№ | Өтпелі тақырып | Тақырыпша | ҰОҚ тақырыбы | Мақсаты | Міндеттері | Сағат саны | Күні |
1 | Балабақша | 2. Менің достарым | Менің балабақшадағы достарым | Құрылыс материалдарын реттілігімен пайдалана отырып,адамды құрастыру іскерліктерін қалыптастыру. | Достық туралы түсінік беру. Өз ойларыннан адамды құрастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. | 1 | 13.09 |
2 | 4. Күзгі гүл шоқтары | Күзгі гүл шоғы (экибана) | Табиғи материалдардан гүл шоқтарын құрастыруды қалыптастыру. | Табиғи материалдардан күзгі гүл шоғының макетін жасауды үйрету; Құрдастарымен өзара жақсы қарым-қатынас орнатып, жұмыс жасау іскерліктерін дамыту. Шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын тәрбиелеу; | 1 | 27.09 |
3 | Менің отбасым | 2. Қош келдің, Алтын күз! (табиғат) | Менің саябағым | Құрылыс материалдарын дұрыс қолдана отырып, өз ойларындағы саябақ үйлерін құрастыруды қалыптастыру. . | Үйдің құрылысы туралы түсінік бере отырып, берік құрылыс жасауға, әртүрлі үйді жасай алуға, қажетті бөлшіктерді дұрыс таңдай алуға үйрету. Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап, құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыра білу дағдыларын дамыту. Ұйымшылдыққа баулу. | 1 | 11.10 |
4 | 4. Жомарт күз! (өнім) | Комбайн | Үлгіге қарай отырып,комбайнды құрастыруды қалыптастыру. | Комбайн туралы түсінік беру. Көліктер жайындағы білімдерін дамыту. Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | 25.10 |
5 | «Дені саудың жаны сау» | 2. Дұрыс тамақтану. Дәрумендер | Жемістер толы себет | Табиғи материалдардан себетті құрастыру машығын қалыптастыру. | Грек жаңғағын пайдалану арқылы себеттің бейнесін құрастыра алуға үйрету. Ой-қиялын дамыту; саусақ, қол бұлшық еттерін жетілдіру. Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | 15.11 |
6 | 4. Біз батыл және ептіміз | Спорт алаңы | Құрылыс материалдарынан спорт алаңын құрастыруды қалыптастыру. | Спорт туралы түсінік беру,үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру. Ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу; | 1 | 29.11 |
7 | Менің Қазақстаным | 2.Тәуелсіз Қазақстан! | Астана - Бәйтерек | Астананың көрікті орындары жайлы түсініктерін қалыптастыру. | Материалдардың бөліктерін түсіне, көлеміне, пішінін сәйкестендіре және суреттерді дұрыс орналастыра білуге үйрету. Астананың көрікті орындары жайлы түсініктерін кеңейту және «Бәйтеректі» құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру. Ел ордасы-Астанаға сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу | 1 | 13.12 |
8 | 4. Қош келдің, Жаңажыл! | Жаңа жылдық ойыншықтар | Шырша бүрлерінен бұйым жасау іскерліктерін қалыптастыру. | Шырша бүрлерінен алуан түрлі бейнелерді жасауға үйрету. Табиғи материалдармен таныстыруды жалғастыру және онымен жұмыс жасау машығын дамыту. Табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | 27.12 |
9 | Табиғат әлемі | 2. Жануарлар әлемі | Жануарлар | «Киндер» қораптарынан аңдардың бейнесін құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру. | Өз ойларынан шығармашылықпен безендіруге және ертегі құрастырып айтып беруге бағыт беру, Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Аңдарға қамқорлық жасау сезімдерін тәрбиелеу. | 1 | 10.01 |
10 | 4.Теңіздер мен мұхиттар әлемінде | Су мекендешісі-балық | Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге қалыптастыру. | Балалардың әртүрлі заттармен жұмыс жасау дағдыларын бекіту, оларды пайдаланып белгілі бір мазмұн бере отырып,қағаздан балық құрастыруға үйрету Мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру ынталарын дамыту. Бірлесіп еңбек ете отырып ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге тәрбиелеу. | 1 | 24.01 |
11 | Бізді қоршаған әлем | 2. Көлік | Жеңіл машина | Құрылыс материалдарын пайдалануда математикалық ұғымдармен байланыстыра отырып жеңіл машина құрастыруды қалыптастыру. | Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру (жерде, суда, аспанда ұшатын көліктер), таңдап алған үлгі бойынша жеңіл машина құрастыруға үйрету. Ой-қиялын дамыту, олардың негізгі бөліктері мен ұсақ бөлшектерін ажырата алуға және өздерінің іс-әрекетін алдын ала жоспарлап, дамыта алу дағдыларын қалыптастыру, Батылдыққа, ерлікке тәрбиелеу. | 1 | 14.02 |
12 | 4. Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл! | Сыйлықтық тізбелер: моншақ пен білезік | Қағазды уқалап, умаждап бүктеу арқылы «моншақтар» жасау дағдыларын қалыптастыру, | Түрлі түсті қағаздардан белгілі бір затты жасай білуді жалғастыру, оларды пайдаланып шығармашылықпен моншақ пен білезікті жасауға үйрету, Ой-қиялын,икемділіктерін дамыту. Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. | 1 | 28.02 |
13 | «Салт-дәстүрлер және фольклор» | 2. Өнер көзі-халықта | Домбыра | Ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. | Қазақтың ұлттық бұйымдары, тұрмыстық қолданбалы заттар туралы түсінік беру. Домбыра туралы мағлұмат беру. Баланың есте сақтау қабілетін, елесін дамыту. Балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. | 1 | 14.03 |
14 | 4.Сиқырлы ертегілер әлемі | Түлкі мен Ешкі | Балаларға қатты қағаздан конус пішіндерін жасау арқылы түлкі бейнесін құрастыру әрекетін қалыптастыру. | Балаларға ертегі мазмұны бойынша қағаздан конус пішінін жасай отырып түлкінің бейнесін жасай білуге үйрету. Ой-қиялын дамыту, қағазбен ұқыпты жұмыс жасау машығын дамыту. Еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. | 1 | 28.03 |
15 | «Біз еңбекқор баламыз» | 2. Ғарышқа саяхат | Әдемі ұшақтар | Құрылыс материалдары арқылы ұшақты құрастыруды қалыптастыру. | Құрылыс материалдарын реттілігімен пайдаланып,ұшақ құрастыруға үйрету. Өзінің жұмысы туралы әңгімелеуге, өз ойын айта білу қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа баулу. | 1 | 11.04 |
16 | 4.Табиғаттың гүлденуі | Бәйшешек | Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйретуді қалыптастыру. | Ақ қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, бәйшешекті құрастыруды үйрету. Ептілік, икемділік қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. | 1 | 25.04 |
17 | | 2.Бейбітшілік қорғанында | Мерекелік жалаулар | Қалдық материалдардан мерекелік жалауды жасай білуді жалғастыру, оларды пайдаланып шығармашылықпен белгілі бір бейнені жасау іскерліктерін қалыптастыру. | Балалардың қалдық материалдардан жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Ой-қиялын дамыту. Шығармашылықпен еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. | 1 | 23.05 |
18 | 4. Қош келдің, Жаз! | Орманға саяхат | Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыруды қалыптастыру. | Өздігінен дербес әрекет етуге баулу, есте сақтау арқылы түрлі бейнелер жасай білуге үйрету. Алуан түрлі бейнелерді құрастыру арқылы балалардың ой-қиялын дамыту. Бірлесіп еңбек ете білуге, өзара түсіністікке тәрбиелеу. | 1 | 30.05 |