kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті " Алтын к?з!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды?  к?з туралы  т?сініктерін молайту. О?ушыларды? к?з байлы?тары: к?к?ніс,жеміс-жидектер туралы білімдері? ке?ейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті " Алтын к?з!"»

Тақырыбы: «Алтын күз»


Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін молайту. Оқушылардың күз байлықтары: көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерің кеңейту.

Көрнекіліктер: Күз мерекесіне байланысты сурет. Жеміс-жидектер, шарлар, жапырақтардың суреттері.

Әдемі музыка ойналып тұрады,блалар тәрбиешімен бірге сахнаға шығады.

Тәрбиеші:Құрметті «Алтын күз» мерекесіне жиналған ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Дәстүрге айналған «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!

Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар.

Күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Алтын дегеннің себебі, айналаның бәрі сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алады. Міне, екеуін атастырып «Алтын күз» деп атаған.

Күз-мереке, күз-байлық, күз-қуаныш, күз-шаттық дей отырып, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!


Тәрбиеші:Балалардың сіздерге дайындаған билері бар екен.Тамашалайық.

Ән «Жау-жау, жаңбыр »


Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Енді балалардың күз мезгіліне арнаған тақпақтарын тыңдауға рұқсат етіңіздер!

1 оқушы. Ақнұр

Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.

2 оқушы. Әдлет

Көрініп еліме,
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.

3 оқушы. Дария

Бүгін мейрам, бүгін той

Қуанышты күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

4 оқушы. Аружан

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.

5 оқушы.Дамир

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.

6 оқушы. Амир

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап

7 оқушы. Шырын

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...


Тәрбиеші:Жарайсыңдар!Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

Береке, бақ, дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жаз

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз- демекші балалар қанеки ортаға «Күз ханшайымын» шақырайық.

Көңілді әуен ойналады.
«Күз ханшайымы» кіреді. Сәлеметсіздер ме қонақтар! Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен сіздерге алыстан келдім,сіздерге қоятын сұрақтарым бар балалар.
Бұлттар төніп,
Жаңбыр төгіп,
Жапырақтар сарғайды.
Өні тайып,
Сұры қашып,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?


Оқушылар – күзде

Күз ханшайымы: - күз мезгілінде неше ай бар?
Оқушылар – үш ай


Күз ханшайымы: - дұрыс айтасыңдар,жарайсыңдар! Ал мен «Күз ханшайымы» боламын. Мен сендерге бос келген жоқпын жақсы ән айтып,жақсы би билеген балаларға сыйлықтарым бар.


Тәрбиеші: күз ханшайымы, біздің балалар күз туралы әндер,тақпақтар біледі.Сіз отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.


Тәрбиеші:Қыздардың сіздерге дайындаған билерін тамашалайық.

Би «Қолшатыр »


Тәрбиеші: Балалар күзде қандай жемістер мен көкөністер піседі?

Оқушылар: алма,шие,жүзім,сәбіз,кызанақ,картоп,қияр,алмұрт,қарбыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!Онда сол жемістер мен көкөністерді ортаға шақырайық.

1 оқушы. Ардана

Жүзім пісті бір-бірлеп,
Үзіп мәзбіз біз енді.
Қоңырауы күмбірлеп,
Қыркүйекте күз келді.

2 оқушы. Аяна

Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.

3 оқушы. Аружан

Асханадан шықпаймын,

Атым –пияз,бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

4 оқушы. Нұрәлі

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз-

Сабіздерміз жазықсыз

5 оқушы Мирас

Картоп- біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз.

6 оқушы Жанерке

Иісім жұпар аңқыған,

Бақшадағы шырынмын.

Жеп көргендер тамсанған-

Балдай тәтті қауынмын.

7 оқушы Ақнұр

Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме-

Ісіп кетер маңдайым.

Ойын.

Тәрбиеші: Қане, балалар бір ойын ойнап жіберейік. Ойынның аты «Кім тез жинайды?»

Ойынның шарты:Балалар көкөністерді бір бөлек себетке, жемістерді бір бөлек себетке жылдам жинау керек.


Би «Барбарики»

Күз мезгіліне арнаған тағыда тақпақтарын тыңдауға рұқсат етіңіздер!

1 оқушы. Мәншүк

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап

2 оқушы.Айбын

Қарашы күз келді , күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

3 оқушы. Аяулым

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала

4 оқушы. Балым

Диқан бабаң екті де,

Еңбектен еш қашпады.

Алдыңа әкеліп төктіде

Ақ нанды үйіп тастады.

5 оқушы. Еркежан

Сап-сары маңай,

Сап-сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

6 оқушы. Ерасыл

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Тәрбиеші:Қыздардың сіздерге дайындаған билерін тамашалайық.

Би «Күз »


Тәрбиеші: Ендігі кезекті әнге берейік.

Ән: «Бау-бақша белдер»

Тәрбиеші:Күз ханшайымы, балалардың өнерлері сізге ұнады ма?

Күз ханшайымы:Рахмет, балалар!Маған қатты ұнады.Сендер өнерлі, ақылды балалар екенсіңдер.

Менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді.Сол сыйлықты сізге берейін сіз таратып беріңізші. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар!Келесі кездескенше!

Тәрбиеші:Балалар,Күз ханшайымына рахмет айтайық!Келесі кездескенше аманшылық болсын!


Құрметті ата-аналар бүгінгі мерекемізге алтын уақыттарыңызды бөліп, балаларыңыздың қызығын тамашалауға келгендеріңізге мың алғыс.

Осымен Алтын күз мерекесін аяқтауға рұқсат етіңіздер, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Келесі кездескенше күн жақсы, аман болайық!



























«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


















« Алтын күз» ертеңгілік кеші






Мектепалды даярлық сынып

тәрбиешісі: Майжанова К.Б











2015-2016 оқу жылы






аааааааамиптррмртпмртпрр


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті " Алтын к?з!"

Автор: Советханова Каламкас Берикказыевна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325894


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства