-Балалар, бой сергітіп алды?, енді ?ыста?ы жапыра?сыз а?ашты ?а?аз бетіне т?сіріп к?рейік. (Салу жолдарын т?сіндіріледі. Педагог а?аштарды? т?рлері туралы с?райды. А??айын, емен а?ашыны? ерекшелігін атап ?теді).
Балалар сал?ан суреттерін, ал?ан ?серлерін к?рсетіп айтады.
Сурет салу?а деген ?ызы?ушылы?тарын білдіреді.
К?тілетін н?тиже:
Біледі:?ыс мезгіліні? ерекшеліктерін, ?ыс мезгілінде жан-жануарлар мен ?сімдіктер д?ниесінде болатын ?згерістерді, о?ан ауа райы мен сырт?ы ортаны? ?серін біледі.
Игереді: жыл мезгіліні? ерекшеліктерін аны?тап, ?а?аз бетіне т?сіруді біледі.
Ме?гереді: тал?аммен ж?мыс жасау, жан-жа?ты бай?а?ышты? ?абілеттері ?алыптасады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: қыстағы жапырақсыз ағаштың бейнесін бере білуді үйрету, жапырақсыз ағашты салу техникасымен таныстыру, эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: қыстағы жапырақсыз ағаш бейнесі /аққайын, емен/, бояулар, қылқалам, қағаздар, И.Шишкин суреттер көрінісі.
Сөздік жұмыс: суық түстер.
Қостілділік компонент: қар басқан жапырақсыз ағаш-дерево в снегу, без листьев.
Іс –әрекет кезендері
І. Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қайта-қайта қар жауады,
Қыс келгеннің белгісі.
Дала кезіп зар қағады,
Көбейген-ау жел күші.
Балалар шеңбер бойында тұрып, педагогтың іс-қимылын қайталап орындайды.
ІІ.Ұйымдастырушылық – ізденістік
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс.
-Біз қандай белгілеріне қарап қыстың келгенің байқаймыз?
-Қар жауады, күн суытады.
-Қыста ағаштардың күйі қандай болады?
-Ағаштар тоңып, бүрісіп тұрады.
-Мына суретте не көріп тұрсыңдар?
-Қар.
-Айнала неге оранған?
-Қарға.
-Балалар, қыстағы ағаштардың күйі осындай.
Жапырақтары түсіп, бұтақтары ғана қалады.
Қар жауғанда қардан тон киеді.
Суретшілер қыс салғанда суық түстер пайдаланады-көгілдір, көк, күлгін түстер және олардың реңктері. И. Шишкин суретшінің көрінісі балаларға көрсетеді.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Балалар қимылмен көрсетеді.
-Балалар, бой сергітіп алдық, енді қыстағы жапырақсыз ағашты қағаз бетіне түсіріп көрейік. (Салу жолдарын түсіндіріледі. Педагог ағаштардың түрлері туралы сұрайды. Аққайын, емен ағашының ерекшелігін атап өтеді).
-Ағаштың діңі ұзынша, төменгі бөлігі жуандау, жоғарыға қарай жіңішкере бастайды.Бұтақтары ағашқа көлденең және ұштары жоғарыдан төмен қарай иіліп тұрады.
Қолдарымен ауада сызып көрсетеді. Қағаз бетіне сызып салып көрсетеді немесе үлгі суретті, демонстрациялық материалды талдау арқылы түсіндіреді.
Балалар сурет салуға кіріседі, олардың жұмысына педагог бақылау мен басшылық жасайды.
Балалар қыс көрінісін фон етіп алып, жапырақсыз ағаштар суретін салады.
ІІІ. Рефлексивті - түзетушілік
Балалардың салған суреттерін тақтаға іліп, қорытындылайды.Балалардың жұмысын талдап, әңгімесін тыңдап, бағалайды.
Балалар салған суреттерін, алған әсерлерін көрсетіп айтады.
Сурет салуға деген қызығушылықтарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қыс мезгілінде жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде болатын өзгерістерді, оған ауа райы мен сыртқы ортаның әсерін біледі.
Игереді: жыл мезгілінің ерекшеліктерін анықтап, қағаз бетіне түсіруді біледі.
Меңгереді: талғаммен жұмыс жасау, жан-жақты байқағыштық қабілеттері қалыптасады.