Просмотр содержимого документа
«Ұстаздарға мың алғыс!»
Тақырыбы: «Ұстаздарға мың алғыс» Мақсаты:
Ұстаздар күніне арнаған мерекені насихаттау Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көрнекілік: шарлар, жалаушалар, суреттер. «Мектеп - білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» Алдын ала орындалатын жұмыс: Ашық хаттар дайындау. Әнұран ойнатылады. Жылулық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып Қайырлы таң алтын күн, Қайырлы таң жер ана Қайырлы таң достарым, Сендерді көрсем қуанам! Қуанамын менде, қуанасың сенде, Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! - деп жылулық шеңберін жасайды. Топтан ортаға жарып шығып
М.Нұрасыл:
Кел, балалар, Ән салайық Ұлағатты Ұстаздар күнін Қуанышпан қарсы алайық
Айнара: Балалардың бақшасында бүгін той, Ұстаздардың күні бүгін біліп қой. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, міне бүгін Дайындық «Е» тобында Ұстаздар күніне арнаған құттықтау кешімізді бастайық. Ұстаздарға төл мерекелеріңіз құтты болсын, көңілдеріңіз ашық аспан сияқты таза болсын, Бүгінгі ел басқарған азаматтар, білім алған сіздердің арқаңызда.
Қажымұхан:
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп Кел қосылып ән шырқайық би билеп Ақбота:
Ұстаздар-ұлттың жүрегі
Ұстаздар-мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тірегі.
Тәрбиеші: балалар өнерлеріңе тәнтіміз. Осы ұстаз деген - кімдерге сабақ берген. Әншіге де, жыршыға да, жүгізушіге де, президентке де, бишіге де сабақ берген. Әрбір маман иесі осы Ұлы ұстаздың алдынан өткен. Қане тағы қандай өнерлерің бар. Би: Қара жорға ұлдар биі
Әбілмансұр:
Ұстаздардың анасы Балалардың панасы Ұстаздарды сүйеміз Әдеппен бас иеміз.
Қарлығаш:
Халқым жетсін мұратқа, Ұстаздарды ардақта Тәрбие жолын бастағын, Ұстаз деген асқақ ән.
Дидар:
Адал жақсы ниетпен Бар ұстазға бақ тілеп Жарып шыққан жүректі Сөздің бәрі ақ тілек. Диана:
Ардақты мұғалім, Білімнің – бұлағым. Таусылмас сен жайлы, Тасқынды жыр әнім. Қайсар:
Қанатым талмайды, Қиялым самғайды. Ақын да, ғалым да, Ұстазсыз болмайды. Кәусар: Мереке күніңмен, Құттықтап бүгін мен. Ойыма ой қосам, Сен берген біліммен.
Хор: Анашым.
Айбар:
Мұғалім біздің анамыз
Анамызды сыйлаймыз
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз
Н.Нұрасыл:
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің
Асыл анам, мектебім!
Берікбай:
Менің атым «Берікбай»,
Ұстазымның шәкірті.
Ұстазым маған айтады,
Сен баласың тәртіпті! С.Айым: Мен мектепке барамын,
Ойнаймын ән саламын.
Тәрбиеші апайлар,
Досы барлық баланың.
Л.Айым: Тәрбиеші апайым
Сені жақсы көреміз
Үлкен болып өскенде
Еске алып жүреміз Би: Қажымұхан мен Гүлжайна Шұғыла:
Тәрбиеші апайым
Болдың бізге анамдай
Ақ жүзіңнен шуақ шашып
Мейірім төгіп тұрғандай
Мирас:
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің
Айару:
Біз кішкентай бүлдіршінбіз
Бақыт сыйлар ұл мен қызбыз
Қуанышты көңіл сыйлар
Мерекеге қош келдіңіз
Азиза:
Бақшамыздың мақтанышы
Биік ұстар ар намысты
Біз балдырған ұландармыз
Шырқайтұғын ән мен жырды. Би: Кәусар мен Айым Жанару: Біздер бармыз таң қалдырар
Өнерімен тамсандырар
Бүлдіршінбіз жан шуақты
Ән мен жырдан нәр алдырар
Аида: Күлімдеген күн нұрындай
Тәрбиеші анамыздай
Білім менен тәрбиенің
Ордасына айналғандай Ерасыл:
Дайындықтың мақтанышы
Биік ұстар ар намысты
Біз балдырған ұландармыз
Шырқайтұғын ән мен жырды.
Ақжол:
Үйреткені адалдық
Ұсынғаны адамдық
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт,табыс, амандық!
Ән: Аяулы мектебім
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күн – қандай мереке екен? Ұстаздар кімге сабақ берген?
Балдырғанның көріп шаттық жүзінен. Мейіріммен шапағым боп тізілген Кеше ғана менде шәкірт болып ем, Келем бүгін ұстаздардың ізімен – дей келе сөз кезегін ұстаздарға берейік.