Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, бірінші амандасып алайық.
Біздер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Бақшаға біз келеміз,
Жол тәртібін білеміз.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Біз бүгінгі оқу қызыметінде жол қозғалысы жайында әңгімелейміз.Жол қозғалыс ережесінің мақсаты:бізді қауіптен қорғау. Мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ тоқта,жүр дейді
Бұл не екен балалар? (Балалардың жауабы)
Осы кезде топ бөлмесіне бағдаршам келеді.
Бағдаршам сөзі:
Менің атым бағдаршам,
Мекен жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді,
Мүдірмеймін ешқашан.
Тәрбиеші:Қош келдің бағдаршам!Бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.Бағдаршамның екі түрі болады.Көліктерге арналған, және жаяу жүргіншіге арналған.Бағдаршам көздерінің қызыметін айтайық.(Балалардың жауабы. )
-Жарайсыңдар балалар,бағдаршам туралы біледі екенсіздер,енді жол белгілері туралы әңгімелейміз.Тақтадағы суретке балалардың назарын аударады.
-Көліктер қайда жүреді?(Балалардың жауабы)
-Жол дегеніміз не?
Жол дегеніміз көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерді қамтитын аумақ.Жолдың әр түрлі қиылысы болады.Жол қиылысында бір бағытқа арналған жол,қарама-қарсы қозғалыстағы жол болады. Алыс жолдардағы таңбаларды ұзын қос сызық пен белгілейді.
-Жолдың ұзындықтары қандай болады?Жолдың ұзындықтарын салыстыру үшін,сіздердің алдарыңызда ұзындықтары әртүрлі екі жолақша бар.Осы екі жолақшаны бірінің бетіне екінші жолақшаны қойып ұзындықтарын салыстырамыз.
-Қай жолақша ұзын?
-Қай жолақша қысқа?
Міне балалар біз бұдан ұзын-қысқа ұғымын түсіндік.Көшеде келе жатқан адамдарды жаяу жүргінші дейді.Балалар біз көшеде жол тәртібін білуіміз керек.Ол үшін бірінші жол белгісін білуіміз шарт.Ендеше тақтадағы суретке қарайық. Мынау ескерту,тыйым салу,сілтеме белгілері.Ескерту белгісі;үшбұрышты қызыл бояумен,тыйым салу белгісі-дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен,сілтеме белгісі-көліктің жүретін бағытын,жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.Балалар мен сіздерге тақтадан суреттер көрсетемін.Бұл суреттен суретшінің қатесін табасыздар.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрып белгі берген уақытта ,бағдаршам көздеріне қарап,жаяу жүргінші жолымен жүреміз.Бойымыз сергіп болса ,орнымызға отырамыз.
Енді екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ қағаз бетіндегі бағдаршамның суретіне көздерін жапсырамыз.Екінші топ суреттегі көздерді қылқалам мен бояймыз.
Тәрбиеші оқу қызыметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.Оқу қызыметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.