1 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Түстер әлемі.
Мақсаты : бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
Қостілділік компонент: түстер әлемі – мир красок
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: бояу қарындашпен орындалған суреттер; қағаз, бояутақта, түрлі қылқаламда, гуашь, акварельбояу, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін:қағаз, жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар, акварель бояу, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагогтың кіріспе әңгімесі: балаларға ерте кезде адамдардың суретті жерге, тастарға салғандығы туралы айтады. Оларда құралдар, бояулар болмаған, бертін келе бояу ретінде сазбалшықты жағып, тастарға сурет салып көрген. Кейінірек шөптің бояуы шығатынын байқап, оларды бояу орнына қолданды. Қылқаламның орнына саусақтарымен жұмыс жасаған. Сосын құстың қанатын пайдаланды. Қарындаш жоқ болғандықтан, бор немесе қорғасынмен сызды. Кейінірек түрлі түсті қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі түс беретін қоспалар қосып, дайындай бастады.
3. Сурет, сиқырлы бояулар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шіркін сурет сабағы, Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын, туып өскен даланы.
Қызыл бояу – қызғалдақ, Сары бояу – сарғалдақ.
Жасыл бояу – жайлауым, Іздеп барар армандап.
4. Педагог әртүрлі материалдармен сурет салу тәсілдерін көрсетіп, қылқаламмен, қарындашпен дұрыс жұмыс жасау ережесін түсіндіреді.
5. Педагог балаларға жұмыстың орындалу барысын түсіндіреді. Балалар жұмыс дәптерлерінде сызықтар мен геометриялық материалдарды түрлі бояулармен (акварель, гуашь, түрлі түсті қарындаштар) орындап жаттығады.
6. Балалар жұмысы. Ары қарай балалар акварель бояу, гуашь, түрлі түсті қарындаштардың қасиетін анықтау үшін өз беттерінше тәжірибе жасап көреді. Балалар педагогпен бірлесе отырып, мынадай қасиеттерін анықтайды: акварель бояу ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь қалың жағылады, қою; түрлі түсті қарындаштар жұмсақ, ашық түсті, сызық түрінде түседі.
Әңгімені тыңдайды
Балалар өз беттерінше жұмыс
жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізеді. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: боялармен танысады, немен бояу керектігін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: бояу тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға құштарлықтарын арттыру;
2 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Кемпірқосақтың суретін саламыз.
Мақсаты : балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу, кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретімен таныстыру; акварель боялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; композиция құра білуге үйрету.
Қостілділік компонент: кемпірқосақтың суретін саламыз – мы рисуем радугу
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: кемпірқосақтың суреті; қағаз, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін: қағаз, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагогтың кіріспе әңгімесі: балаларға кемпірқосақтың суретін көрсетіп, қайдан, қашан көргендерін естеріне түсіріп, әңгімелеп берулерін сұрайды. Балаларды әңгімеге тарта отырып, кемпірқосақтың қашан, қалай пайда болатыны жөнінде сұрақтарға жауап алады. Кемпірқосақтың суретін зейін сала қарап, оның түстерін орналасу айтып берулерін сұрайды.
3. Кемпірқосақтың түстері: қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Балалар кемпірқосақтың түстерін ретімен қайталап айтып, естеріне сақтауға тырысады.
4. Педагог суретті салу жолдарын көрсете отырып түсіндіреді:
Алдымен жай қарындашпен көкжиек сызығын – алаңқайды сызып аламыз. Қағаздың жоғарғы бөлігіне күн мен бұлттарды саламыз. Содан соң кемпірқосақ түстерін бірден қылқаламмен акварель бояумен доға түрінде салып шығамыз. Алаңқайды, күн мен бұлттарды бояймыз.
5. Балалардың жұмысы: Балаларға кемпірқосақтың суретін салуға тапсырма беріледі. Алдымен салатын суреттің мазмұнын анықтап алу: күн, кемпірқосақ, бұлт т.б. Алдымен суретті салмас бұрын, кемпірқосақтың суреті альбом бетіне тігінен немесе көлденеңінен орналасатындығын анықтап алады. Балалар парақты көлденеңінен пайдаланса, көріністі толық сыйдыра алатындықтарын байқайды.
6. Жеке балалармен жұмыс.Балалардың жұмыстарын қадағалап, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмек қолын созып, бағыт-бағдар беріп отыру.
Әңгімені тыңдайды
Түстерін ажырата алады.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында педагог балалардың салған суреттерінен шағын көрме ұйымдастырады, жұмыстарды балаларды қатыстыра отырып талқылайды, бағалайды.Балалар кемпірқосақ түстерінің ретін тағы бір рет естеріне түсіреді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу, кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретімен таныстыру;
Қандай түсініктерді игерді: акварель боялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; композиция құра білуге үйрету.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
3 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Менің доптарым.
Мақсаты : гуашьпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты – доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту; байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: менің доптарым – мой мячи
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: әртүрлі доптар, қағаз, жұмыс дәптері, жай қарындаш, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамалдар.
Балалар үшін:қағаз, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері жасалады.
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ шешкізу. Педагог балаларға доп туралы жұмбақ жасырады, жұмбақтың дұрыс шешімін тапқаннан кейін, балаларға доп туралы өлең-тақпақтар айтқызу. Олардан қандай ойын түрлерін білетіндігі сұралады. Осы ойындардың қайсысында доп қолданылатыны анықталады.
3. «Түрлі доптар» дидактикалық ойынын ойнатады. Педагог балалардың қолдарына әртүрлі доп беріп. Балалар қолындағы доптың түсін, көлемін айтады, келесі бала өзінің қолындағы допқа сипаттама береді. Осылайша доптардың көлемі, түсін айтып, олардың әртүрлі болатынын айқындайды.
4. Педагог бүгінгі сабақта доптың суретін салатындықтарын хабарлайды. Содан соң балалар жұмыс дәптерін ашып, сурет салу кезеңдерінің орындалу ретімен танысады.
5. Сурет салу ретін мұғалім балаларға өзі түсіндіре отырып көрсетіп береді. Гуашьты аздаған мөлшерін алып, палитрада сумен араластырамыз. Содан соң бояуды қылқаламды керегінше аламыз. Қағаз бетінде доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз. Контурдың ішін бояймыз. Әртүрлі өлшемдегі доптардың суретін салып, әртүрлі түспен бояймыз.
6. Балалар жұмысы. Тәрбиешінің түсіндіруі бойынша балалар өз жұмыстарын бастайды.
7. Жеке балалармен жұмыс.Балалардың жұмыстарын қадағалап, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмек қолын созып, бағыт-бағдар беріп отыру.
Жұмбақты шешеді.
Ойынды ойнайды.
Салу ретін түсініп, тыңдайды.
Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
8. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында мұғалім олардың жұмысын балалармен бірге талқылап, өз кеңесін береді. Сабақтың қорытындысы шығарылады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дөңгелек затты – доптың суретін салуды үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: гуашьпен сурет салу дағдылары қалыптасады;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдарын дамыту;
4 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Қанқыз
Мақсаты : сәндік-сұлба бейнелеудің орындалу тәсілін үйрету; шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру; бақылағыштығын, қиялын дамыту.
Қостілділік компонент: қанқыз – божьи коровки
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: қанқызының суреті салынған үлгі; қағаз, жай қарындаш, түрлі түсті қарындаштар.
Балалар үшін:. қағаз, жай және түрлі түсті қарындаштар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ шешкізу. Педагог балаларға қанқыз туралы жұмбақ жасырады. Жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, оның фотосуретін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет береді. Балалардың назарын оның денесінің пішініне, басы мен аяқтарының орналасуына, түсіне аударады.
3. Содан соң қанқыздың салынған суретінің үлгісін көрсетіп, балалардан фотосуретімен салыстыруды сұрайды. Балалардың айтқанын қорытындылай келе педагог фотосуреттегі кескіні шынайы берілгендігін, ал салынған суретте суретші өзінің қиялымен толықтырғандығын айтады.
4. Педагог сурет салу тәсілімен таныстыра отырып, жұмыстың орындалу ретімен таныстырады. Денесін дөңгелек немесе жарты дөңгелек түрінде белгілеп көрсетеміз. Басын дөңгелектеп саламыз. Басынан көз, мұрын, ауыз, мұртшаларының орнын белгілейміз.Үш жұп аяқтың суретін бір-біріне қарама-қарсы саламыз.Денесіне дақтарының суретін саламыз. Қанқыздың суретін бояймыз.
5. Балалардың өз беттерінше жұмыстары. Тәрбиешінің түсіндіруі бойынша балалар өз жұмыстарын бастайды
6. Жеке балалармен жұмыс.Балалардың жұмыстарын қадағалап, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмек қолын созып, бағыт-бағдар беріп отыру.
7. «Көңілді қанқыз» саусақ ойыны. Балалар саусақтарымен жорғалап жүрген, ұшып жүрген қанқыздың қимылын салады.
8. Педагог балаларға суретті өздерінің қиялымен толықтыруға, мысалы, шөп, гүл, жапырақтар салуға болатынын айтады.
Жұмбақты шешеді.
Сурет салады.
Рефлексивті-түзетушілік
9. Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар салған суреттерден шағын көрме ұйымдастыру. Балалар көрмені тамашалап, өз пікірлерін білдіреді.
Қандай түсініктерді игерді: шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бақылағыштығын, қиялын дамыту.
5 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Шөл даладағы түйе
Мақсаты : акварель бояумен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; «жылы түстер» туралы түсініктерін қалыптастыру; композиция құрастыра білуге үйрету.
Қостілділік компонент: шөл даладағы түйе – верблюд в пустыне
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: шөл дала көрінісінің фотосы немесе салынған суреті; жылы түстер көрсетілген карточкалар, қағаз, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін:. жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс,қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог сабақтың басында кемпірқосақ түстерінің орналасу ретін естеріне түсірулерін сұрайды, тағы қандай түстерді білетінін анықтайды.
3. Түсінік беру: түстердің жылы және суық болып бөлінетіні жайлы түсінік беріледі. Жылы түстер – оттың және күннің түсі, оған сары, қызыл сары, қызыл түс жатады.
4. Педагог балалардан жылы түстерді қайдан көруге болатындығын сүрайды. Балалар кешкі ауладан, күннің батуынан, шөл даладан көретіндіктерін айтады.
5. Жұмбақ шешкізу: Үстінде екі тауы бар,
Келе жатыр үлкен жануар. (түйе)
6. Шөл даланың суретін көрсетіп, ол жерден қандай жылы түстерді көріп тұрғандарын сұрайды (сары, қызыл сары, қызыл).
7. Педагог ары қарай суретті салу ретімен таныстырып, қылқаламмен, бояумен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіреді.
8. Жұмыс дәптерінде берілген сурет салу кезеңдеріне балалардың назарын аударып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
9. Балалардың өз беттерінше жұмыстары. Жай қарындашпен шағыл құм мен күнді белгілеу. Суретті аспаннан бастап, тек жылы түстерді қолдана отырып, ретімен бояу.Шөл даланың көрінісін балалар өз қалауынша толықтыруларына да болады.
Балалар жауап береді.
Жұмбақты шешеді.
Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Жақсы салынған суреттерден шағын көрме ұйымдастырып, жұмыстарын бағалау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: акварель бояумен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру;
Қандай түсініктерді игерді: «жылы түстер» туралы түсініктерін қалыптастыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: композиция құрастыра білуге үйрету.
6 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Күннің батуы.
Мақсаты: түстердің ерекшеліктері жайлы ұғымдарын кеңейту; «жылы түстер» палитрасының реңктерін кеңейту; «түстердің біртіндеп өзгеруі» тәсілін қолданып үйрену, көріністі бейнелеуде көңіл күйді бере білу.
Мұғалім үшін:кешкі көріністі бейнелейтін иллюстрациялар, фотосуреттер; жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, жай қарындаш, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс,
қолорамал
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешіәрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне алақан жылуы арқылы жылы сөздер айтып, тілектерін айтқызу.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-
іздестіру
2. Педагог балаларға кешкі көрініс бейнеленген суреттерді, фотосуреттерді көрсетіп, әңгімелеседі. Балалардан батып бара жатқан күннің көрінісін бейнелеу үшін қандай түс қолданылғандығы сұралады.
3. Ал фотодан күн батып бара жатқан тұстан қандай түс көріп тұрғанын айтады. Балалардың сөзін мұғалім толықтыра отырып, жаңа түстердің атауын айтады (сап-сары, алқызыл, күлгін, т.б.).
4. Содан соң педагог «түстердің біртіндеп өзгеруі» тәсілін көрсетеді. Сондай-ақ жұмыс дәптерінде көрсетілген суретті орындау кезеңдеріне назарларын аударып, өзі салыну жолын көрсетеді.
5. Салу кезеңдерін көрсету.
* Қағаздың төменгі бөлігіне таудың нобайын жай қарындашпен белгілейміз.
* Тауды қою көк түспен бояймыз.
* Суретті аздап кептіреміз.
* Күннің батып бара жатқан көрінісін бірден суға молырақ батырылған қылқаламмен саламыз. Бояулардың бір-біріне ағыпқосылуына мүмкіндік береміз.
* Күнді қылқаламның көмегімен сары бояумен белгілеп, сәулелерін ретімен қызыл сары, қызыл, қызғылт, ұанық қызыл, күлгін, т.б. түстерге біртіндеп өзгеруіне жағдай жасау.
9. Педагог сурет салу барысында жаңа өтілген тәсілді естеріне салып отырады.
10. Балалардың өз беттерінше жұмыстары.
Сурет салу барысында жаңа өтілген тәсілді естеріне салып отырамын.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті - түзетушілік
11. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ – жауап әдісі бойыншасабақ соңында оқушылардың салған суреттерін талдау жұмысы жүргізіледі.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: түстердің ерекшеліктері жайлы ұғымдары кеңейеді;
Қандай түсініктерді игерді: «түстердің біртіндеп өзгеруі» тәсілін қолданып игереді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «жылы түстер» палитрасының реңктерін кеңейту;
7 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Теңіздегі кит
Мақсаты: балаларды акварель бояуымен жұмыс істеу дағдыларын жалғастыру. Суық түстермен таныстыру - көк, көгілдір, сия көк, қара көк және т.б. Балаларға түстерді сезіндіре отырып, әрбір түстің көңіл күйге әсер ететінін түсіндіру.
Қостілділік компонент: теңіздегі кит – кит в море
Қажетті құралдар мен материаодар: мұғалім үшін: теңіз бейнеленген суреттер мен фотосуреттер, суық түспен боялған қағаз қиындылары, қағаз, акварель бояу, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-
іздестіру
2. Теңіз бетінің суреттері бейнеленген суреттер мен картиналарды фотокөрме ұйымдастыру. Суреттің мазмұны бойынша әңгімелесе отырып, Қазақстандағы теңіздер, олардың қайда орналасқаны туралы әңгіме жүргізіледі.
3. Кіріспе әңгіме. Балалар теңіздің қандай түстермен бейнеленгенін, ол түстердің суық түске жататынын айтады. Теңіз бетін бейнелеу үшін неге суық түстер алынатынын балалар өз бетінше түсіндіріп көреді. Өткен сабақта сурет салу үшін қандай жылы түстер қолданғандарын естеріне түсіреді. Түстер спектрімен жұмыс жүргізіледі.
4. Тәрбиешінің түсіндіруі. Қағаз бетіне қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу тәсілін көрсетіп, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
5. Жұмыстың орындалу реті.
* Жай қарындашпен көкжиек сызығын, күнді белгілейміз.
* Тек суық түстерді қолдана отырып, аспаннан бастап, ретімен суретті бояймыз.
6. Балалардың жұмысы. Педагог оқушылар жұмыс дәптеріндегі суретті аяқтағаннан кейін өз қалауынша композиция құруына, суретті толықтыруларына болатынын айтады.
7. Жеке баламен жұмыс. Жұмыс жасау барысында қиналып, орындай алмай отырған балаларға педагог көмектеседі.
8. Технологиялық деректер:
1. Қағаз бетінде қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіру: а) қылқаламды суда қалдыруға болмайды;
ә) сурет салып болған соң қызқаламды жуып, тазалап қою керек;
б) қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғарыға қаратып орналастыру керек;
2. «жағыс» және «сызықтар» ұғымдары туралы түсінік беру.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Орындалған суреттерден шағын көрме ұйымдастыру. Жұмыстарды балаларға талдау жасату, орындалған жұмыстар бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: акварель бояуымен жұмыс істеу дағдыларын біледі;
Қандай түсініктерді игерді: Суық түстермен таныстыру - көк, көгілдір, сия көк, қара көк және т.б
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балаларға түстерді сезіндіре отырып, әрбір түстің көңіл күйге әсер ететінін меңгерту.
8, 9 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Көңілді балалар. ( 2 сағ)
Мақсаты: сурет салу дағдыларын дамыту; геометриялық фигураларды (сопақша мен дөңгелек) пайдалана отырып, адамның бейнесін салуды үйрету; дене мүшелерінің пропорциясы туралы алғашқы түсінікерін қалыптастыру.
Қостілділік компонент: көңілді балалар – веселые человечки
Қажетті құралдар мен материаодар: мұғалім үшін: адамның дене мүшелері толық түсірілген фотосурет, жай және түрлі түсті қарандаштар, қағаз.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарандаштар.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Шеңберге тұрып бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Кіріспе әңгіме. Педагог балаларға адам денесі толық көрсетілген фотосуретті көрсетіп, сурет салғанда дене мүшелерінің пропорциясын, яғни екі жағындағы дене мүшелерінің өлшемінің бірдей болуын сақтау керектігі туралы мағлұмат береді. Балалардан денесімен салыстырғанда басының және аяқ-қолының өлшемі қандай екеніне назарларын аударуды сұрау. Ары қарай көңілді балақайды салу үшін, геометриялық фигуралардың көмектесетінін айтады. Дөңгелек және сопақшалардың көмегімен адам денесінің контурын сызып алу өте жеңіл болады, содан соң ұсақ бөлшектері салынады.
3. Тәрбиешінің түсіндіруі. Педагог дайын жұмыстың үлгісін көрсете отырып, ары қарай салу кезеңдерін жеке-жеке өзі салып көрсетеді.
* Үлкен сопақша, яғни денесін саламыз.
* Үлкен сопақшаның үстіне кішкентай сопақшаны көлденеңінен саламыз, ол мойны болады. Одан соң мойынның үстіне дөңгелек басын саламыз.
* Созылған сопақшалардың көмегімен қолын, аяғын саламыз.
* Ұсақ бөлшектерін саламыз. Киімнің орнын белгілейміз.
* Бетіне көзін, құлағын, мұрнын, аузын саламыз.
* Түрлі түсті қарындаштың көмегімен бояп, әрлеу жұмыстарын жалғастыру.
4. Балалардың жұмысы. Педагог балалрдың сурет салу жұмысын үнемі қадағалап отырады, суреттің орындалу ретінің дұрыстығын тексереді.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды.
Рефлексивті –түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында балалар салған суреттерін бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалайды. Сабақ соңында балаларды мақтап, қуантамын.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: адамның бейнесін салуды үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: дене мүшелерінің пропорциясы туралы алғашқы түсінікерін қалыптастыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: геометриялық фигураларды (сопақша мен дөңгелек) пайдалана отырып, сурет салу дағдыларын дамыту;
10 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Жұлдызгүл.
Мақсаты: балаларды негізгі түстермен таныстыру; негізгі түстерді араласытыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру; шығармашылық қабілеттерін, ой қиялын дамыту.
Қостілділік компонент: жұлдызгүлдер – астры
Қажетті құралдар мен материалдар: мұғалім үшін: жұлдызгүлдің суреті салынған картина,бір шоқ тірі гүл, акварель бояу, қылқалам, қағаз, су, қолорамал.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу,қылқалам, қағаз, су, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:
Орнымыздан тұрайық., Орнымыздан жылжып,
Гүлді жұлып алайық.. Басқа гүлге барайық..
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Кіріспе әңгіме: Гүл туралы өлең оқып, гүлдің әдемілігі, сұлулығы, айналасына сән беріп көріктендіріп тұратыны туралы әңгіме жүргізу. Гүлдерді хош иісі бөлменің ауасын әрлендіріп, адамдарға жағымды әсер етеді.
3. Көрнекілікпен жұмыс. Картинадағы әсем гүлдер мен гүл шоғына балалардың назарын аудару. Балалардан нарғызгүлдің түстерін ажыратуды сұрау. Балалардың жауабын қорытындылай келе, қызғылт, сия көк, ашық күлгін, қошқыл қызыл сияқты түстер түс реңктері деп аталатынын айту. Кейбір түстерді алу үшін негізгі түстерді араластыру арқылы шығарып алуға болатындығы түсіндіріледі. Мысалы, негізгі түсті ақ түспен араластырса, ашық түсті реңк шығады, ал егер қара түспен араластырса, күңгірт түске айналады.
4. «Түстер еліне саяхат» ойынын ойнату. Мақсаты: жылы және суық түстерді естеріне түсіру; өздеріне ұнайтын түсті таңдауға ерік беру.
5. Тәрбиешінің түсіндіруі. Балаларды жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретімен, суретті салу, қажетті түсті шығарып алу тәсілімен таныстыру.
6. Балалардың жұмысы.
* Түс реңкін шығарып алу үшін қажетті түстерді палитрада араластыру.
* Гүлдің сабағын саламыз.
*Сабақтың үстінен ортасын сары түспен белгілейміз.
* Гүл күлтелерінің орнын крест түрінде белгілеп, таңдап алынған реңктерді пайдаланып, гүлдің суретін саламыз. Содан соң толықтырып, бояп шығамыз.
7. Жеке баламен жұмыс. Тәрбиеші балалардың жұмысын қадағалап бақылайды. Көмек керек балаларға кеңес беріп, көмектеседі.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды.
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс әрекетін қорыту. Сабақ соңында балалар салған суреттен шағын көрме ұйымдастырып, балалардан кімнің суреті әдемі, таза салынғаны жайында сұраймын.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалар негізгі түстермен танысады;
Қандай түсініктерді игерді: негізгі түстерді араласытыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын игереді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық қабілеттері, ой-қиялы дамиды.
11 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ағаштың суреттін саламыз.
Мақсаты: балаларды ағашты акварель бояумен салуға үйрету; жіңішке қылқаламмен сурет салу тәсілін меңгерту; саусақ икемділіктерін арттыру;табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ойату;қамқорлық көрсетуге баулу.
Қажетті құралдар мен материалдар: мұғалім үшін: күзгі бақ бейнеленген сурет; акварель бояу, қылқалам, қағаз, су, қолорамал.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, қағаз, су, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психалогиялық дайындық:
Күз келді, Күн суық
Күз келді, Күн желді
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Кіріспе әңгіме. Балаларға жыл мезгілі жайлы өлең шумақтарын оқып, олардан өлең не жайында айтылғанын, мағынасын сұрау.
3. Суретпен жұмыс. Күзгі бақтың суретін көрсетіп, күзгі табиғаттың әдемілігі туралы әңгіме жүргізіледі. Балалардан ағаштың пішініне сипаттама беруді сұрау. Ағаштардың діні жуан болады, бұтақтары жоғары қарай өседі. Жапырақтары күзде сары алтындай түске боялады, жер бетін басып қалады.
4. Тәрбиеші қағаз бетінде әртүрлі ағаштарды – емен, үйеңкі, аққайыңды, т.б. салып көрсетеді. Құрылысындағы айырмашылықты түсіндіреді (діңінің жуан не жіңішке болуы, өсу бағытының, бұтақтарының пішінінің әртүрлілігі).
5. Тәрбиешінің түсіндіруі. Ары қарай балаларды жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстыру, жұмысты орындау тәсілдерін түсіндіру. Әр бала өз жұмыс дәптерлерін алып, суретті салуға отырады.
6.Балалардың жұмысы. Жұмыс барысында балалардың қағаз бетіндегі кеңістікті бағдарлай білуін қадағалау.
* Ағаштың діңінің пішінін келтіре отырып, қылқаламмен белгілеу.
* Ағаштың бұтағының иірімдерін келтіре отырып, жіңішке қылқаламмен салып шығамыз.
* Күзгі жапырақтардың түсін таңдап алып, оларды ұшар басына қарай бөлек-бөлек жағындылар түрінде бірден бояумен салу.
7. Жеке баламен жұмыс. Сурет салуда қиналып отырған балаларға оңай әдіс-тәсілдермен салу жолын көрсету. Суретін өз ой-қиялымен толықтыруларына болатынын айту.
Сұрақтарға
жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті – түзетушілік
Оқу іс әрекетін қорыту. Сұрақ – жауап әдісі бойыншасабақ соңында оқушылардың салған суреттеріне талдау жұмысы жүргізіледі.Барлық балалардың суреттерін бағалау. Сурет салуда жіберілген кемшіліктерге тоқталу.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалар ағашты акварель бояумен салуды үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: жіңішке қылқаламмен сурет салу тәсілін меңгереді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оянады; қамқорлық көрсете алады.
12 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Күз.
Мақсаты: балардың күзгі баққа саяхатқа барғанда табиғаттан алған әсерлерін, көрген көріністерін суретте көрсете білу дағдыларын қалыптастыру; суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуге баулу; жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай білуге, тиянақтылық, тазалық сақтауға дағдыландыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.
Қостілділік компонент: күз - осень
Қажетті құралдар мен материалдар: мұғалім үшін: күзгі бақтың көрінісі бейнеленген картиналар, гуашь, қылқалам, су, қолорамал.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, қағаз, су, қолорамал, гуашь
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, оқу іс – әрекетке назарларын аудару. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Кіріспе әңгіме. Күз көрінісі, күзгі бақ бейнеленген картиналардан шағын көрме ұйымдастырып, оқушылардың суреттерді тамашалап қарауына мүмкіндік туғызу. Содан соң оқушылармен күз көрінісінің ерекшеліктерін талқылайды.
3. Күз туралы өлеңдер оқу. Өлеңнің мазмұнын сурет мазмұнымен салыстыру. Балалардан өздері оқып, тамашалаған саябақты көз алдарына елестетіп, оның көрінісін сурет арқылы бейнелеуге
тапсырма беру.
4. Тәрбиешінің түсіндіруі. Ары қарай тәрбиеші суретті орындау кезеңдерін көрсетіп, осы үлгі негізінде өз беттерінше салуды сұрайды.
* Көкжиек сызығын жай қарындашпен белгілеу.
* Ағаштарды салу. Сурет салғанда ағаш діңінің төменгі жағынан бастап, жоғарыға қарай салу керек.
* Ағаш діңінің төменгі бөлігі жуандау, ал жоғарылаған сайын ақырындап жіңішкере береді.
* Жапырқатар мен шөпті «күзгі түстермен» - сары, қызыл, қызыл сары, қоңыр бояулармен бояу керек.
* Жұмыс кезінде діңі, жапырғаны салудың әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.
5. Балалардың жұмысы. Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.
6. Жеке баламен жұмыс. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.
Әңгімелеседі.
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында жақсы салынған суреттер таңдап алып,тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп,орындалу ретін сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қылқаламмен дұрыс жұмыс жасау тәсілдерін үйренеді;.
Қандай түсініктерді игерді: суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуді игерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай білуге, тиянақтылық, тазалық сақтауға дағдыланады;
13 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Себеттегі алма.
Мақсаты: балардың күзгі баққа саяхатқа барғанда табиғаттан алған әсерлерін, көрген көріністерін суретте көрсете білу дағдыларын қалыптасту; суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуге баулу; жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай білуге,тиянақтылық,тазалық сақтауға дағдыландыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.
Қостілділік компонент: себеттегі алма –корзина с яблоками
Қажетті құралдар мен материалдар: мұғалім үшін: күзгі бақтың көрінісі бейнеленген картиналар, гуашь, қылқалам, су, қолорамал.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, қағаз, су, қолорамал, гуашь
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға «Алма жинау» мазмұнды-рөлдік ойынын ойнатады. Ойынды балалар бірігіп, ұжым болып ойнайды. Алма жинаған кездегі қимыл-қозғалыстарға мән берулерін ескерту.
3. Кіріспе әңгіме. Содан соң тәрбиеші алмасы бар себетті жұмыс үстеліне қойып, бірнеше алманы себеттен шығарып қояды. Балалардан жасалған натюрмортқа мұқият қарап, алмалардың себеттің ішінде, үстелдің үстінде қалай орналасқанына назарларын аударуды сұрайды. Тәрбиеші балалардың басты назарын алмалардың бір-бірін қалқалап тұрғанына, себеттегі алмалардың кейбір бөлігі көрінбей тұрғанына аударады.
4. Тәрбиешінің түсіндіруі. Тәрбиеші алма толы себетті қалай салу керектігін өзі көрсете отырып түсіндіреді.
* Жай қарындашпен себетті белгілеу.
* Көрінбей тұрған алмаларды есепке ала отырып, бір-бірін қалқалап тұрған себеттен жартылай көрініп тұрған алмаларды белгілеп алу.
* Суретті түрлі түсті қарындаштармен бояу.
5.Балалардың жұмысы. Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысқаннан кейін, жұмысты өз бетінше орындайды.
6. Жеке баламен жұмыс. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын орындайды, көмек қажет балаларға бағыт беріп отырады.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс әрекетін қорыту. Балалар жұмыстарын қарап шығып, жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастыру. Балаларға достарының суреттерінің ішінде кімнің суреті жақсы салынғандарын анықтау тапсырылады.Бағалай, талдау жұмыстары.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қылқаламмен дұрыс жұмыс жасау тәсілдерін үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуді игерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: көрген көріністерін суретте көрсете білу дағдылары қалыптасады;
14 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Күзгі жаңбыр.
Мақсаты: балаларға табиғаттағы көңіл күйлерді түстер арқылы сезе білуге үйрету; «суық түстерді» пайдалана отырып, күзгі жаңбырды бейнелей алу; аралас техникада жұмыс істей алу дағдыларын жетілдіру; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қостілділік компонент: жаңбыр – дождик
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: жаңбырлы күз бейнеленген картиналармен фотосуреттер, қағаз, балауыз бор, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.
Балалар үшін: жұмыс дәптері, балауыз бор, акварель бояу, қылқалам, қағаз, су, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балалар шеңберге тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы жылы тілектерін білдіреді. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ жасыру: Тырс – тырс тамады,
Жер көкті су жабады. (жаңбыр)
3. Жұмбақтың дұрыс жауабынан кейін жылдың қай мезгілінде жаңбырдың көп жауатыны жайлы әңгімелеу, әрбір жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі, әсемдігі барын түсіндіру.
4. Көрнекілікпен жұмыс: күзгі жаңбырды бейнелейтін картиналар мен фотосуреттерді көрсетіп, әңгімелету. Балалардың пікірін қорытындылау.
5. Тәрбиешінің түсіндіруі: жаңбырды бейнелеу үшін суық түстер пайдаланады, аспандағы бұлттарды қара сұр түспен, жауып жатқан жаңбыр тамшыларын сұр түспен, суды қою көк түспен бояйды.
6. Тәрбиеші сурет салу барысын қағазда көрсетеді:
* Жай қарындашпен көкжиек сызығын белгілеп аламыз.
* Ақ балауыз бормен аспанда бұлттың шеткі сызығын, жаңбыр тамшыларын, жерде көлшіктердің шеткі сызығын сызып аламыз.
7. Балалардың жұмысы. Жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, алдымен педагог өзі орындап, үлгі ретінде көрсетеді.Жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстырып, жұмыс жасату.
8. Жеке баламен жұмыс жасау. Жұмыс барысында қиналып отырған балаларға көмектесемін.
Жұмбақты шешеді.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Сабақ соңында балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын беремін.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: табиғаттағы көңіл күйлерді түстер арқылы сезе білуге үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: аралас техникада жұмыс істей алу дағдыларын игерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
15 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Мерекелік отшашу..
Мақсаты: балаларды граттаж «тырналау» техникасымен таныстыру; граттаж техникасы арқылы мерекелік отшашу сеулелерін бейнелеуді көрсету; шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: мұғалім үшін:мерекелік отшашу бейнеленген фотосуреттер немесе картина, жұмыс дәптері, майлы немесе балауыз бор, тушь, су, қылқалам, тіс шұқитын шилер, қолорамал.
Балалар үшін: майлы немесе балауыз бор,қылқалам, қағаз, су, қолорамал,тушь, тіс шұқитын шилер.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Өлең оқу: мерекелік отшашу жайлы,отшашудың көрінісі бейнеленген фотосуреттердің мазмұнымен жұмыс жасау.
3. Көрнекілікпен жұмыс: отшашуды бейнелейтін картиналар мен фотосуреттерді көрсетіп, әңгімелету. Балалардың пікірін қорытындылау.
4. Тәрбиешінің түсіндіруі: отшашу граттаж тәсілімен салынатындығын хабарлап, бұл тәсілдің өте шыдамдылықпен ққыптылықты қажет ететіндігін түсіндіру.
5. Тәрбиеші сурет салу барысын қағазда көрсетеді: қағаз бетін толығымен майлы немесе балауыз бормен жақсылап, бір тегіс жабу. Штрих сызықтар білінбеу керек.
6. Боялған қағаз бетінің үстін қара тушпен жабу. Қағаз бетін кептіру. Тіс шұқитын шимен тырналап, отшашудың суретін келтіру.
7. Балалардың жұмысы. Жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстырып, жұмыс жасату. Жұмыс дәптерлеріне назар аударып, суреттің орындалу ретіне қарап, отшауды бейнелейді.
9. Жеке баламен жұмыс жасау. Жұмыс барысында қиналып отырған балаларға көмектесемін.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Оқу іс-әрекет соңында балалар жұмыстарын қарап шығып, жақсы салынған суреттерден көрме ұйымдастыру. Балаларға достарынынң суреттерінің ішінде кімнің суреті жақсы
салынғандарын анықтау тапсырылады.Бағалай, талдау жұмыстары.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: граттаж «тырналау» техникасымен сурет сала білуге үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: граттаж техникасы арқылы мерекелік отшашу сеулелерін бейнелеуді игерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық қабілеттерін арттыру дағдылары қалыптасады.
16 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Құстар.
Мақсаты: балаларға құстарды бейнелеп салуды, жануарлардың бірнешеуін қатар салып, сюжетті композиция құрастыра білуді үйрету; бақылаштығын, қиялын дамыту, шығ-лық қабілеттерін ояту.
Қостілділік компонент: құстар – птички
Қажетті құралдар мен материалдар: мұғалім үшін: құстар бейнеленген суреттер, қарындаш, гуашь, қылқалам, су, қолорамал.
Балалар үшін: гуашь, қылқалам, қарандаштар, қолорамал
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, оқу іс – әрекетке назарларын аудару. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ жасыру: құстар жайлы, өз жерімізде кездесетін құстардың түрлері қандай пайда әкелетіні жайлы әңгімелеу.
3. Көрнекілікпен жұмыс: құстарды бейнелейтін картиналар мен фотосуреттерді көрсетіп, әңгімелету. Балалардың пікірін қорытындылау.
4. Тәрбиешінің түсіндіруі: жұмыс дәптеріндегі құстардың суретін салу ретімен таныстырып, жұмыс жасату.
5.Тәрбиеші сурет салу барысын қағазда көрсетеді: қағаз бетіне толығымен жай қарындашпен сопақша денесін саламыз.
6. Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағына үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз.
9. Балалардың жұмысы. Жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстырып, жұмыс жасату.
10. Жеке баламен жұмыс жасау. Жұмыс барысында қиналып отырған балаларға көмектесемін.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту.Сабақ соңында жақсы салынған суреттер таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, орындалу ретін сұрау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: құстарды бейнелеп салуды үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: жануарлардың бірнешеуін қатар салып, сюжетті композиция құрастыра білуді игереді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бақылаштығын, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ояту.
17 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Аспандағы ұшақ.
Мақсаты: балаларды геометриялық пішіндермен, оның ішінде сопақша арқылы ұшақтың суретін салуды үйрету; түстерді сезіне білуді, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: аспандағы ұшақ – самолет в небе
Қажетті құралдар мен материалдар: мұғалім үшін: ұшақтардың бірнеше түрі салынған суреттер, ойыншық ұшақ үлгісі, қағаз, түрлі түсті қарындаш.
Балалар үшін: түрлі түсті қарандаштар, жұмыс дәптерлері
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:
Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай, Болайықшы, досым-ай.
Амандасу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ жасыру: Қанаты бар ұшады,
Аяғы бар қонады. (Ұшақ).
Ұшақтыңкөрінісі бейнеленген фотосуреттердің мазмұнымен жұмыс жасау.
3. Көрнекілікпен жұмыс: ұшақты бейнелейтін картиналар мен фотосуреттерді көрсетіп, әңгімелету. Адамдарға пайдасын, көлік ретінде қолданылатындығын, алыс айшылық жерді жылдам уақытта аралап шығатынымыз жайлы айту. Балалардың пікірін қорытындылау.
4. Тәрбиешінің түсіндіруі: геометриялық пішіндерді, оның ішінде сопақшаны пайдаланып, ұшақтың бейнесін салу ретімен таныстыру, түсіндіру.
5. Балалардың жұмысы. Жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретімен таныстырып, ұшақтың суретін салады, жұмыс жасату.
6. Жеке баламен жұмыс жасау. Жұмыс барысында қиналып отырған балаларға көмектесемін.
Жұмбақ
шешеді.
Жұмысты бақылайды
Жұмыс дәптеріне орындайды
Рефлексивті - түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетін қорыту. Оқу іс-әрекет соңында балалар жұмыстарын қарап шығып, балалардан өздерінің салған ұшақтарына жақсылап назар аударту, неге ұқсайтынын сұрау. Құсқа ұқсайтынын тапқан балаларды ерекше атап мадақтау. Балаларға достарының суреттерінің ішінде кімнің суреті жақсы салынғандарын анықтау тапсырылады.Бағалау, талдау жұмыстары.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: геометриялық пішіндермен, оның ішінде сопақша арқылы ұшақтың суретін салуды үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: түстерді сезіне білуді, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бақылаштығын, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ояту.
18, 19 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар (2 сағ)
Мақсаты: балаларға геометриялық кескіндерден бояу жағылған қағазға балықтың бейнесін салуды үйрету, мазмұнды тапсыруда композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру; қиялын дамыту; балалардың қамқорлық сезімдерін ояту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: бояу жағылған арнайы қағаз, гуашь, қылқалам, су, қолорамал т.б
Балалар үшін: бояу жағылған арнайы қағаз, гуашь, қылқалам, су, қолорамал т.б
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:
Сәлем саған Жер-ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман-есен болайық,,
Бейбітшілікті қалайық..
Амандасу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Аквариумның қасына балаларды жинап алып, оларға бұл кішкентай әдемі балықтардың үйі, балықтар мекен ететін орын екенін айту.
3. Балалардан кімнің үйінде балықтарға арналған аквариум бар екенін, онда қандай балықтың түрлері өмір сүріп жатқанын сұрап әңгімеге тарту. Сұрақтар қою:
- Балықтар немен қоректенеді?
- Мына аквариумдағы балықтардың ішіндегі қай балық ұнайды?
- Олардың түстері, дене бітімдері қандай, бір-бірінен өзгешеліктері бар ма?
4. Бүгінгі сурет оқу іс-әрекетімізде біз қағазды арнайы бояу арқылы аквариумды дайындап аламыз да келесіде оған балықтардың суретін саламыз.
5. Тәрбиеші балаларға жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.
6. Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттерге қарап отырып, аквариумды дайындайды.
7. Балалардың өз беттерінше жұмыстары.
Жұмыс дәптерлерін алып, аквариумның суретін салады. Жұмыс барысында қиындықтарға кездескен балаларға көмек көрсетіледі.
Әңгіме жүргізеді
Сұрақтарға жауап береді
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап аквариумды салады.
Рефлексивті – түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Дайын болған жұмыстарды қарап шығып бағалау, талдау жүргізу.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: геометриялық кескіндерден бояу жағылған қағазға балықтың бейнесін салуды үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: мазмұнды тапсыруда композиция құра білу дағдылары қалыптасады;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қиялын дамыту; балалардың қамқорлық сезімдерін ояту.
20 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Тау
Мақсаты: сурет салуды дәстүрден тыс жолдармен орындауды үйрету; картон жолақшаларымен таудың бейнелерін салу. Гуашьпен жұмыс жасағанда ұқыпты, тиянақты болуға дағдыландыру; бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізуге баулу.
Қостілділік компонент: тау – горы
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: таулардың әртүрлі суреттері, гуашь, бояу, қарындаш, қолорамал т.б
Балалар үшін: гуашь, бояулар, қарындаштар, қолорамал т.б
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:
«Айналайын» десе, қуанамын мен,
«Айналайын» десе, қуанасың сен.
Қуанышқа бөленіп, шаттанайық кел.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға таулар туралы өлең-тақпақтар оқып беріп, таудың суреттерін көрсете отырып олардың ерекшеліктерін, әдеміліктерін, биік, аласа болатындарын, таудың басында аппақ қар жататыны, етегінде жап-жасыл шөп, әртүрлі әсем гүлдер өсетінін әңгімелеп береді.
3. Бүгінгі салатын суретіміздің басқа сурет оқу іс-әрекеттерінен айырмашылығы дәстүрден тыс жолмен таудың суретін саламыз.
4. Біз үнемі бояуларды қылқаламның көмегімен жағып келсек, бүгін гуашьты картон жолақшаларымен жағып сурет саламыз.
5. Тәрбиеші жұмысты орындау жолын көрсетіп, түсіндіріп, суретті салады.
6. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.
7. Тәрбиеші тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Әңгіме жүргізеді
Сұрақтарға жауап береді
Жұмыс дәптеріне орындайды.
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: сурет салуды дәстүрден тыс жолдармен орындауды үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: Гуашьпен жұмыс жасағанда ұқыпты, тиянақты болуға дағдыландыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: картон жолақшаларымен таудың бейнелерін салу..
21, 22 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Жаттығу жасайық! (2 сағ)
Мақсаты: балаларға қарапайым мазмұнды қимыл қозғалысын бейнелеуді және кейіпкерлердің өзара әрекеттерін бере білуге үйрету; балалардың бойында бейнені қимыл қозғалыс үстінде беруді жетілдіру; сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.
Қостілділік компонент: жаттығу жасайық – на зарядку становись!
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: жаттығу жасап тұрған балалардың суреттері, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Балалар үшін: қағаздар,түрлі түсті қарындаштар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Ал, балалар келіңдер,
Денемізді сергітеміз.
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Жаттығуды жасаймыз.
Балалар, жаттығулар әртүрлі қимыл қозғалыстардан тұрады. Онда біздің қолдарымыз, аяқтарымыз, оңға, солға, жоғары , төмен бағыттарда қозғалады.
Амандасу, оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларды қатарға тұрғызып, сергіту жаттығуларын жасайды. Жаттығудың әртүрлі қимыл
қозғалыстардан тұратынын түсіндіру. Онда біздің қолдарымыз, аяқтарымзы оңға, солға, жоғары, төмен бағыттарда қозғалатынына, бүйірін таянып тұрғанды шынтақтан бүгуге, жүріп немесе жүгіріп келе жатқанына назар аударту.
3. Суреттегі жаттығу жасап тұрған балаларды көрсетіп, әңгімелеп, енді осы суреттерді өзіміздің де сала алатынымызды көрсету мақсатында тәрбиеші қағазға суретті салады.
4.Балалардың өз беттерінше жұмыстары. Балалар жұмыс дәптеріндегі сурет салу ретіне мұқият қарап, өздері сурет салуға кіріседі.
5. Сурет салғанда әр баланың қимыл-қозғалысына, тұрған тұрысына көңіл бөлу керектігін қадағалау.
Әңгіме жүргізеді
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап,
жұмыс жасайды.
Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалардың еңбек нәтижесінде сәтті шыққан жұмыстарға ерекше тоқталып, оның мазмұны орындалу мәнерін назар аударып, атап өту.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қарапайым мазмұнды қимыл қозғалысын бейнелеуді және кейіпкерлердің өзара әрекеттерін бере білуге үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: балалардың бойында бейнені қимыл қозғалыс үстінде беруді жетілдіру
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.
23 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Киіз үй.
Мақсаты: балаларға киіз үйдің суретін салып, оны ою-өрнектермен әшекейлеп безендіруді үйрету; түс және ырғақты сезінулерін дамыту; ой қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Қостілділік компонент: киіз үй – юрта
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: киіз үйлер және олардың әртүрлі суреттері, гуашь, бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал
Балалар үшін: гуашь, бояу, қарындаштар, су, қылқалам, қолорамалдар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Біз бақытты балдырған.
Хормен айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ шешкізу: Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойынын созады,
Құсша қонады. (Киіз үй)
3. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін киіз үйді көрсетеді.
4. Ерте кезде қазақ халқының табиғатының ерекшеліктеріне қолайлы баспана киіз үй жайлы түсіндіреді. Күнделікті қолданатын үйлер он сегіз қанттан, ең үлкені отыз бес керегеден тұрады. Кейбір үйлердің керегесі алты қанатты болып келеді. Киіз үйді
6. Суретті салу жолдарын көрсете отырып, киіз үйді ою-өрнек элементтермен әшекейлеуде қалай орналастыру керектігін балаларға көрсетеді.
7. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.
8. Тәрбиеші тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Жұмбақты шешеді.
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап отырып
сурет салады.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс әрекетін қорыту. Таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: киіз үйдің суретін салып, оны ою-өрнектермен әшекейлеп безендіруді үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: түс және ырғақты сезінулерін дамыту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.
24 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Қоржынды безендірейік
Мақсаты:балаларды дайын бұйымдарға қазақтың ұлттық ою- өрнектерін салуға үйрету; бөлшектердің алмасып келуіне мән бере отырып, өрнек құрастыру; түс реңкін сақтау; қоржынды ою өрнектермен сәндеп безендіру.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: қоржынның суреті, дайын үлгі, ұлттық ою-өрнектер, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Балалар үшін: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға қоржынның үлгі суретін көрсетіп, талдау жасайды. Мұндай қоржындар ұлттық бұйымдардың бір түріне жатады, сырты ұлттық оюлармен безендірілген.
3. Осы жердегі ою-өрнектердің аттарын сұрап, бұрынғы алған білімдерін тиянақтау.
4. Оюларды заттың көлеміне, құрылымына байланысты етіп таңдауымыз керектігін түсіндіру.
5. Ал қоржынның түсіне қарай ою-өрнектің де түстерін бұйымға ажар беретіндей етіп, өңін ашатын қанық түстермен салуларына тапсырма беру.
6. Балалар жұмыс дәптеріндегі суретті орындау реті бойынша қоржынды ою-өрнектермен безендіреді.
7. Тәрбиеші балаларға ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп, көмектеседі.
8. Ұқыпты жұмыс істей білулерін қадағалайды.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап отырып
сурет салады.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дайын бұйымдарға қазақтың ұлттық ою- өрнектерін салуға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: бөлшектердің алмасып келуіне мән бере отырып, өрнек құрастыру; түс реңкін сақтау;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қоржынды ою-өрнектермен сәндеп безендіру.
25 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы:Алғашқы қар
Мақсаты : «тырнау» техникасын меңгеруді, қардың суретін сала білуге үйрету; өзінің ойын қағаз бетіне түсіре білуін бекіту; бейнелерді қағаз бетіне композиция құрап орналастыруға жатттықтыру; боялған қағаздар дайындауды үйрету. Сурет салудың дәстүрден тыс түрлерін пайдалану; пейзажда көңіл күйді бере білу.
Қостілділік компонент: алғашқы қар – первый снег
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: арнайы боялып дайындалған қағаздар, алғашқы жауған қардың суреті, ұшы үшкір таяқшалар
Балалар үшін: арнайы боялып дайындалған қағаздар, тіс шұқитын таяқшалар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Шеңберге тұрып бір-біріне жылы тілектерін білдіру
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Хормен айтады.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ: Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол аяқ қаз тұрады (қар)
3. Тәрбиеші балаларға қар туралы жұмбақтар жасырып, жұмбақтың дұрыс жауаптары табылған соң, алғашқа жауып тұрған қардың суреттерін көрсетіп, әңгімелеседі:
- Даладағы ауа райы қалай болып тұр екен?
- Қар жауғанда қандай сезімде боласын?
- Қар жауғанда дала қандай болады?
4. Тәрбиеші алғашқы қардың жауып тұрған суретін салу жолдарын көрсетеді.
5. Балаларға жұмыс дәптерлеріндегі сурет салудың реттілігі бойынша қардың суретін салуды тапсырады. Балалар жұмыс жасау реттілігін пайдалана отырып өздері қардың суретін салады. Өз ойларымен суреттен композиция құрастырып, пейзажға көңіл күй береді.
6. Балаларға сурет салуда көмек көрсету, бағыт-бағдар беру.
7. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды
Жұмбақты шешеді.
Сұрақтарға жауап береді
Өз ойларымен суреттен композияция құрастырады.
Жұмыс орындайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Салынған суреттерді талдау, жақсы шыққан жұмыстарды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: «тырнау» техникасын меңгеруді, қардың суретін сала білуді үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: бейнелерді қағаз бетіне композиция құрап орналастыруға жаттығады;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сурет салудың дәстүрден тыс түрлерін пайдалану; пейзажда көңіл күйді бере білуді меңгереді.
26 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы:Әйнектегі аяз салған өрнектер.
Мақсаты: балаларға сурет салудың дәстүрден тыс түрімен сурет салуды үйрету; бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамыту; ою-өрнектердің үйлесімділігін сезіну; көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
Қостілділік компонент: әйнектегі аяз салған өрнектер – морозные узоры на окне
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: терезедегі ою-өрнектердің суреттері, гуашь, тіс пастасы, қылқалам, қолорамал.
Балалар үшін: гуашь, тіс пастасы, қылқаламдар, қолорамалдар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды түгендеп, оқу іс – әрекетке назарларын аудару. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға қысқы терезедегі ою-өрнектер жайында өлең оқып немесе жұмбақ жасырады. Мазмұнын талдап, балаларға түсіндіру. Балалар түсінгендері бойынша әңгімелейді.
3.Өлең оқу: «Суретші қыс». И.Нүсіпов.
Қонақтайды бақтарға, Тазартып бар кір-шаңын,
Ақ көбелек, ақ мамық.. Қыс өнерін бастады.
Аунап таза ақ қарға, Терезеге қыраудан,
Балалар жүр мақтанып. Сурет салып тастады
4.Әңгімелесу. Балалардың көңілін терезедегі аяз өрнектеріне аудару, шығармашылық мазмұнымен байланыстыра отырып түсіндіру. Осындай суреттерді аяз да салғанын айтады. Бүгін біз сиқыршыға айналамыз да осындай әдемі өрнектерді саламыз
5. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай бүгін сурет салудың дәстүрден тыс түрін пайдаланып терезедегі ою-өрнектерді бейнелейтіндерін айтады.
6. Жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
7. Балалар ою-өрнектердің өздері білетін түрлерін салуға кіріседі, болмаса жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
8. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады. .
Өлеңді тыңдайды.
Әңгіме жүргізеді
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап отырып орындайды
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Оқу іс-әрекеттің соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындылаймын, жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалаймын.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: сурет салудың дәстүрден тыс түрімен сурет сала білуді үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамытып жаттығады;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ою-өрнектердің үйлесімділігін сезіну; көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
27 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Қар ұлпалары.
Мақсаты : элементтерді қарама-қарсы орналастыра отырып, өздігінен айналдыра өрнектер құрастыруға үйрету; балаларға сурет салудың қыр-сырын ұғындыра отырып, шығармашылыққа, өнер әлемінің әдемілігін сезінуге баулу.
Қостілділік компонент: қар ұлпалары – снежинки
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: қар бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық жұмыстары. Балалар ойын жинақтап, назарын оқу іс-әрекетіне аудару.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Жұмбақ шешкізу: Жердің бетін басады,
Аппақ болып жатады. (қар)
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін қардың суретін көрсетіп, жауаптарының дұрыс, не бұрыс болғандарын айтады.
3. Тәрбиеші балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде осы қарлардың суреттерін салатындарын айтып түсіндіреді.
4. Балалар жұмыс дәптердегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.
5. Тәрбиеші тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Жауаптарының дұрыс, бұрыс болғанын айтады
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап отырып орындайды
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: элементтерді қарама-қарсы орналастыра отырып, өздігінен айналдыра өрнектер құрастыруға үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: балаларға сурет салудың қыр-сырын ұғындыра отырып, жаттығады;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылыққа, өнер әлемінің әдемілігін сезінуге баулу
28 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Қысқы табиғат.
Мақсаты : балаларды суреттерінде туған жердің қысқы табиғатын әсерлі етіп көрсете алуға, реңкті беруге, көріністік суреттің композициясын құрастыруға үйрету; ағаштарды түрлі техникамен бейнелеу дағдысын қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамытып, табиғаттқа деген сүйіспеншілікке баулу.
Қостілділік компонент: қысқы табиғат – зимний пейзаж
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: қысқы табиғат бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Балаларды түгендеп, оқу іс – әрекетке назарларын аудару. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Дөңгелене тұрады.
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Әңгімелесу:
Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)
Күн қандай? (Күн суық)
Бәрі бірге: Күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы.
3. Тәрбиеші қыс туралы өлең оқып, оның мағынасынан не түсінгендерін сұрап, балаларды әңгімеге тарту. Қысқы табиғатты суреттерден көрсете отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістерді көре білулерін, айырмашылықтарын айтқызу.
Өлең оқу: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді,
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.
- Өлең қай жыл мезгілі туралы?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Дала қандай күйге енеді?
4. Тәрбиеші балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінде қысқы табиғат көрінісінің суретін салатындарын айтып түсіндіреді.
5. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.
6. Тәрбиеші тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Сұрақтарға жауап береді
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап отырып тапсырманы орындайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетін қорыту. Сұрақ – жауап әдісі арқылы
қорытындылау.Таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: суреттерінде туған жердің қысқы табиғатын әсерлі етіп көрсете алуға, реңкті беруге, көріністік суреттің композициясын құрастыруға үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: ағаштарды түрлі техникамен бейнелеу дағдысы қалыптасады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық қабілеттерін дамытып, табиғаттқа деген сүйіспеншілікке баулу.
29 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Аққала жасайық
Мақсаты : адамдардың қозғалыс кезіндегі бейнелерін бере білуге және кейіпкерлердің өзара байланысын айнытпай салуға қол жеткізу; ұжымдық композиция құрастыруға үйрету; суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: аққала бейнеленген суреттер, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін:. акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері:
Ал енді балалар, жылу шеңберін құрып, бір-бірімізге алақанымыз арқылы жылу жіберіп, күн секілді жылы жүзбен күлімдеп, жылы лебіз білдірейік:
Деніміз сау болсын Күніміз күлімдесін.
Еліміз аман болсын. Ата-нанамыз қасымызда болсын.
Бәріміз бақытты болайық. Бәріміз дос болайық.
Оқу құралдарын түгендеу
Бәрі бірге қайталайды
Ұйымдастыру-іздестіру
2.Жұмбақ :Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқаннан кейін аққаланың суретін көрсетіп, әңгімеге тартады. Аққаланың неден, қаша, қалай жасалатынын сұрап, сұрақтарға жауап алу.
3. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау ретімен жұмыс жасайды.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Аққала
Қыста, қардан жасалады.
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап отырып орындайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетін қорыту. Аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындылаймын, жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектерін бағалаймын.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: адамдардың қозғалыс кезіндегі бейнелерін бере білуге және кейіпкерлердің өзара байланысын айнытпай салуға қол жеткізу;
Қандай түсініктерді игерді: ұжымдық композиция құрастыруға үйрету;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу;
30 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Шырша
Мақсаты: балаларға шыршаны әртүрлі тәсілмен бейнелеуді, суретте шыршаның өзіне тән ерекшеліктерін беру; пирамида сияқты құрылымы, бұтақтары төмен бағытталған, инелері, әртүрлі реңдері, ағаштардың түрлі жасын бере отырып, композиция құрастыру.
Қостілділік компонент: шырша – елочки
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: қысқы табиғаттағы шыршалар бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін:. гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші жұмбақ жасырып, дұрыс жауабын тапқан соң, шыршаның суретін көрсетіп, шырша туралы балалардың түсініктерін тиянақтау. Балалар шырша жайында өлең-тақпақтар айтуларына болады.
Жұмбақ: Жасыл тонның бояуы
Жыл он екі ай оңбайды,
Діңі, бүршіктері сояуы
Қысқа аязға тоңбайды. (шырша)
Жұмбақ жауабын шешкен соң осындай шыршаға ұқсас ағашты тапқызады.
- Оның ұқсастығын қалай білуге болады?
- Бұл ағаштың иісін сезіуге бола ма?
- Жаңа жыл мерекесінде шырша жанында би билеп, ән айтқанда әнсауық кезінде хош иісті сездіңдер ме?
2. Тәрбиеші бүгінгі сурет оқу іс-әрекетінде шыршалардың суретін әртүрлі тәсілдермен бейнелейтіндерін айтып түсіндіріп, салу жолдарын көрсетеді.
3. Балаларға жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Алдымен тәрбиеші өзі орындап үлгі ретінде көрсетеді.
4. Жұмыс барысын түсінген балалар өздері сурет салуға кіріседі.
5. Барлық балаларға шыршаның бұталарының орналасуына мән бере қарау ұсынылады. Шырша бұталары тікенді инелерімен ауыр салмақпен төменге иіліп тұрғандарына назар аударыңдаршы.
Жұмбақты шешеді.
Әңгіме жүргізеді
Жұмыс дәптеріндегі суретке қарап отырып орындайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар еңбектеріне қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып, мадақтаймын.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: шыршаны әртүрлі тәсілмен бейнелеуді, суретте шыршаның өзіне тән ерекшеліктерін беруді біледі.
Қандай түсініктерді игерді: пирамида сияқты құрылымы, бұтақтары төмен бағытталған, инелері, әртүрлі реңдері, ағаштардың түрлі жасын бере отырып, композиция құрастыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу
31 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Шырша ойыншықтары
Мақсаты: балаларға жаңа жыл шыршасының ойыншықтар ілініп безендіруді үйрету; бейнені қабылдауда түстерді суреттеу белгілі бір ырғақты қажет ететіндігін, дұрыс қабылдай білу дағдысын қалыптастыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: жаңа жылдық шыршалар бейнеленген суреттер, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін:. Акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері:
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз тарлапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балалардан өткен оқу іс-әрекетінде ненің суретін салғандарын естеріне түсірулерін сұрайды. Сол шыршаны бүгін ойыншықтар іліп, яғни, ойыншықтардың суретін салып шыршаны безендіреміз.
3. Тәрбиеші жаңа жылдық шыршаның суретін көрсетіп, ондағы ойыншықтардың түрлеріне, түстеріне, әдемілігіне назар аудартады. Өздері қалаған ойыншықтармен шыршаларын безендіріп жаңа жылдық мерекеге дайындықтарын бастауды ескертеді.
4. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
5. Балалар жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
6. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Шыршаның
Ойыншықтар
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорыту. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жаңа жыл шыршасын ойыншықтар ілініп безендіруді біледі.
Қандай түсініктерді игерді: бейнені қабылдауда түстерді суреттеу белгілі бір ырғақты қажет ететіндігін, дұрыс қабылдай білу дағдысын қалыптастыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу
32, 33 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Мақсаты : қылықты да қызықты киім киген сайқымазақтың бейнесінің суретін салуға жаттықтыру; дене бөліктерінің қатынасын дұрыс бере білуге бағыт беру; қарапайым қимыл қозғалысты, бет пердесін бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: сайқымазақ бейнеленген суреттер, гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін:. гуашь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға сайқымазақтар туралы жұмбақ жасырып, жауаптарын дұрыс шешкеннен соң сайқымазақтың суретін көрсетіп, сайқымазақтың түр-сипатынынң ерекшеліктеріне назар аударту. Сайқымазақтың киімдерін түрлі түсті бояулармен бояу: бір жеңіл қызыл, екіншісін сары, шалбарын жасыл, бас киімін көкө етіп бояуға болады деп бағыт беру.
3. Балаларға жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Алдымен тәрбиеші өзі орындап үлгі ретінде көрсетеді.
4. Жұмыс барысын түсінген балалар өздері сурет салуға кіріседі.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Сайқымазақ
Әңгіме жүргізеді
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс әрекетін қорыту
Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қылықты да қызықты киім киген сайқымазақтың бейнесінің суретін салуды үйренеді;
Қандай түсініктерді игерді: қарапайым қимыл қозғалысты, бет пердесін бейнелей білу дағдыларын қалыптастыру.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: суреттің мазмұнын, өздеріне тән ерекшеліктерін әсерлік сезіммен қабылдай алуға тәрбиелеу
34 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ғажайып орман
Мақсаты : ағаштардың суретін түрлі түсті тушьты үрлеу тәсілімен және ағаштарды түрлі техникамен бейнелеу дағдысын қалыптастыру; табиғат құыбылстарына деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қостілділік компонент: ғажайып орман – волшевный лес
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: орман бейнеленген суреттері, түрлі түсті тушь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші жылдың төрт мезгілінде бейнеленген орманның суреттерін көрсетеді, табиғат тамашаларын ондағы ағаштардың қар жамылған, келбеттеріне назар аударту. Сиқырлы орман деп жыл мезгіліне қарай орманның өзгеріп отыруына байланысты аталғанын түсіндіру. Әр жыл мехгілінде көктемде жасыл түске боялса, күзде сары, қыста ақ түсті орман болатынын ұғындыру. Ағаштардың түрлеріне түстеріне көңіл бөлдіру.
3. Балалар суретке қарап әңгіме құрастыруларына болады.
4. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
5. Балалар жұмыс дәптердегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
6. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Суретпен әңгімелейді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетін қорыту. Аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ағаштардың суретін түрлі түсті тушьты үрлеу тәсілімен және ағаштарды түрлі техникамен бейнелеу дағдысын қалыптастыру;
Қандай түсініктерді игерді: табиғат құыбылстарына деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға деген ынтасын арттыру.
35 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Қар жамылған үй
Мақсаты : қыстыгүні қар жамылған үйдің сұлбасын бейнелеуді үйрету; балаларды өз жұмыстарын жоспарлай білуге баулу; қылқаламмен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қостілділік компонент: қар жамылған үй –заснеженный домик
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: қар жамылған үйлердің суреттері, түрлі түсті тушь, қылқалам, су құйылған ыдыс, қарындаш, қолорамал.
Балалар үшін:. : гуашь, қарындаштар, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші жылдың қыс мезгілі туралы өлең-тақпақ оқып беріп балалардан өлеңнің мағынасын түсінгендерін сұрайды.
3. Қарлы қыс, аязды күндер, су бетіне қатқан мұздар бейнеленген мазмұнды суреттерге шолу жасату. Суреттегі қар жамылған үйлерге баса назар аудартып, мұқият қарауларын ұсыну.
4. Қар жамылған үйдің көрінісін қалай салуға болатынын, қардың түсінің қандай екенін айту.
5. Тәрбиеші қағазға суреттің салу жолын көрсетеді, мұқият қарапұғып алуларын ескертеді.
6. Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысып, жұмысты орындайды.
7. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарайды, көмек керек еткен балаларға бағыт беріп көмектеседі.
Өлеңді тыңдайды.
Сурет бойынша әңгімелейді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
8. Оқу іс-әрекетін қорыту. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қыстыгүні қар жамылған үйдің сұлбасын бейнелеуді үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: балаларды өз жұмыстарын жоспарлай білуге баулу;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қылқаламмен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
36 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Марстықтар.
Мақсаты : әсерлі негізде бейнеленген қиял-ғажайып кейіпкерін бейнелеуді үйрету; қосымша бөлшектермен толықтыру; стилизация тәсілін қолдану; балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту; геометриялық пішіндерді қолдана отырып, жаңа бейненің суретін сала білуге баулу, түс үйлесімін сезінуге, таңдай білуге үйрету.
Қостілділік компонент: марстықтар - марсианчики
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: марсиандықтардың немесе өзге ғаламдықтардың суреттері, акварель бояуы, қылқалам, фломастер, су құйылған ыдыс, қолорамал.
Балалар үшін:. акварель бояулары, фломастерлер, су құйылған ыдыстар, қылқаламдар,
қолорамалдар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңберін жасайды.
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға өзге ғаламдықтар туралы мағлұматтар беріп, суреттерден не түсінгендерін, нелерге ұқсататындықтарын сұрау, оларға ат қойып ойын ойнауды ұйымдастыру.
3. «Марсиандар» дидактикалық ойын ойнау барысында балалардың жағымды, жағымсыз көңіл күйлерін анықтайды.
4. Тәрбиеші балаларға геометриялық пішіндер арқылы марсиандықтардың суретін салу жолдарын өзі орындап үлгі ретінде көрсетеді.
5. Балалар жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Шығармашылықпен ой-қиялын дамытуға мүмкіндік туғызады.
6. Жұмыс барысын түсінген балалар сурет салуға кіріседі.
Сурет бойынша әңгімелейді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: әсерлі негізде бейнеленген қиял-ғажайып кейіпкерін бейнелеуді үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: геометриялық пішіндерді қолдана отырып, жаңа бейненің суретін сала білуге баулу,
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың шығармашылық ой-қиялын дамыту;
37 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: : Натюрморт.
Мақсаты : балаларға тұрмыстық заттардан қиын емес натюрмортты бейнелеуді үйрету; натюрморттың мазмұнымен, композициясымен таныстыру; түстерді таңдай білуге, заттың пішіні мен түстердің үйлесімділігін сезінуге, жазықтықта дұрыс орналастыра білуге үйрету; көркемдік талғамын қалыптастыру.
Қостілділік компонент: натюрморт - натюрморт
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: бірнеше суретшілердің натюрморттары, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балалардан натюрморт дегеннің не екенін сұрап, білімдерін тиянақтау мақсатында түсінік береді.
3. Суретшілер айналадағы заттардың әсемдігін жақсы көре біледі.
Оларға не ұнайды солардың барлығын суреттерінде бейнелейді. Суретшілер арнайы бірнеше заттарды таңдайды және оларды әдемілеп үйлесімді етіп қойып алады да, сондай әсемдікті айналасындағылар да көрсін деп оның суретін салады.
4. Бірнеше натюрморттың суретін көрсетіп, олардың ішінен өздеріне ұнағандарын таңдап, сол жайында әңгімелеп берулеріне жетекші сұрақтар қою арқылы көмектеседі. Балаларды бұл заттардың түсінде, көлемінде және орналасуында белгілі бір реттілік барын түсіндіріп ұғындырады.
5. Суретшінің тұрмыс заттарын немесе табиғат бөлшектерін осылайша орналастыруын натюрморт деп аталатынын бекітіп, тиянақтайды. Атап айтқанда бірыңғай немесе біртектес заттардың үйлесімді орналасуы да түсіндіріледі.
6. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.
7. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
8. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Суретшілер жайлы әңгімелейді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
9. Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: тұрмыстық заттардан қиын емес натюрмортты бейнелеуді үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: натюрморттың мазмұнымен, композициясымен таныстыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жазықтықта дұрыс орналастыра білуге үйрету; көркемдік талғамын қалыптастыру.
38 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Менің сүйікті ертегім («Бауырсақ»).
Мақсаты : балалар сурет салғанда ертегілер мазмұнына композиция құрастыруға; өздері ұнататын кейіпкерлерге тән сипаттарды бере білуге баулу; түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту; бейнелік елестету, қиялдауды дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттері, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
Балалар үшін:. акварель бояулар, қарындаштар, Ошибка! Ошибка связи., қылқаламдар, қолорамалдар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға суреттер көрсетіп, қай ертегінің кейіпкерлері екенін сұрау. Балалардың дұрыс жауабынан соң, осы ертегінің қысқаша мазмұнын кімнің айтып беретінін сұрап, балаларға ернтегі мазмұнын мұқият зейін қойып тыңдату.
3. Жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларға ертегінің мазмұнын пысықтату. Ендеше бүгін осы сүйікті ертегіміздің кейіпкерлерін бейнелеп, суретін салыңдар деп тапсырма беру.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі суреттің салыну ретімен танысып, жұмысты орындайды.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарайды, көмек керек еткен балаларға бағыт беріп көмектеседі.
Бауырсақ ертегісі екенін айтады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: өздері ұнататын кейіпкерлерге тән сипаттарды бере білуге баулу;
Қандай түсініктерді игерді: түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бейнелік елестету, қиялдауды дамыту.
39, 40 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Мен және менің анам ( 2 сағ)
Мақсаты : пропорционалды қарым-қатынас негізінде мазмұнды композиция құрастыруға баулу; үлкен-кіші ұғымдарын адамдарды бейнелеу барысында дұрыс бере білуге үйрету; балаларға дене мүшелерін салуда дұрыс орналастыруға бағыт беру; сурет салуға деген құштарлықтарын ояту.
Қостілділік компонент: мен және менің анам – я и моя мама
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: ана мен бала бейнеленген суреттер, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.
Балалар үшін:. түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңберін жасайды. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға ана труралы өлең оқып береді.
3. Балалардан өздеріне ең жақын, сүйікті адамның кім екенін, өз аналары жайында әңгімелеп берулерін сұрайды. Өз анасы туралы айтқысы келген әр баланың әңгімесін тыңдау.
4. Анасының қасында баласы бейнеленген суреттерді көрсетіп, үлкен-кіші ұғымдарына назар аударта отырып, суреттегі пропорционалды қарым-қатынас негізін ұғындыру. Суретті салғанда әсіресе неге көңіл бөлетіндерін түсіндіру.
5. Тәрбиеші үлгі ретінде жұмыстың орындалу ретін салып көрсетеді.
6. Балалар жұмыс дәптердегі суретті салу ретімен таныстырып, жұмыс жасауға бағыт беру. Шығармашылықпен ой-қиялын дамытуға мүмкіндік туғызады.
7. Жұмыс барысын түсінген балалар сурет салуға кіріседі.
Өлеңді тыңдайды.
Өз аналары жайлы әңгімелейді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды.
Рефлексивті-түзетушілік
8. Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: үлкен-кіші ұғымдарын адамдарды бейнелеу барысында дұрыс бере білуге үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: балаларға дене мүшелерін салуда дұрыс орналастыруға бағыт беру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға деген құштарлықтарын ояту.
41 –ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ойыншық түйе
Мақсаты : натураға қарап ойыншық жануарлардың бейнесін салуға үйрету; ойыншықтарды әдемілеу үшін өрнектер құрастыру дағдыларын нығайту; түстер үйлесімділігін қалыптастыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: ойыншықтар және ботаның бейнеленген суреті, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.
Балалар үшін: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1. Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері жасайды. Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
2. Тәрбиеші балаларға бота туралы жұмбақ жасырады, жұмбақтың шешуі дұрыс табылғаннан кейін, бота туралы өлең-тақпақтар айтуларын сұрайды. Түйе жануары Қазақстанның қай аймақтарында көптеп кездесетінін сұрап, түсініктерін тиянақтау.
3. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.
4. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Жұмбақ шешеді.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетін қорыту. Балалар еңбектерін қарап шығып, жақсы салынған суреттерге лайықты бағасын айтып мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: натураға қарап ойыншық жануарлардың бейнесін салуға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: ойыншықтарды әдемілеу үшін өрнектер құрастыру дағдыларын нығайту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: түстер үйлесімділігін қалыптастыру.
42 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Тасқа сурет салу
Мақсаты : табиғи заттардың пішінін пайдалану арқылы көркем бейнелер құрастыруға баулу; сәндік бейнелеу өнеріне деген танымдық қызығушылықты дамыту; шығармашылық талпыныс ахуалын қалыптастыру; дәстүрден тыс сурет салу тәсілін меңгерту.
Қостілділік компонент: Тасқа сурет салу – рисование на камешках
Қажетті құралдар мен материалдар: педагогқа керекті құралдар: үлгі суреттер, әртүрлі пішіндегі тастар, гуашь, акварель бояулар, қолорамалдар.
балалар үшін: әртүрлі тастар, гуашь, акварель бояулар, қолорамалдар.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңберін жасату.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балаларға табиғи заттарды пайдалану арқылы, дәстүрден тыс сурет салу тәсілін қолданып көркем бейнелер құрастыруға болатынын түсіндіреді.
2. Алдын ала серуен кезінде ауладан әртүрлі көлемдегі, әртүрлі пішінді тастарды жинап алып, бейнелеу оқу іс-әрекетінде қолдану үшін, дайындап қойған тастарды көрсету. Балалардың зейіндерін тастардың пішіндерінің өзгешеліктеріне, айырмашылықтарына аудару.
3. Тәрбиеші үлгі ретінде тасты гуашьқа малып алып, қағаздың бетіне қойып, одан шыққан сұлбаны неге ұқсағанын сұрау арқұылы көркем, сәндік бейнелердің пайда болатынын көздерін жеткізеді. Әртүрлі түсті гуашьтыф пайдаланса, түс үйлесімділігіне қарай бейнелерде әдемі, көрнекті болатынын аңғарту.
4. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс - әрекетін қорыту. Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындылады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: табиғи заттардың пішінін пайдалану арқылы көркем бейнелер құрастыруға баулу;
Қандай түсініктерді игерді: сәндік бейнелеу өнеріне деген танымдық қызығушылықты дамыту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дәстүрден тыс сурет салу тәсілін меңгерту.
43 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Анамның портреті
Мақсаты : портрет жайында түсініктерін қалыптастыру; өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту; өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: әйел адамның бірнеше портреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
балалар үшін: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Анамның портреті – мамин портрет
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңберін жасату.
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балалардың біреуінің бет әлпетіне сипаттама береді де, кімді сипаттағанын сұрайды. Балалар өз достарын сипаттау бойынша таниды.
2. Осылайша бір-бірін сипаттау негізінде басқа адамның суреті яғни портреті шұығатынын түсіндіреді. Суретшілер майлы бояумен салынған суреттерінде адамбейнесін жиі суреттейді. Әртүрлі портреттерді қарастыру. Суретші адамбейнесін салғанда, оның сезімдерін және көңіл күйін жазғанына балалардың назарын аудару. Әртүрлі болып салынған портреттерге талдау жасалады.
3. Тәрбиеші балаларға анамыздың портретін бүгін жай қарындашпен салатынымызды, келесі оқу іс-әрекетінде майлы бояуламен аяқтайтынымызды айтып ескертеді.
4. Үлгі ретінде портретті тәрбиеші өзі жай қарындашпен салу реттігін көрсетеді.
5. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
6. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындылады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: портрет жайында түсініктерін қалыптастыру;
Қандай түсініктерді игерді: өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
44 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Анамның портреті
Мақсаты : балаларға өздерінің анасының портретін салуға деген қызығушылықтарын туғызу; сурет салу барысында бет әлпеттің суретін дұрыс орналастыра білуге баулу; әйел адамның портретін салғанда сыртқы келбетімен қоса мінез- құлық ерекшеліктерін, адамның сол сәттегі көңіл күйін беруге дағдыландыру; қылқаламмен сурет салуда оның ұшымен және барлық қылын бастыра пайдалану әдіс-тәсілдерін бекіту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: әйел адамның бірнеше портреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
балалар үшін: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Анамның портреті – мамин портрет
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Педагогтің әңгімесі: - Балалар, бүгін сендер өмірдегі ең қымбат және сүйікті адамның, яғни анамыздың суретін саласыңдар. - Портрет салуда ең маңыздысы адамның көзін, мұрнын, аузын дұрыс орналастыра білуде.
2. Адамның басының пішіні қандай? Суреттегі бет әлпетті қолмен ұстап көрсетіп, түсіндіру.
3. Адамның көздері маңдайдан төмен, беттің ортасында орналасқан.
4. Тәрбиеші қағазға жуан фломастермен беттің көлемін салады және көздердің арасындағы қашықтық бір көзден үлкен болмауын түсіндіре отырып, беттің ортасына көздерін орналастырады. Көздің ішіндетүсті дөңгелек пен кішкентай қарашығы бар. Көздің үстіне қасты сызып бейнелейміз. Мұрынының ұшын қысқа сызықшамен салып немесе танауын бейнелеуге болады. Мұрнының ұшымен беттің төменгі жағының ортасында ерін орналасқан. Жоғарғы еріннің формасы төменгі еріннен өзгеше. Жоғары ерінді екі толқын, ал төменгі ерінде бір толқын бар. Еріннен төмен иек. Басын, мойнын, иықтарын суреттеңдер. Мойын беттен жіңішке екенін, иықтар бастан жалпақ болатынын ұмытпаңдар, көздің, шаштың түсін, шашатың сәнін, көйлектің үстіңгі жағын аналарыңдікіндей етіп салуға тырысыңдар. Аналарыңды тағы бір көз алдарыңа елестетіп, оның портретін салуды бастаңдар.
5. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
6. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетті қорыту: Аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындылады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балаларға өздерінің анасының портретін салуға деген қызығушылықтарын туғызу;
Қандай түсініктерді игерді: сурет салу барысында бет әлпеттің суретін дұрыс орналастыра білу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: адамның сол сәттегі көңіл күйін беруге дағдыландыру;
45 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Менің сүйікті ыдысым.
Мақсаты : балаларға өзінің сүйікті ыдысының суретін салып оның сыртына өзінің атының бас әріпін жөргемдеп жалғастыра әдемілеп жазуды үйрету; еңбек нәтижесіне жетуде баланың шығармашылық қабілетін, ой-қиялын дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: ойыншық ыдыстар және ыдыстардың бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.
балалар үшін: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Қостілділік компонент: Менің сүйікті ыдысым – моя любимая чашка
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Жұмбақ шешкізу. Тәрбиеші балаларға ыдыстар туралы жұмбақ жасырады, жұмбақтың шешуі дұрыс табылғаннан кейін, ыдыстардың суреттерін көрсетіп олардың сыртындағы өрнектердің ерекшеліктеріне назар аударту.
Ыдыстарға өрнектерді салғанда әріптерді жөргемдеп жалғастыра әдемілеп жазуға болатынын көрсету.
2. Тәрбиеші балаларға өздерінің сүйікті ыдыстарын аттарының бас әріптерімен безендіруді тапсырады.
3. Жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
4. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Жұмбақты шешеді.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындылады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: өзінің сүйікті ыдысының суретін салып оның сыртына өзінің атының бас әріпін жөргемдеп жалғастыра әдемілеп жазуды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: еңбек нәтижесіне жетуде баланың шығармашылық қабілетін, ой-қиялын дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
46 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Қардың еруі
Мақсаты : табиғат аясындағы болып жатқан өзгерістерді бейнелеу іс-әрекетінде бере білуге үйрету; балалардың байқағыштығын дамыту; көркемдік талғамдарын қалыптастыру; туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: табиғат бейнеленген сурет, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
балалар үшін: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Қардың еруі – тает снег
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші:
- Қазір жылдың қай мезгілі екенін сұрап, балалардан табиғаттағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайында әңгімелеп берулерін сұрайды.
Күн жылып, қар ери бастағанын, көктем мезгілінің келіп қалғанын түсіндіріп, суреттен еріп жатқан қардың бейнесін көрсету, бүгінгі бейнелеу іс-әрекетінде еріп жатқан қардың суретін салатынымызды ұғындыру.
2. Тәрбиеші үлгі ретінде суретті салу жолдарын көрсетіп, балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
3. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
4. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындылады. Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: табиғат аясындағы болып жатқан өзгерістерді бейнелеу іс-әрекетінде бере білуге үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: байқағыштығын дамыту; көркемдік талғамдарын қалыптастыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін ояту.
47 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Алғашқы гүлдер
Мақсаты : шындыққа үйлесімді етіп орналастыруға, композициялық дағдыларын дамыту; бақылап көру арқылы сурет салу; гүлдер мен жапырақтардың өздеріне тән белгілерін, олардың пішінін, түсін, көлемін беруге үйрету; балалардың шығармашылығы мен қиялдарын дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
балалар үшін: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Алғашқы гүлдер – первые цветы
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші үнтаспадан гүлдер туралы әдемі әуен қойып тыңдатады. Өлең сөздерін мұқият тыңдату, түсінгендерін сұрау. Гүлдердің әсемдігі, сұлулығы туралы балаларға айтқызу.
Көктемнің алғашқы дала гүлдерінің суретін көрсетіп, балардан олардың аттарын сұрау. Әдемі, сұлу гүлдердің иістері де хош иісті болып келетінін айтып түсіндіру. Осы алғашқы көктем гүлдерін бүгін біз өзімізде суретке салатынымызды айтып ұғындыру.
2. Тәрбиеші суреттің салу реттілігін түсіндіріп, үлгі сурет салады.
3. Балаларға жұмыс діптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
4. Тәрбиеші балалар жұмысын бақылап, дұрыс жұмыс жасауларына көмектеседі.
5. Оқу іс-әрекет соңында балалардан салған суреттерін бір-біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Тәрбиеші барлық балаларға мадақтау сөздерін айтып қуантады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: гүлдер мен жапырақтардың өздеріне тән белгілерін, олардың пішінін, түсін, көлемін беруге үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: шындыққа үйлесімді етіп орналастыруға, композициялық дағдыларын дамыту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бақылап көру арқылы сурет салу; балалардың шығармашылығы мен қиялдарын дамыту.
48 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Түскиіз
Мақсаты : балаларға түскиізді ұлттық ою-өрнектермен сәндеп безендіру үйрету; қазақтың ою-өрнектері жөніндегі білімдерін бекіту; түс және ырғақты сезіндіру; балалардың эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдары және бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.
балалар үшін: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Қостілділік компонент: түскиіз - тускииз
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қарап олардың ерекшелігіне, ою-өрнегі, түр-түсіне назар аударды.
2. Киіз үйдің ішіндегі барлық тұтынатын бұйымдар: текемет, сырмақ, түскиіз, әдемі кілемдер үйге көрік беріп тұрады. Текеметтің бояуының түстері әр алуан: көк, сары, қызыл т.б. Ал сырмақтың түсі ақ және қара.
3. Түскиіз – қызыл және қара матадан жасалып әртүрлі ою-өрнектермен көмкерілген. Кілемдердің түсі де әртүрлі өрнектермен безендірілген. Түкті кілемдерден басқа түксіз алашалар болады. Олардың өрнектері жолақта ретімен орналасқан, оның кілемнен айырмашылығының өзі ою-өрнектерінің ерекше орналасуында.
4. Қылқаламмен жұмыс жасағанда әртүрлі технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану:
Ұшымен сүйкей жағу, қылқаламды қатты басу арқылы жалпа, жуан етіп сызу, көлденең жағу сияқты тәсілдерді пайдалану.
5. Балалар жұмыс дәптерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.
6. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
7. Оқу іс-әрекетті қорыту. Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: түскиізді ұлттық ою-өрнектермен сәндеп безендіру үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: қазақтың ою-өрнектері жөніндегі білімдерін бекіту; түс және ырғақты сезіндіру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту.
49 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Наурыз
Мақсаты : балаларды мазмұнды композиция құрастыруда мазмұнын өз қалаулары бойынша таңдауларына ерік беріп, композицияны дұрыс құрастыруға үйрету; суретте табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді, көңіл күй сезімдерін беру дағдысын нығайту; туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: көктем суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
балалар үшін: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: наурыз – наурыз
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Жұмбақ шешкізу. Тәрбиеші көктем мезгілі туралы жұмбақ жасырады. Балалар жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, көктем суреттерін көрсетіп жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту.
2. – Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем.
- Көктемнің басқа жыл мезгілдерінен қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Көктем туралы қандай өлең-тақпақтар білесіңдер, кім айтып береді?
3. Тәрбиеші балаларға бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізіде көктем мезгілінің суретін салатынымызды айтып жеткізеді. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін дұрыс беру үшін үлгі суретті салып түсіндіреді.
4. Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.
Жұмбақты шешеді.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мазмұнды композицияны дұрыс құрастыруға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: суретте табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді, көңіл күй сезімдерін беру дағдысын нығайту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
50 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Наурыз
Мақсаты : балаларды мазмұнды композиция құрастыруда мазмұнын өз қалаулары бойынша таңдауларына ерік беріп, композицияны дұрыс құрастыруға үйрету; суретте табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді, көңіл күй сезімдерін беру дағдысын нығайту; туған жерге, табиғатқа
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: көктем суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
балалар үшін: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Наурыз - наурыз
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші: Наурыз дәстүрім деп, Адамдар ән салады.
Наурыз тойын еліміз, Қуана қарсы алады.
2. Балаларға өлеінің мазмұнын түсіндіріп, Наурыз – жыл басы мерекесі екенін, басқа мәселелерден айырмашылығы ұлттық нақыштарымен ерекшеленетінін айту.
3. Наурыз – бақыттың бюастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсынынң жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін мереке екенін ұғындыру.
4. Балалар «Наурыз» мерекесі бейнеленген суретке қарап әңгіме құрайды.
5. Тәрбиеші осы суреттегі «Наурыз» мерекесін бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізге арқау етіп алып, сурет саламыз.
6. Наурыз мерекесінің ерекшеліктерін дұрыс беру үшін үлгі суретті салып түсіндіреді.
7. Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып, мазмұнды композиция құрастырып салады. Алтыбақан тепкен балалар, ұлттық киімдегі ән салып тұрған қыздар мен балалар, салт-дәстүр үрдістерін орындап жатқан аналар т.б.
8. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
9. Оқу іс-әрекетті қорыту. Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мазмұнды композицияны дұрыс құрастыруға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: суретте табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді, көңіл күй сезімдерін беру дағдысын нығайту;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру
51, 52 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Үй жануарлары ( 2 сағ)
Мақсаты : акварельді бояуды пайдалана отырып, төрт түлік малдың бейнелерін салуды үйрету; үй жануарларын натураға қарап бейнелеу; композицияны дұрыс құрастыра білу; губкамен бояу техникасы арқылы бейнелеу; суреттің фонын құрастыру.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: үй жануарларының суреттері, акварель бояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.
балалар үшін: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Үй жануарлары – домашние животные
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балалардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тереңдету үшін суреттер көрсету арқылы аттарын сұрау. Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға, олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту.
2. Үй жануарларын күтуге, қамқор болуға баулу, ересек адамдардың еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту. Төрт түлік малдар туралы өлең тақпақтар айтқызу.
3. Тәрбиеші балаларға бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізде төрт түлік малдың суретін салатынымызды айтады. Малдардың дене құрылысының ерекшеліктерін дұрыс беру үшін үлгі суретті салып түсіндіреді.
4. Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті салады.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: төрт түлік малдың бейнелерін салуды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: үй жануарларын натураға қарап бейнелеу; композицияны дұрыс құрастыра білу;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: губкамен бояу техникасы арқылы бейнелеу; суреттің фонын құрастыру.
53 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Көбелектің суретін саламыз
Мақсаты : монотипті пайдалана отырып, пішіндерді симметриялы орналастыру негізінде сурет салуға үйрету; сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру; эстетикалық талғамдарын дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: көбелектердің суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.
балалар үшін: гуашь, акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
1. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырып, оның дұрыс жауабы табылғаннан кейін көбелектердің суреттерін көрсетіп, дидактикалық ойын ойнауды ұсыну. Ойын барысында жинақталған мәліметтерге сәйкес көбелектердің түр түсін, құрылысының ерекшеліктерін, қанаттарының орналасу реттілігін анықтайды.
2. Тәрбиеші балаларға көбелектің суретін салу жолдарын түсіндіріпі, көрсетеді.
3. Сергіту сәтінде «көбелектер» әнін қимыл қозғалыстарымен қоса орындату.
4. Балалар көбелектің суретін салуда өздеріне таныс әдіс-тәсілдерді қолданады және әртүрлі қанық түстерді пайдалану арқылы көңіл күйлерін көтереді.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Жұмбақты шешеді.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып,
қорытындыланады. Жақсы орындалған көбелектерден көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: монотипті пайдалана отырып, пішіндерді симметриялы орналастыру негізінде сурет салуға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: эстетикалық талғамдарын дамыту.
54 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ғарыш кемесі
Мақсаты : геометриялық пішіндерді – домалақ пен сопақшаларды пайдалану арқылы ғарыш кемесінің суретін салуды үйрету; балалардың аспан әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру; қиялдау сезімдерін дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: ғарыштың және ғарыш кемесінің суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.
балалар үшін: гуашь, акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Ғарыш кемесі – космический корабль
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балаларға теледидардан Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағы туралы үзінді фильм көрсетіп, космос әлемі жайында балалардың ой қорытындылауына жағдай жасайды. Осындай ұшу айлағынан аспан әлемін зерттеу мақсатында ғарышкерлер әуе кемелерімен ұшады. Бүгін біз бейнелеу оқу іс-әрекетінде ғарыш кемесінің суретін саламыз.
2. Тәрбиеші үлгі ретінде алдын ала дайындаған ғарыш кемесінің суретін тақтаға іледі. Суретті салу реттілігіне балалардың назарларын аударып, суретті салып көрсетеді.
3. Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.
4. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетті қорыту. Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: геометриялық пішіндерді – домалақ пен сопақшаларды пайдалану арқылы ғарыш кемесінің суретін салуды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: аспан әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру; қиялдау сезімдерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: эстетикалық талғамдарын дамыту.
55 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Хайуанаттар бағы
Мақсаты : балаларды мазмұнды композиция құрастыруда мазмұнын өз қалаулары бойынша таңдауларына ерік беріп, композицияны дұрыс құрастыруға үйрету; сурет салу барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану; шығармашылық ой-қиялдарын дамыту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдардың суреттері, гуашь, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.
балалар үшін: гуашь, акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Хайуанаттар бағы – зоопарк
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. «Жабайы аңдар» дидактикалық ойынын ойнату. Мақсаты: балалардың жабьайы аңдар туралы білетін білімдерін пысықтау.
2. Тәрбиеші балаларға хайуанаттар бағындағы жабайы аңдардың суреттерін көрсетіп, жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту. Өздерінің қашан хайуанаттар бағына барғандарын, онда қандай аңдарды көргендерін айтқызу.
3. Тәрбиеші суретті салу реттілігіне балалардың назарларын аударып, суретті салып көрсетеді.
4. Тәрбиеші суреттің салу реттілігімен таныстырып, қылқаламмен, бояумен дұрыс жұмыс істеулерін қадағалайды.
5. Балаларға суретті салғанда өз қиялдарымен ойлана отырып композиция құрастыру керектігін айтады.
Ойынды ойнайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Жақсы салынған суреттерден шағын көрме ұйымдастырып, бағалау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: композицияны дұрыс құрастыруға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: сурет салу барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: шығармашылық ой-қиялдарын дамыту.
56, 57 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Әкеммен ағаш отырғызамын (2 сағ)
Мақсаты : пропорционалды қарым-қатынас негізінде мазмұнды композиция құрастыруға баулу; үлкен-кіші ұғымдарын адамдарды бейнелеу барысында дұрыс бере білуге үйрету; балаларға дене мүшелерін салуда дұрыс орналастыруға бағыт беру; сурет салуға деген құштарлықтарын ояту.
Қажетті құралдар мен материалдар: педагог үшін: бау-бақшада еңбек етіп жүрген адамдар бейнеленген суреттер, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.
балалар үшін: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Қостілділік компонент: Әкеммен ағаш отырғызамын – я с папой сажаю дерево
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балаларға көктем мезгілінде ауламызға, бау-бақшаларға, қалада да, далада да ағаш отырғызу науқаны жүретінін айтады.
2. Ағаш отырғызудың табиғатымызға, жеріміз бен елімізге пайдасынынң мол екенін айтып ұғындыру. Балаларды еңбекке баули отырып, туған жеріміздің табиғатын қорғауға, күтіп баптауға, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
3. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.
4. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған көбелектерден көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: пропорционалды қарым-қатынас негізінде мазмұнды композиция құрастыруға баулу;
Қандай түсініктерді игерді: балаларға дене мүшелерін салуда дұрыс орналастыруға бағыт беру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сурет салуға деген құштарлықтарын ояту.
58 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Гүлшоғы
Мақсаты : балалардың шығармашылық қабілеттерімен, қиялдарын дамыту; қылқаламмен сурет салу әдісін үйрету; түстерді араластыруды жетілдіру, көз мөлшерін дамыту; түстерді сезіне білуге, эстетикалық сезімін қалыптастыру.
Қажетті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: әдемі гүл шоқтары, гұл шоғының суреттері, акварель бояу, қылқалам, су, қолорамал.
балалар үшін: акварель бояулар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: гүлшоғы – букет цветов
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Тәрбиеші балаларға үнтаспадан гүлдер туралы әуезді ән тыңдатады. Әнні мағынасын түсіне отырып гүлдердің әдемілігін, сұлулығын, хош иісті болатынын сезіндіру.
2. Көктемде дала гүлдерін жинап, әдемі гүл шоқтарын аналарымызға мерекеге тарту ретінде ұсынуға болатынын айтып, ұғындыру.
3. Тәрбиеші балаларға гүлдің суретін салу жолдарын түсіндіріп, көрсетеді.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмысты орындау тәсілдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды.
5. Тәрбиеші тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Қандай түсініктерді игерді: қылқаламмен сурет салу әдісін үйрету; түстерді араластыруды жетілдіру,
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың шығармашылық қабілеттерімен, қиялдарын дамыту;
59 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Дастарқан
Мақсаты : сурет салуда ұлттық ою-өрнектермен дастарқанды сәндеп безендіруді үйрету; балалардың қазақтың ұлттық ою-өрнектер туралы танымдарын жинақтау; тұрмыстық заттардың көлеміне қарай ою-өрнектерді орналастыруды үйрету.
Қажетті құралдар мен материалдар:
педагог үшін: қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымдары және бейнеленген суреттері,
дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.
балалар үшін: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Қостілділік компонент: дастарқан – скатерть
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Жұмбақ шешкізу. Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады: Алға жайып тұз-дәмін, Келтіреді үй сәнін.
Ол халқымның ақжаны, Жақсы дәстүр маржаны.
Кең пейіл де арайлы, Осы жерден тарайды. (Дастарқан)
Балалар жұмбақтың шешуін тапқан соң тәрбиеші өздері өрнектеп безендіретін дастарқанның мән-маңызы туралы айтады. Тәрбиеші балалармен үнтаспадан «Дастарқан» әнін тыңдайды. Сазды әуеннің мағынасын түсіндіріп, дастарқанның маңызы туралы айтып, білімдерін тереңдете түседі.
2. Балалармен бірге ұлттық тұтынатын бұйымдарды қарап, олардың ерекшелігіне, ою-өрнегі, түр-түсіне назар аударады. Дастарқанның түсіне, өрнектерінің орналасу реттілігін түсіндіріп, суретін салуға тапсырма береді.
3. Тәрбиеші балаларға сергіту жаттығуын жасатып, демалдырып алып, әрі қарай жұмысты қалай орындау керектігін тәрбиеші үлгі ретінде көрсетеді, балалар мұқият зер салып қарап отырып, орындау ретін түсінеді.
4. Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
5. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Жұмбақты шешеді.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту. Сұрақ – жауап әдісі бойынша пысықтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: сурет салуда ұлттық ою-өрнектермен дастарқанды сәндеп безендіруді үйрету.
Қандай түсініктерді игерді: қазақтың ұлттық ою-өрнектер туралы танымдарын жинақтау;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тұрмыстық заттардың көлеміне қарай ою-өрнектерді орналастыруды үйрету.
60 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Ұлттық киім киген қуыршақтар
Мақсаты : ерлер мен әйелдердің ұлттық киім үлгісіндегі суреттерін салуды үйрету; «ұлттық киім» туралы түсініктерін қалыптастыру; сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру; балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Педагогқа керекті құралдар: қазақтың ұлттық киімдері және бейнеленген суреттері, дайын үлгі, қағаз, түрлі түсті қарындаштар т.б.
Балаларға керекті құралдар: түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптерлері.
Қостілділік компонент: Ұлттық киім киген қуыршақтар – куклы в национальной одежде
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Педагог балаларға басқа да халықтар сияқты қазақ халқының өзәне тән ұлттық киімдері бар екенін айтып, балалардан ұлттық киімдердің аттарын сұрайды. Олар: камзол, сәукеле шапан, желетке, тақия, мәсі т.б.
2. Ұлттық киімдерді әртүрлі мақсатта пайдаланатынына назар аударады. Мысалы: ерекше айтулы той болғанда, үйлену тойларында, ұлттық мерекелер атап өтілетін кездерде ұлттық киімдер киіледі.
3. Киімдерді жыл мезгіліне және адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты тігеді. Оларды ұлттық ою-өрнектермен әшекейлейді.
4. Бүгінгі бейнелейтініміз ұлттық киім үлгісіндегі қуыршақтар. Педагог үлгі ретінде жұмыстың орындалу реттілігімен таныстырып, көрсетеді.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекет соңында дайын болған жұмыстарды үстел үстіне қойып, балалармен бірге қарайды. Балалардың еңбек нәтижесінде сәтті шыққан ұлттық киімдерге ерекше тоқталып, оның мазмұнына, орындалу мәнеріне назар аударып, атап өту керек.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ерлер мен әйелдердің ұлттық киім үлгісіндегі суреттерін салуды үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: «ұлттық киім» туралы түсініктерін қалыптастыру; сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
61 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Бақтар гүлдегенде
Мақсаты : табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді беру дағдысын нығайту, түс және эстетикалық қабылдау сезімін дамыту; табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Бақтар гүлдегенде – цветущий сад
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Педагог балаларды туған жердің әсемдігіне назар аудартады. Туған ел, туған жер туралы суретшілердің салған туындыларын көрсету арқылы әңгіме, өлең-тақпақтар айту.
2. Бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізде шабындықтар мен бақтардың гүлдеген бейнесін салып үйренеміз. Педагог үлгі ретінде жұмыстардың орындалу реттігімен таныстырады. Суретті салып көрсетеді.
3. Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау реттілігіне қарап, жұмыстарын орындауға кіріседі.
4. Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
5. Оқу іс-әрекетті қорыту. Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: табиғаттың келбетін, көктемге тән белгілерді беру дағдысын нығайту,
Қандай түсініктерді игерді: түс және эстетикалық қабылдау сезімін дамыту
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғатты аялауға тәрбиелеу.
62, 63 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Менің достарым (2 сағ)
Мақсаты : нақты адамның сыртқы келбетін мінез-құлық ерекшеліктерімен қоса, көңіл күйін портретте бейнелеп салуға үйрету; балалардың портреттік кескіндеме туралы түсініктерін қалыптастыру; адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерін беруді еске түсіру.
Педагогқа керекті құралдар: адамның бет әлпеттері салынған портреттер, гуашь, қылқалам, су, қолорамал.
Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.
Қостілділік компонент: Менің достарым – мои друзья
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері
Оқу құралдарын түгендеу
Ұйымдастыру-іздестіру
1. Педагог балаларға дидактикалық ойын ойнауды ұсынуға болады. «Менің жүзімнен не байқадың?» Балалар бір-бірінің жүзіне қарап көңіл күйлерін мінез-құлық ерекшеліктерін аңғарады.
2. Педагог балаларды жетекші сұрақтар қою арқылы ойынды жандандыра түсуіне, тереңдете мағыналы етуіне болады. Енді осы ойын барысында досыңның бет әлпетінен байқаған мінез-құлық ерекшеліктерді көңіл күйін суретке салуға болатынын айтады.
3. Педагог үлгі ретінде жұмыстардың орындалу реттігімен таныстырады. Суретті салып көрсетеді.
4. Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау реттілігіне қарап, жұмыстарын орындауға кіріседі.
5. Педагог балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.
Ойынды ойнайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту.
Оқу іс-әрекеті соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланады. Жақсы орындалған портреттерден көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: нақты адамның сыртқы келбетін мінез-құлық ерекшеліктерімен қоса, көңіл күйін портретте бейнелеп салуға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: балалардың портреттік кескіндеме туралы түсініктерін қалыптастыру;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерін беруді еске түсіру.
64 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Бейнелеу өнері
Тақырыбы: Қош келдің, жаз!
Мақсаты : балаларды түрлі бейнелеу материалдарын қолдана отырып, жаз мезгілін бейнелеуге; композицияны әдемі, дұрыс құрастыруға үйрету; шығармашылық қиялдау қабілеттерін дамыту.
Педагогқа керекті құралдар: жаз мезгіліндегі әдемі гүлдердің суреттері, гуашь, қылқалам, су, қолорамал.
Балаларға керекті құралдар: гуашь, су құйылған ыдыс, қылқаламдар, қолорамалдар.
1. Педагог балалардан жыл мезгілін сұрап, көктемнен кейін жадырап жаз келетінін, жаздың көктемнен айырмашылығы қандай болатынын әңгімелету.
2.Жаз мезгілін сипаттау, суретке қарап жаздың жайқала өсетін шөптері мен әдемі гүлдеріне назар аударту. Жаз мезгілі туралы өлең-тақпақтар оқып беру.
3. Бүгінгі бейнелеу оқу іс-әрекетімізде жадыраған жаздың келбетін бейнелейтінімізді айтып, түсіндіру. Педагог үлгі ретінде жұмыстардың орындалу реттігімен таныстырады.
4. Балалардың жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау реттілігіне қарап, жұмыстарын орындауға кіріседі.
5. Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, бақылайды.
Тәрбиешінің түсіндірмесін мұқият
тыңдайды.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау ретімен жұмыс жасайды
Рефлексивті-түзетушілік
6. Оқу іс-әрекетті қорыту.
Оқу іс-әрекетті қорытындылай келе таза, ұқыпты, дұрыс салынған суреттер иесін бағалап, мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жаз мезгілін бейнелеуге; композицияны әдемі, дұрыс құрастыруға үйрету;
Қандай түсініктерді игерді: шығармашылық қиялдау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларды түрлі бейнелеу материалдарын қолдана отырып, таза жұмыс істеуге төселдіру.