Үйымдастыру ізденушілік кезеңдері Сергіту сәті Ойын Ертегі Рефлексиялық түзетушілік | - Балалар қазір жылдын қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? - Бір аптада неше күн бар? Апта күндерін айтып өтейік. Жарайсыңдар. Өткен оқу іс-әрекетімізде өтілген тақырыбымызды қайталап суреттер арқылы еске түсірейік: тіктөртбұрьпп, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы. Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз осы пішіндермен байланысты тақырыбы:«Үй құрастырудың ретін көрсет»- деп аталады. Мына суретте нені көріп тұрсындар: -Дұрыс. Киіз үй, жер үй және көп қабатты үйлер. Осы «үй» - деген сөзді басқа тілдерде қалай аталатынын үйренейік үй-дом-һоше. Киіз үй - өзінің аты айтып тұрғандай ол киізден жасалған, ертеде ата - бабаларымыз үнемі көшіп жүргендіктен қолайлы болған. Киіз үйлер даланың қатты дауыл желдерінен қорған болатын. Жер үй - киіз үйден айырмашылығы олар тастан, кірпіштен, темірден салынады. Оның бөлмелері көп болады. Көп қабатты үйлер - мұндада аты айтып тұрғандай көп қабатты, биік онда көп отбасылар тұрады. Ал киіз үйде, жер үйде бір отбасыдан тұрады. Мұқият қарайықшы жоғарыда айтып өткен пішіндерге осы үйлердің құрлысы ұқсайды ма? Киіз үй - дөңгелекке. Жер үй - шаршыға, Көп қабатты үй - төртбұрышқа ұқсас болып келеді, барлығының шатыры үшбұрышқа ұқсайды екен. Мінекей құрастырып көрейін алдымен үйдің іргетасы құйылады, қабырғасы кірпіштен қаланады, одан шатыры жабылады. Мінекей осындай ретпен үйлер салынады екен. (макетпен көрсету) - Қалай ойлайсындар осы үйлерді салған кімдер? Үй салудың барлық құрлысын құрлысшылар біледі. Құрылысшылардың еңбегі өте зор екен, нәтижесінде біз әдемі әрі жылы үйде тұрамыз. Олардың еңбегін бағалап құрметпен қарауымыз керек. Құрылысшы сөзін басқа тілдерде қалай аталатынын үйренейік: құрылысшы-строитель -bujder. Бір сәт болса да құрылысшыларға көмек беріп бойымызды сергітіп алайық: Төртбұрышты қолданып Үшбұрышты қолданып Үй жасаймыз, көрініз Жаңа қоныс, жаңа үйге Қуанышпен кіріңіз. «Үй құрастырудың ретін көрсет» Мақсаты: ойын арқылы балалардың әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету. Шарты: үш бала шығып берілген үй түрлерінің құрастыру ретін көрсетеді. «Мысықтың үйшігі» Ертегі ұнады ма? Достарын қиын жағдайда қалса әтеш, торай, ешкі сияқты үйлеріне кіргізбей далада қалдырасыңдарма? Біз кішкентай болса да марғаулардан үлгі алуымыз қажет солар сияқты мейірімді жақсы дос болуымыз керек. Осы жануарларды басқа тілдерде қалай аталатыны үйренейік: мысық- кошка-саt. Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіне барлықтарыңда жақсы ат салылып қатыстыңдар жарайсыңдар рахмет. | - Көктем. - Үш ай бар, олар: наурыз, сәуір, мамыр - Жеті күн. - Балалар апта күндерін атайды. Геометриялық пішіндерді атап өтеді. Үйлер, баспана Тәрбиешімен бірге кайталап айтады. - Өз ойларьш айтады. -Адамдар -Құрылысшылар Тәрбиешімен бірге қайталап айтады. Мазмұнына қарай қимылмен жасап көрсетеді. Ертегі мазмұны бойынша өз ойларын білдіреді айтады. Тәрбиешімен қайталап атап өтеді. Келген қонақтармен қоштасады. |