?ткен саба?тарлы еске т?сіре отырып, балаларды? ойлауын тілін дамыту. Балаларды? жыл бойы ал?ан білімдеріні? сапасын к?з жеткізу. Жабайы жан-жануарлар ды ажырата білуге ?абілетерін арттыру жалпы ой ?рісін дамыту.
Дамытушылы?:
Балаларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту. ?здігімен тапсырманы орындау?а машы?тау. Саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Т?рбиелік:
Балаларды? бір-біріне деген шынайы досты?, жолдасты? ?арым-?атынас?а т?рбиелеу, бір-біріне к?мектесуді, ?ол ?шын беру адамгершілік ?асиеттерін т?рбиелеу. Мейірімділікке, ?арапайымдылы??а, а?к??ілділік ?асиеттерін ?алыптастыру.
Просмотр содержимого документа
«?йымдастырыл?ан о?у -іс ?рекеті "Ойлан, тап" »
Келісемін:
«Ертөстік» МДҰ-ның
Меңгерушісі_________________
Мұратова Г.Е
«____» _______________2013ж
Ойлан тап
(2012-2013 оқу жылының қорытынды сабақ көнспектісі «Бұлақ» екінші кіші тобы)
Дайындаған: Аяпбергенова И.Х
2012-2013
Ойлан тап
Білімілік:
Өткен сабақтарлы еске түсіре отырып, балалардың ойлауын тілін дамыту. Балалардың жыл бойы алған білімдерінің сапасын көз жеткізу. Жабайы жан-жануарлар ды ажырата білуге қабілетерін арттыру жалпы ой өрісін дамыту.
Дамытушылық:
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өздігімен тапсырманы орындауға машықтау. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Балалардың бір-біріне деген шынайы достық, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, бір-біріне көмектесуді, қол ұшын беру адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Мейірімділікке, қарапайымдылыққа, ақкөңілділік қасиеттерін қалыптастыру.
Имандылық тәрбиесі, тіл дамыту, жануарлар, пішіндер, жеміс-жидек, көкөніс суреттері.
Ұйымдастыру кезеңдері:Шаттық шеңбер.
- шеңбер құрайық,
-Күннің нұрын салайық.
-Терезені ашайық,
-Таза ауа жұтайық.
-Жүрекке жылу сыйлайық,
-Жиналған жылы шуақты..
-Қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар олай болса біз бүгін өткенге көз жүгіртіп қайталап есімізге түсіреміз. Мен сендерге тапсырмалар беремін, сұрақ қоямын сендер маған ойланып дұрыс жауап беруге бар күшімізді саламыз.
Тапсырма: Мезгілдерді танып, білу.
Тәрбиеші: Қазір кай мезгіл?
Балалар: көктем
Тәрбиеші: біл жылда қанша мезгіл бар?
Балалар төрт мезгіл, олар көктем, жаз, күз, қыс.
Тапсырма: жануарларды ажырата білу.
Тәрбиеші: өте жақсы ал енді қандай жануарларды білесіңдер?
Балалар: жабайы жануар, үй жануарлары.
Тәрбиеші: үй жануарларымен, жабайы жануарларды кім айтып ажыратып беру?
Балалар: үй жануарларға; сиыр, жылқы, түйе, ешкі, мысық, ит.
жабайы жануарлар; қасқыр, аю, қоян, қабан шошқа, керік т.б.
Тәрбиеші: дидактикалық/ойын: «не артық?» үй жануарлармен, жабайы жануарлардың ішінен артығын ажырата білу.
Балалар: сурет арқылы сөздердің басын қосып сөз байланыстыру. (ит жәнебалық-итбалық, су және сиыр – сусиыр, ағаш және үй – ағаш үй, қол және шатыр-қолшатыр, тас және бақа-тасбақа)
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар олай болса сол өткен сабақты еске түсірдік ал енді бір-бірімізге жүрек жылуын сыйға тарту етейік.
Балалар: -Мынау менің жүрегім, осы бәрін басқара.
-Мынау менің басым, осыдан бәрі басталады.
-Оң қолым бар, сол қолым бар.
-Бір, екі, үш бойға жинап күш. (деп бір біріне жылы лебіздерін білдіреді)