kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үй жиһаздарымен танысу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б/м:Үй – ішіне қажетті жиҺаздар туралы кеңінен түсіндіру. Балаларды жиһаздар қалай, қандай материалдан жасалатынын және олардың қажеттілігі туралы айтып түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үй жиһаздарымен танысу»

Білім беру саласы:Қатынас,Таным.Әлеуметтік орта.Оқу іс – әрекеті:Тіл дамыту, қоршаған орта, құрастыру. Тақырыбы: «Үй жиһаздары».Міндеті:Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. Мақсаты

Б/м:Үй – ішіне қажетті жиҺаздар туралы кеңінен түсіндіру. Балаларды жиһаздар қалай, қандай материалдан жасалатынын және олардың қажеттілігі туралы айтып түсіндіру.

Д/м: Балалардың тіл байлығын дамыту.

Т/м: Жиһаздарды күтіп баптап ұстауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Алдын-ала жұмыс:балабақша ішіне саяхат,тақпақтар жаттату. Сөздік жұмыс:жиһаз-жиһаздар, керует-керуеттер, үстел-үстелдер,орындық-орындықтар.

Көрнекі-құралдар:жиһаздар слайды, жиһаздар макеттері,топтағы жиһаздар.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету,көркем сөз,ғажайып қонақ,сұрақ-жауап, желілік ойын «Жиһаз дүкені», д/о «Не артық?»Билингвальды компонент: Жиһаз-мебель,керует-кровать,үстел-стол, орындық-стул.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңбер құруға шақырады.

Армысың, алтын күн,

Армысың, алтын жер

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым.

Жылуыма жылу қос ,

Міне, менің қолым.

Бүгін біз үй жиһаздары туралы кеңінен білетін боламыз.

-Балалар үй жиһаздары барлығының үйлеріңде бар.

Қандай жиһаздарды білесіңдер?

Жарайсыңдар балалар!

 

Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатып ,бір сандық тауып алдым.Бұл сандықта біреу бар

секілді.Қарайықшы қане, балалар, қораптың аузын ашып көрейін.

Ой, балалар, мұнда хат бар екен .

Хаттың ішінде жұмбақ жазылыпты соның шешімін табайық.

 

Қорбаң, қорбаң етеді.

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып –ап

Қыста ұйқыға кетеді.(аю)

 

Бұл не балалар?

 

Осы кезде топқа қолына дорба ұстаған қонжық кіреді.

Қонжық: -Сәлеметсіңдерме, балалар мен апайлар?

Мен кішкентай қонжықпын.

-Сәлеметсіңба, қонжық? Қош келдің, төрлет!

-Қолыңдағы не, қонжық?

-Ой,балалар,дорбаның ішінде менің киімдерім.

-Қонжық, сен неге ол киімдерді өзіңмен тасып жүрсің?

-Үйімде киімдерімді салатын жиһаздар жоқ,сондықтан оларды өзімен алып жүрмін.

-Ал сіздің балабақшада жиһаздар бар ма?

 

-Балабақшада балаларға арналған жиһаздар бар .Біздің балалар балабақшада сурет салуды, жапсыруды,ермексаздан мүсіндеуді үйре- неді,тамақтанады,ұйықтайды сол себепті, балабақшада түрлі жиһаздар болады.

Балалар шаттық шеңбер құрып, өлең сөздерін айтады.

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиеші нің сұрақтарына жауап беруге тырысады.

Балалар

жиһаздарды атайды.

Қызығушылық танытады.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді

 

 

 

 

 

 

 

Қонжықты көреді.

 

Балалар қонжықпен амандасады.

 

Біздің балабақшада жиһаздар өте көп.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

Тәрбиеші слайд арқылы жиһаздар түрлерін көрсетіп ,олардың атауларын естеріне түсіреді.

Сөздік жұмыс жүргізеді.

Қонжық: Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ.Менде осындай жиһаздарды қалаймын.

Бірақ білмеймін қандайын таңдап алатынымды. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:-Балалар ,қонжыққа жиһаз таңдауға көмектесесіңдерме?

Желілік ойын «Жиһаз дүкені» (санамақ арқылы кейіпкерлерді таңдайды).

Тәрбиеші: Ал ендеше, жиһаздар сататын дүкенге барайық.

Балалар қонжықтың бөлмесіне қандай жиһаз ыңғайлы деп ойлайсыңдар?

Ал қонжық саған алған жиһаздар ұнады ма?

Қонжық: Иә, ұнады.

Тәрбиеші: Олай болса, балалар, қонжық сатып алған жиһаздардың атауын есінде сақтап қалу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын .

Жұмбақ:

-Төрт аяғы болса да,

Етік киіп көрмеген.

Жалқаулығы соншама,

-Аттап шықпас бөлмеден. (үстел)

Мен жайлымын жұмсақпын ,

Мені табу қиын емес

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға ,жатуға. (диван)

 

-Кеш батты,шаршадың сен, ұйқың келді.

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені. (керует)

 

Тәрбиеші: Ал, қонжық, сен есіңе сақтап алдың ба? Жарайсың,қонжық!

Балалар,сендерде жарадыңдар! Қонжыққа жиһаз таңдауға көмектестіңдер.

 

-Қонжық, біздің балалар сен туралы орысша тақпақтар біледі.

Сен соны тыңдағың келеме?

 

-Әрине,қуана-қуана тыңдаймын.

 

-Мишка лапою мохнатой

Не спеша малину рвёт,

Ходит, ищет косолапый

Сладкий и душистый мёд.

 

-Мишка очень любит мед

Свежий из пчелиных

Он бы с пчелкой подружился

Этим лакмством розжился

Только пчелы вот беда

С ним не дружат никогда.

-Умеет мишка бегать.

На дерево залезать

Проплыть неплохо сможет.

Малину с мёдом съесть.

-В лесу-хозяин мишка.

Ещё б, такой большой

И вовсе не с добрейшей,

И радостной душой.

Билингвальды компонент:

Жиһаз – мебель,керует – кровать,үстел – стол, орындық – стул .

 

Қонжық: Рахмет, балалар, сендер мені қуантып тастадыңдар.

Тәрбиеші:

Ал, қонжық, сен шаршаған боларсың, біздің балалармен бірге бір серігіп ал. Біздің балалар ағылшынша сөйлейді үйреніп жүр.Қазір ағылшын тілінде сергіту жасайды.

Сергіту сәті:

Бейнетаспадан сергіту сәті жүреді.

 

Қонжық: Мен балалармен «Не артық?» ойын ойнағым келіп тұр.(шарты:топтасқан жиһаздардың ішінен артық затты алып тастау»

 

Тәрбиеші:

Д/о: «Жиһазды құрастырамыз»

Олай болса, енді біз тақтаға қарайық .Тақтада жиһаздардың жарты бөлігі көрінбейді , сол жиһаздың бөлігін тауып көрейікші.

 

Қане, кім шығады ?

Жарайсыңдар, балалар, сендер бүгін белсенділік көрсеттіңдер . Қонжық:Иә, балалар, сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым.Сендер маған көп көмектестіңдер.Мен енді жиһаздарымды үйіме апарып орналастырайын. Ал енді мен сендерге әкелген сыйлығымды таратайын.Сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші: Олай болса, қонжық, сау бол!

Қонжық: Сау болыңдар!

Балалар слайдқа қарап жиғаздардың атауын атайды.

 

 

 

 

 

 

Ия, көмектесеміз.

 

 

Балалар санамақ арқылы сатушы, кассир,сатып алушы адамдарды таңдайды.Қызығушылықпен ойынға қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтардың шешімін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тақпақтар айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қонжықпен бірге сергіту сәтін жасайды.

 

Балалар кезекпен жиһаздарды атай-ды.Ол не үшін керек екенін айтады.

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

Балалар қожықпен бірге ойын ойнайды.

 

Балалар тақтаға назар салады.

Балалар ойынға қатысады.

 

Балалар қонжықпен қоштасады.

Рефлексивті түзетушілік

Балалар, біз бүгін немен таныстық, не туралы әңгімелестік?

Жиһаздарды атаңдаршы?

 

 

Жиһаз бізге не үшін керек?

 

 

Жиһазды бүлдіруге бола ма?

 

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Қонжыққа біз не таңдап бердік?

Жарайсыңдар балалар! Сендерді бүгін мен смайлик арқылы бағалаймын.

Жиһаз туралы

 

Шкаф, үстел, диван, отырғыш, керует.

Демалу,отыру,

ұйықтау үшін керек.

Жоқ,жиһаздарға ұқыпты қарау керек.

Қонжық келді.

Жиһаздар таңдап бердік.

Балалар қуанады.

 

Күтілетін нәтиже.

Біледі: жиһаз түрлерін, қажеттілігін, оларды ұқыпты пайдалануды.

Түсінеді:жиһаздардың орысша атауларын.

Игереді:жұмбақтар шешуді , тақпақтар айтуды, ойын тапсырмаларын орындауды.

 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Үй жиһаздарымен танысу

Автор: Актанова Асемгуль Булатбаевна

Дата: 22.02.2018

Номер свидетельства: 458946


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства