kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҰОҚ «Ата-баба дәстүрін қастерлейік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ата-баба  дәстүрін

қастерлейік»

«Ата-баба  дәстүрін

қастерлейік»

«Ата-баба  дәстүрін

қастерлейік»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ «Ата-баба дәстүрін қастерлейік»»

№7 бөбекжай - балабақшасы







Тақырыбы:

«Ата-баба дәстүрін

қастерлейік»







Тәрбиеші: Сатымбаева А.К.








Қостанай қаласы

Мақсаты:Балаларға қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсінік беру.Ұлттық музыкалық аспаптар мен сәндік бұйымдары туралы білімдерін кеңейту.


Сөздік қорларын молайтумен бірге дүние танымдарын жетілдіру.Өз Отанын,халқын , салт-дәстүрін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.


Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз мұражайға барамыз.

Мұражай дегеніміз-ата-бабаларымыздан қалған мұра заттарды сақтайтын орын.Мұражайға келеді.

Тәрбиеші: Балалар,мынау не?

Киіз үй неден жасалған?

Киіз үйдің құрылысы туралы айтайықшы.

(шаңырақ,кереге,уықтар,сықырлауық)

Ал киіз үйдің ішінде не бар екен?

Түскиіз не үшін керек?

Балалар: Түскиізді киіз үйдің іші жылы,әрі әдемі болу үшін қолданған.

Тәрбиеші: Мынау не?

Күбі не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Балалар:Күбіге қымыз құйып ашытады.

Құйып қойып күбіге,

Апам қымыз піседі.

Біздің үйден көп кісі

Күнде қымыз ішеді.

Мен де күбі пісер ем,

Шашыратып,төкпей бір

Қара терге түсер ем,

Әттең,бойым жетпей жүр.



Тәрбиеші:Ал, қымызды қандай ыдыспен ішеді?

Тостаған неден жасалған?

Қараңдар, балалар мынау нелер?

Сендер қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?

(домбыра,қобыз,тұяқ,мүйіз,асатаяқ т.б. көрсету)

Тәрбиеші:Дұрыс атадыңдар, домбыра мен қобыз –шекті,ал қалғандары үрмелі аспаптар.


Балалар аспаптарды ұстап қолданып көреді.


Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады.

Сонда жатыр даламның

Үні менен ұраны.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Ұқсайды шеңберге,

Қабырғасы жиылып,керіледі.

Жиһазы кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді.

Ол не?( киіз үй)



Мықты болса іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Сонда құт пен береке,-

Деп жатады ел неге?

Үй тұрмайды орнығып

Керілмесе кереге.


Тәрбиеші: Мынау не?

Бесік не үшін керек?

Балалар: Бесікке бөпені ұйықтады.

Тәрбиеші:Кім бесік жырын айтып береді?

Әлди,әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім,

Жылама бөпем, жылама

Көзіңнің жасын бұлама.



Тәрбиеші: Ал,сандықты не үшін қолданған?

Киім, ыдыс-аяқ салу үшін .

Ал, қоржын не үшін керек?

Оған заттар салған.

Тәрбиеші: Балалар,сендер мына бұйымдар қалай аталатынын білесіңдер ме?

(білезік,сақина,сырға,алқа т.б.)

Қараңдаршы,бұлар қалай әдемі өрнектелген.Біздің халқымыз әдеміліікті көре білген. Әдемі заттар болмаса, өміріміз сәнсіз,көңілсіз болар еді.

Енді балабақшаға қайтатын уақыт та келіп қалды.

Топқа келген соң мұражайда көргендері жайлы әңгімелесулері.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ҰОҚ «Ата-баба дәстүрін қастерлейік»

Автор: Сатымбаева Айгуль Кайруловна

Дата: 27.11.2018

Номер свидетельства: 487883


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства