kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлттық ойындар. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған әдістемелік құрал

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық ойындар. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал»






"Ұлттық ойындар"

МДМ тәрбиешілеріне арналған көмекші құрал

Кіріспе


Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие процессінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу жүзеге асырылуда. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық педагогиканың алатын орны зор, оның ішінде ойынның рөлі ерекше. Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі, осыған сәйкес дәстүрлі кұндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ халқының ұлттық ойындарының маңызына тоқталайық.

Ұлттық ойындардың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Балабақша балалары - болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оқу іс-әрекетінде өлі және тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптасады. 
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытудың құралы.

«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді», - деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ой өрісі, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. 
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады : 
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімін кеңейтеді, тәрбиелейді. 
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапасын жетілдіреді. 
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. 
в) эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады. 
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. 
Ойынға тек «ойын» деп қарамай, халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». 
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекетті, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады.

Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз. 
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өрісінің кеңейіп , жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді. 
Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. 
«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары - ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, дене шынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға үйретеді. 

Іс-тәжірибенің міндеттері :

- Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындарға байланысты әдебиеттермен таныстыру, оларды жүйелеу, картотека жасау.
- Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық ойындарды жинақтау.
- Белсенділік орталықтарында ұлттық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдерін нақтылау.
- Жеке тұлға бағдарламасының негізгі элементтеріне сәйкес ұлттық ойындарға тәрбиелеу.

Осындай мақсатта мен өзімнің әріптестеріме көмек ретінде осы әдістелік нұсқаулықты ұсынып отырмын.

Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты».

Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады. 
Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Балаларды отырғызғаннан кейін ойынның тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты, бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да, ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты - уық ұшты, қаршыға ұшты - қанжыға ұшты деп жалғаса береді.
«Санамақ ойыны».

Оның басты ерекшелігі - баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танытып біледі. 
Бір дегенім білім
Екі дегенім егеу
Үш дегенім үкі
Төрт дегенім төсек
Бес дегенім бесік
Алты дегенім асық
Жеті дегенім желке
Сегіз дегенім серке
Тоғыз дегенім торқа
Он дегенім оймақ
Он бір қара жұмбақ 
.
.Тұмақ ұру.
Ойын барысы : Бұл ойынға қағаздан жасалған қалпақ , белбеу қажет. Белгілі сызықтан он адым жерде қазыққа қалпақты іледі. Ойыншының көзін байлап қолына белбеу береді. Бала адымдап барып, қалпақты үш кезекте ұрып түсіруі қажет. 

Арқан түю.
Ойын барысы: Қолында арқаны бар бала шеңбер ортасына шығады да «Ойынды бастадым»- деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілген жағынан ұстап, шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан өткізіп жіберулері қажет. Кімде кім арқанды өткізе алмай аяғына тигізіп алса, айып тартады (тақпақ, мақал мәтел, жаңылтпаш, ән айтады). Сосын ойын жүргізушімен орын алмастырылады. Осылайша ойын 3-4 қайтара жалғасады.
Көтермек. 
Ортаға екі бала шығады. Бір- бірлеріне арқаларын тіреп тұрып қолдарын шынтақтастырады. Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қайсысы бұрын екіншісін көтеріп аласа, ұтқан болып есептеледі. Жеңіске жеткендері ортада қалып, келесі баламен сайысқа түседі. Соңғы жеңімпаз анықталғанша, ойын осылай жалғаса береді.

Түйілген орамал 
Алдымен кез-келген орамалды түйіп, доп тәріздес етіп алады. Бір бала ортада тұрады, қалғандары оны қоршап тұрады. Сыртта тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сырттағы балалардың қолдарынан алып қоюға әрекеттенеді. Ал сырттағы балалар бір-біріне лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысулары керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады. 

Оқтау тартыс 
Бұл ойынды ойнау үшін де ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады. Енді оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.

Күш сынаспақ 
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 

Асау мәстек 
Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға былай дейді:
Ер екеніңді білейін 
Ешкі сойып берейін 
Тақия алсаң еңкейіп 
Құламасаң теңкейіп 
Ерлігіңе сенейін 
Ойын шартын қабылдап , ортаға шыққан бала: 
Асау мәстек бұл болса 
Үйретейін көріңіз 
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек. Ойынды келесі бала осылай жалғастырады. 

Соқыр теке 
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар:
-Бота, бұзау, қозы, лақ, 
Қайда кеткен құлыншақ. 
Соқыртеке бақ-бақ 
Мені ізден тап-тап
- деп тақпақтайды. 
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді. 

Қарақұлақ 
Ойынға 5-10 бала қатысады. Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді. Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады. Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылар қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі. Таяп келіп: - Мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады. Біреуі: - Ойбай, бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі. Қалғандары да:-Қарақұлақ,қарақұлақ!-деп бытырай қашады. Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады. Ұсталған бала қарақұлақ болып, ойын әрі қарай жалғасады. 

Алақан соқпақ 
Ойынға қатысушы балалар дөңгелене отырады. Орталарынан бастаушы белгіленеді. Оған сүлгі (орамал)беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге «Алақанды тос!»-дейді. Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп: «Сүлгі қайда?» -деп сұрайды. Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды. Аты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады. Бастаушы: «Сүлгі қайда?»-деп атын айтады. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды. 


Сақина жасыру 

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізелерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен:-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді. 

Арқан түю 
Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-Ойын басталды –деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналдырады, арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді. Балалар арқан үстімен секіріп тұрады. Кімде-кім аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді, тақпақ, өлең айтады немесе билеп береді. Ойын осылай жалғаса береді. 

Допты қуып жет 
Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауға, тез жүгіругі, түсетерін, көлемін ажырата білуге баулу. 
Ойынның шарты: Бұл ойын 5-6 баламен тәрбиешінің басқаруымен ойналады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып, балалардың алдына домалатып жібереді. «Допты қуып жет»-деген белгі бойынша , балалар допты ұстап алып тәрбиешінің қолындағы себетке салуы керек. 

Тышқан мен мысық 
Ойын мақсаты: Балаларды шапшаң әрі шыдамды болуға, ұйымшылдықққа үйрету. 
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балалары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелете тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады. Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін, қақпадан тышқанды шығарып жіберіп мысықты шығармауға тырысады. Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек. Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. 


Ұйқыдағы аю 
Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. 
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп орындыққа отырғызып қояды. Балалар орманда серуендеп келе жатып, ұйқыдағы аюды көреді. Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп, балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғызып қояды. Ойын қайта жалғаса береді. 

Ат жарыс 
Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. 
Ойын шарты: Балалар тәрбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша, ат үстіндегі қимылын салып жарысады. Қай команда мәреге тез жетіп келеді, сол команда жеңімпаз болады. 


Қуыр-қуыр қуырмаш 
Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға: 
-Ортаңғы саусағымды тапшы?-дейді. Екінші бала қарап байқап отырады да: Міне.-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек. 
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп бес саусақты түгел жазады. 
Сен тұр қойыңа бар 
Сен тұр түйеңе бар 
Сен тұр жылқыңа бар 
Сен тұр сиырыңа бар 
Сен кішкентай әлі жас екенсің 
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр. 
Енді осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: 
Қуыр-қуыр ,қуырмаш 
Балапанға бидай шаш 
Әжең келсе есік аш 
Қасқыр келсе мықтап бас 
Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп: 
-Мына жерде қой бар 
Мына жерде жылқы бар 
Мына жерде күлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық деп қытықтайды .

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «Бала мен балабақша» №3, 2010 жыл Республикалық педагогикалық журнал
2. Кел, балалар, ойнайық! – Алматы «Арда» 2006 ж.
3. Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы «Рауан» 1991 ж.
4. Ақ сандық, көк сандық – Алматы «Жазушы» 1988 ж.
5. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ұлттық ойындар. Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Автор: Ағзам Асима Ағзамқызы

Дата: 25.04.2017

Номер свидетельства: 411601


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства