kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы.«Жо?ал?ан монша?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды? жа?сы к??іл к?йін ?алыптастыру, к?мекке келуге,болысу, жанашу ды?дыларын ?алыптастыру.

                                          Суды? ?асиеттері жайлы білімдерін бекіту (лай,таза,суы?,жылы), ??мны? ?асиеттерін (??р?а?,ыл?ал,сусымалы).

                                          Балаларды? с?здік ?орын молайту. Затты? салма?ын,?асиеттерін ажырата білуге жатты?тыру(же?іл, ауыр,?ал?ыйды,

                                          батады).Балаларда сауса? маторикасын дамыту. ?иял,ойлау, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы.«Жо?ал?ан монша?»»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

(2-ші сәбилер тобы)



Білім беру саласы: «Қатынас» «Социум» «Шығармашылық».

Кіші сала:Тіл дамыту. Айналамен танысу.Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Жоғалған моншақ»

Мақсаты: Балалардың жақсы көңіл күйін қалыптастыру, көмекке келуге,болысу, жанашу дығдыларын қалыптастыру.

Судың қасиеттері жайлы білімдерін бекіту (лай,таза,суық,жылы), құмның қасиеттерін (құрғақ,ылғал,сусымалы).

Балалардың сөздік қорын молайту. Заттың салмағын,қасиеттерін ажырата білуге жаттықтыру(жеңіл, ауыр,қалқыйды,

батады).Балаларда саусақ маторикасын дамыту. Қиял,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: моншақ-бусы, су-вода, тас-камни, құм-песок, гүл-цветы, балық-рыба.

Көрнекіліктер: кішкентай бассейн, тастар, құм, гүлдер, балық, моншақ, су, қолға арналған сүлгілер, ермексаз, моншақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу,зерттеу.

Кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

1-Мотивациялық қозғаушы .

Балалар бүгін біздің сабағымызға апайлар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.

Балалар сендердің көңіл-күйлерін болмай тұрғой, сендер әлі ояңған жоқсындар ма? Сендердің дене мүшелерінді оятайық.

Ол үшін өлең жолдарын айтып қимылмен көрсетеміз.

-Қайырлы таң, көздерім!

Сендер ояндыңдар ма?

-Қайырлы таң, құлақтарым!

Сендер ояндыңдар ма?

-Қайырлы таң, қолдарым!

Сендер ояндыңдар ма?

-Қайырлы таң аяқтарым!

Сендер ояндыңдар ма?

-Қайырлы таң, күн нұры!

Мен ояндым!!!

(Осы кезде біреу есік қағады)

-Балалар біреу есік қағып жатқан сияқты естіп тұрсындар ма?

Сендер отырындар, ал мен қарайын кім бізге қонаққа келді.

Тосын сәт: Осы кезде топқа қыз бала кіріп келеді.

-Сенің атын кім? Сен неге жылап тұрсын?

Қыз бала: Менің атым Динара , ал мен моншағымды жоғалтып алғандықтан жылап жатырмын.

Сен моншақты қайда жоғалттың?

Қыз бала: Мөлдір көлдің жағасына бардым,

Құммен жүрдім, тас жинадым.

Моншағымды соңда жоғалттым,

Әрі іздедім, бері іздедім.

Моншағымды табалмай,

Қатты мен шаршадым. (жылайды)

Динара сен жылама біз балалармен саған көмектесеміз моншағынды тауып береміз.

-Балалар, біз Динараға көмектесеміз ғой?

Динара сен мына қуыршақты алып ойна, демал. Біздің мына жерде де көп ойыншықтарымыз бар соларды алып ойна.

(Үнтаспаға ағып жатқан судың, құстардың дыбысын жағып қою)



Балалар шеңберге тұрады, қонақтармен амандасады: Сәлеметсіздерме!

Балалар өлең жолдарын айта отырып қимылдар жасайды.



Көздерін көрсетіп .

Көзілдірік жаттығуын көрсетеді.

Құлақтарын уқалайды.

Қоян жаттығуын көрсетеді.

Қолдарын сипайды.

Алақандарын шапалақтайды.

Тізелерін ұстайды.

Бір орында жүреді.

Қолдарымен күннің көзін көрсетеді.

Қолдарын жоғары көтеріп, күлімдеп айтады.



Балалардың назары қағылған есікке ауысады.



Балалар бұл қайдан келген қыз бала деп қарап тұрады.



Балалар келген қыз балаға қарап тұрады, оның атын сұрай бастайды.







Балалар Динараның қай жерлерде болғаның мұқият тындап отырады, қасына келіп оны жұбатады.



Балалар Динараға көмектесетіндерін айтады.



Балалар өздерінің ойыншықтарын береді, өздері жолға жиналады.



Балалар табиғаттың дыбысын естіп сол жаққа қарай жүре бастайды.

2-этап.

Ұйымдастырушылық

ізденушілік


Ендеше балалар жолға жиналайық, өзімізге сәттілік тілейік.

1.Балалар біз құм жатқан жерге келдік.

-Ал, Динара құммен ойнады ғой, мүмкін осында моншағын

жоғалтты.

-Балалар құм қандай?

-Құмның түсі қандай?

-Балалар құммен не істеуге болады?

-Балалар сендер құмның арасынан моншақты таптындар ма?

-Балалар, қолдарымызды қағып әрі қарай моншақтарды іздеуге барайық.

2.-Ой, балалар қарандаршы мынау тастар ғой жатқан, ал Динара тастарды жинады.

Мүмкін осында да моншақтар бар шығар, тастардың астарын қарап моншақтарды іздейік.

-Балалар,тастар қандай қатты ма, жұмсақ па?

-Тастар қандай пішінге ұқсайды?

-Балалар мына тастын түсі қандай?

-Балалар мына жерде моншақтар көбірек екен, оларды жіпке кигізейік.

3.-Балалар қарандаршы біз тұнық судың қасына келдік.

Балалар қолдарымызбен суды қарайық. Су қандай?

Судың түбінде тастар бар ма қарайық. Ой балалар, мынау біз іздеп жүрген Динараның моншақтары ғой.

Балалар тастар мен моншақтар көрініп тұр неге?

-Балалар біз моншақтарды судан алып Динараға тезірек апарайық.

-Балалар алтын балық бізге бірдеме айтып жатқан сияқты.(тәрбиеші құлағын түріп тындайды)

-Балалар ол моншақтар судың түбін сәндетіп жатыр, біз оларды алып ал орнына тастарды мүсіндеп берейік.Тәрбиеші түрлі-түсті ермексаздан тастарды мүсіндеу жолдарын көрсетеді.

-Балалар ермексазды алып екі алақанның ортасына салып дөңгелетеміз.Балалар ермексазбен жұмыс істеп болған соң қолдарымызды сулы сүлгімен сүртеміз.

Барлық моншақтарды жіпке іліп Динараға апарып берейік.

Балалар тәрбиешінің артынан жүре отырып өлең жолдарын айтады:

Топ-топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.

Құм құрғақ, оның түсі сары.

Құммен ойнауға болады, оны құрылыста пайдаланады.

Құммен жүріп, сипап арасынан моншақтарды іздейді.

Біз екі моншақ таптық, мына жерде құмның арасынан.

Балалар тапқан екі моншақтарын жіпке кигізеді.

Балалар тәрбиешінің артынан жүре отырып өлең жолдарын айтады:

Топ-топ басамыз, ұзын жолмен келеміз.

Балалар қызыға тастардың үстерінен жүре бастайды.

Тастарды көтеріп арасынан моншақтарды қарайды, екі бала 3 моншақты тауып алады.

Тастар қатты, ауыр болады.

Тастардың көбісі дөнгелек пішінге ұқсайды.

Тастын түсі сары.

Үш бала моншақтарды бір-бірден жіпке кигізеді.

Топ-топ басамыз, ұзын жолмен келеміз деп өлеңдерін айтып әрі қарай жүре береді.

Су жылы, мөлдір.

Балалар судың түбіне қарайды, онда тастар мен моншақтарды көреді.

Су тұнық, таза сондықтан тастар көрініп тұр.

Балалар моншақтарды тауып алғандарына қуанады.

Алтын балыққа таңқалып қарап тұрады.



Балалар тастарды мүсіндеп беруге қуана келіседі.

Балалар өздеріне ұнаған түсті ермексазды алып тастарды мүсіндей бастайды.

Ермексазды екі алақанның ортасына салып дөңгелетеді.

Балалар судан моншақтарды алып шығады, ал мүсіндеген тастарын суға лақтырады.

3.Рефлексивті-түзеуші


-Ой, балалар қарандаршы мына жерде біреудің іздері жатыр, біз осы іздермен жүріп топқа тез оралып Динараға моншағын берейік.

Динара балалардың оның моншақтарын тауып алғандарына қуанады, балаларға рахметін айтып өзінің сыйлығын береді.




Балалар іздерді басып топқа тез оралады..

Топқа оралған соң Динараға моншағын береді.

Динара қуанғандықтан балалардың да көңіл күйлері көтеріледі,Динараның сыйлаған сыйлығын қуана алады.

Күтілетін нәтиже:

а) Білу: судың,құмның қасиеттерін;заттың салмағын, қасиеттерін ажырата білу.

ә) Болу: су жылы, суық, мөлдір, лай; құм сусымалы, құрғақ, ылғал;

б) Жасай алу:ермексазды пайдалана отырып тастарды мүсіндей алу;көмекке келу,жанашу,болысу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы.«Жо?ал?ан монша?»

Автор: Дюсембекова Зауреш Галимовна

Дата: 07.12.2015

Номер свидетельства: 263053


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства