағы нешеу екен?
Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
Балалар бойымыз сергіп қалдыма?
Ия.
Ал, көктемге, әсем гүлдерге байланысты тақпақтарымызды айтайық.
Жанерке
Келіпті көктем,
Көрікті неткен.
Тал бүрлеп еккен, Күн нұрын төккен.
Мейірім
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
Қуаныш
Қызыл ғалдақ, ақ ғалдақ,
Қолда бар не мақталмақ.
Қазақстан ежелден,
Алуан гүлдер жапқан бақ.
Бағлан
Өрт дегенім гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім,
Үзіп алды біреуін.
Сыйлайын деп анама.
Талшын
Гүлдер, гүлдер не түрлі,
Құлпырады да жетілді.
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді.
Бақытжан
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Жайнар кезім келді деп,
Қанаттарың желбіреп.
Таң мен бірге оянып,
Күн нұрына боянып.
Көрік бердің далаға.
Медина
Қарашы тұр да,
Бұл қанша қырда.
Тіліп өтті,
Тыраулап тырна.
Нұрайна
Сән беріп жазға,
Үлбіреп бау-бақша.
Шалғын да, саз да,
Өседі қаптап.
Ақ ұлпа қардай,
Басында гүлі.
Жел қақса қалмай,
Ұшады түгі.
Сымбат
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық.
Қорытындылау
Қызғалдақ
Бәйшешек
Сарғалдақ
Гүл
Жауқазын
Бақбақ
Бағалау. Сабаққа жақсы, белсендуі қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау әдісі арқылы жұлдызшалармен бағалау.