Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | Қуан шаттан,алақай, Қуанатын күн келді! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн! | Тәрбиешінінің көмегімен қайталайды. |
Ұйымдастырушылық -ізденіс кезеңі | Балаларға сурет бойынша әңгіме тыңдау сұралады. -Жұлдыз бен Тасқын не істеп отыр? -Мұрат пен Самат текшелерді немен тасып жатыр? -Балаларға текшелер не үшін қажет? -Қараңдаршы, балалар шынындада өте әдемі қақпа құрастырды. Қостілділік компонент: қақпа-ворота,қоршау-забор, мұнара-башня -Балалар, үйшіктен тілімізді шығарып, мына сөздерді қайталайықшы. Мұ-на-ра сөзіндегі а дыбысына көңіл бөлу; Тек-ше сөзіндегі е дыбысына көңіл бөлу; Қоршау сөзіндегі о дыбысына көңіл бөлу Жеке жұмысты қажет ететін балалардан дыбыстардың айтылуын қайталату. Сергіту сәті Санайықшы жаңаша, Бір,екі,үш! Желбіре жалауша, Достықта біздің күш! Ойын: «Түсі бойынша қос» Суреттегі заттарды түсі бойынша қосу Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. | -Жұлдыз бен Тасқын кітап оқып отыр. - Мұрат пен Самат текшелерді машинамен тасып жатыр. -Мұнара,қақпа,қоршау құрастырып жатыр қақпа-ворота,қоршау-забор,мұнара-башня Балалар қайталайды. Қимылын келтіріп,жаттығуларды орындайды. Суреттегі заттарды түсімен ажыратып,бір түспен боялған заттарды сызықпен қосады. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетті қортындылау. -Балалар,сендер текшелермен мұнара,қақпа,қоршау құрастыра аласыңдар ма? Дид.ойын. «Не құрастырдың?» Балаларды мадақтау. | Балалардың жауабы. -құрастырамыз. Дидактикалық ойынға балалар қызығушылықпен қатысады. |