Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Жасы: (5-6 жас) Күні:11.12.15ж
Тақырыбы: Қазақ биі
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала: Мүсіндеу
Мақсаты:. Ұжымдық жұмысқа баулу, бір-бірімен келісімге келу дағдыларын қалыптастыру. Ермексаздың бір бөлігін бірнеше бөлшекке бөлуге, мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануға үйрету. Әр түрлі қимылдар жасаған адамдардың дене мүшелерін, ширақтау әдісі арқылы мүсіндеуді меңгерту.
Алдын-ала жұмыс және оқу іс әрекетіне дайындық: «Қара жорға»биін билету
Сөздік жұмыс: ұлттық, қазақ, би
Дидактикалық материал: ермексаз, үлгі
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқарымдық қызметі | Балалардың әрекеттері |
І кезең- мотвациялық- қозғаушы | Ойлануға ұсыну: -Балалар біз сендермен қай Республикада тұрамыз? -Біздің ұлтымыз қандай? -Ұлттық тіліміз қай тіл? -Ұлттық тағамымыз қай тағам? -Ұлттық биіміз қай би? | Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. . |