Мақсаты :Білімділік: Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тұңғыш президент екені туралы әңгімелеу, түсіндіру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнектіліктер: слайд,Елбасы суреті, ту, елтаңба
Билингвальды компонент:Отан-родина, елбасы - президент, ту-флаг,елтаңба- герб
Әдіс – тәсіл: сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың барысы:Мотивациялық-қозғаушылық:
Тәрбиеші: Кәне енді оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып ән ұранымызды айтып корейік.
Тәрбиеші:Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні, 1-ші желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Бұл Тұңғыш президент күні
Бүгінгі сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы.
Нұрсұлтан Назарбаев!
Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Ол біздің президентіміз!
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Астанада Бәйтерек бар!
Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Олар: ту, гимн және елтаңба.
Тәрбиеші:Балалар туға қарайықшы, не бейнеленген?
Балалар:Күн,бүркіт,ою.
Тәрбиеші:Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:Көк!
Тәрбиеші:Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашықболсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесінқараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 дібілдіреді, ал сәулелері отыз екен.Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген.
Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.
- Енді Қазақстан Республикасы, біздің отанымыз жайлы мақал-мәтел айтайықшы Біздің ұлтымыз қалай аталады? - ұлтымыз қазақ.Ана тіліміз қай тіл? қазақтілі.
Енді осы рәміздерді үш тілде айтайықшы: ту – флаг – flag
Елтаңба – герб - emblem Отан туралы мақал – мәтел:Жалайыр:Отан үшін күрес – ерге тиген үлес Аңсар:Отансыз адам – ормансыз бұлбұлАбдуазиз:Отан отбасынан басталады.Нұржан:Отанын сатқан оңбасДиляра:Ел іші – алтын бесік Рефлексивті түзетушілік:Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?Балалар:Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:Ол кім?
Балалар:Олбіздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші.
Жарайсыңдар, балалар!
(Елбасы, ту, елтаңба сөздерін үш тілде айтқызу)
Ал, қанекей енді бәріміз біздің еліміздің туын суретке салайықшы.