Ұйымдастыру- шылық оятушылық | Шаттық шеңбері -Армысың,қайырымды Аспан ата! -Армысың, мейірімді Жер ана! -Армысың,шұғылалы алтын күнім! -Армысың,балабақша дос-жараным! | Балалар орындарынан тұрып шаттық шеңберін орындайды. |
Ұйымдастыру- шылық ізденушілік | « Ұйқасын тап » ойыны. -Өзінше ноян Қорқақ ... Ол не? Қоян қандай жануарға жатады? -Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба әлде қысқа ма? - Қоянды тағы қалай деп атауға болады? Сурет бойынша жүмыс: 1.Тақырыбын қою. Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян -Қыстың бір күнінде бір ақ қоян орғып келе жатады. Оның алдынан Қасқыр кезігіпті. Қасқыр қоянды жеп қоймақ болады. Осы кезде Қоян Қасқырға былай депті: - Мені жемеші, мен саған өзім туралы өлең айтып беремін. Сонда Қасқыр: -А, солай ма? Жарайды , айта ғой, - дейді. Қоян: - Ақ қоян ау,ақ қоян Ұзын құлақ сақ қоян Қаша берсен орманға Қорқағым деп ат қоям, - деп қоян секіріп – секіріп қасқырдан құтылып кетіпті. Аң- таң болып тұрып қалған қасқыр жан – жағына қарапты да , өз жөнімен кете беріпті. 2.Сөздік жұмысын жүргізу: Орғу- секіру Түлеу- көктем және күзде жануардың жүнінің түсуі. 3.Қоян туралы мәлімет беру: -Қыста қоянның түсі ақ болады. Көктемде түсі сұр түске айналады екен. Яғни олар қысқа қарай және көктемде түлейді. Қоян өте қорқақ, саққұлақ аң деуге де болады. Себебі: құлағы сыбдырды тез естиді екен. Қоян орғып, секіріп журеді. Қоянды үйде де асырауға болады балалар. Үйде асыранған қоян сәбіз, көк шөп жейді. | -Қорқақ қоян -Жабайы аңға -Құлағы ұзын, сыбдырды тез естігіш. -Ұзын құлақ қоян, ақ қоян, сұр қоян, қорқақ қоян деп те атауға болады. Екі бала ортаға шығып сахналайды. |
| 4. Балалардан жабайы аңдар туралы тақпақтарын сұрау. 5.Дыбыстық жаттығуды қайталату: Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр, Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян Ю, ю, ю қорбаңдайды аю -Балалар, «я» дыбысы «иа» болып естіледі, бірақ біз ол дыбысты анық айтуымыз қажет. «Я» дыбысының дауысты екенін айту. Мақал – мәтелдің мағынасын түсіндіру. Қоян көлеңкесінен де қорқады. Билингвальды компонент : қоян – заяц Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы – қырлы жерлермен Ытқып – ытқып жүгірді Қарап еді артына Қиығын сап көзінің Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің Дәптермен жұмыс: « Мұнда неше қоян бар?» Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту. Шарты: дәптердегі «Нүктелердің бір – бірімен қосу арқылы, бірнеше қоян бейнесін тап» тапсырмасын орындау. Логикалық ойын: «Не екенін тап» | Балалар жабайы аңдар туралы тақпақтарын айтып береді. Дыбыстық жаттығуды қайталайды. Мақал – мәтелді қайталап, жаттап алады. Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл –қозғалыс арқылы орындайды. Тіл дамыту дәптерінен неше қоян бар екенін анықтайды. Балалар ойынға қатысады. |