kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ту?ан к?нге сыйлы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а отбасылы? мерекелер мен д?ст?рлер туралы ма?л?мат беру.Бейнелеудегі т?сілдері мен ??ралдарын дербес іріктеуге ?йрету. Балаларды зат?а ?арап, к?з алдарына елестету ар?ылы м?сіндеу да?дыларын дамыту. М?сіндеуде т?рлі т?сілдерді ?олдану?а ?иялын, зейінін, бай?а?ышты?ын да?дыландыру. Баланы? ?жымда, балаба?шада, ?о?амда ?азіргі ?згермелі д?ниеге бірдей бейімделуге ?йрету, сыйласты??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ту?ан к?нге сыйлы?»

ІІ сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Күні: 25.09.2015ж. Тәрбиеші:Калдыбекова Н.А.

Білім беру саласы: « Шығармашылық»
Кіші сала: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Туған күнге сыйлық»
Мақсаты: Балаларға отбасылық мерекелер мен дәстүрлер туралы мағлұмат беру.Бейнелеудегі тәсілдері мен құралдарын дербес іріктеуге үйрету. Балаларды затқа қарап, көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту. Мүсіндеуде түрлі тәсілдерді қолдануға қиялын, зейінін, байқағыштығын дағдыландыру. Баланың ұжымда, балабақшада, қоғамда қазіргі өзгермелі дүниеге бірдей бейімделуге үйрету, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Туған күн - день рождения
Көрнекілігі: хат, әшекей бұйымдары бар қобдиша, жұмсақ ит ойыншығы, ермексаз, қамыр, кескіштер, картон қағаздар.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға екі ауыз жол тақпақ оқып береді.
Үй іші түгел көңілді,
Шат күлкілер төгілді.
Қуаныштың себебін,
Айта алады кәне кім?
Дастархан толы дәмді астар,
Тегін емес думанды үн.
Жиналды барлық шын достар,
Өйткені бізде?
Балалар кішкентай топта Алиманың туған күні.
Ол бізді туған күніне шақырды.
Шақыру хатын беріп жіберіпті.(Шақыру хаты)










Туған күн

Ұйымдастырушы

лық-ізденістік

Балалар біз туған күнге барамыз. алдымен кішкене әңгімелесіп алайық.
Туған күн деген сөздің аудармасын кім айтады?
Дегенмен сендер үшін қай күн қуанышты екен?
Туған күн – әр адамның өміріндегі ең жақсы, ең маңызды мерекелерінің бірі.
Адам дүниеге келгенде айналадағылардың бәрі қуанады.
- Туған күнге кімдер келеді?



- Келген қонақтар не әкеледі?


-Туған күн иесіне қонақтары не айтады?

- Туған күнге барғанда сендер өздеріңді қалай ұстауларың керек?
Олай болса сендер Алиманың туған күніне барғанда қандай жақсы - жақсы тілектар айта алды екенсіңдер.
Сендер бір - біріңе айтып көріңдерші.
Ойын: «Сыйлық сыйлау»
Ойынның шарты. Балалар жартылай шеңбер құрады. Бір бала туған күн иесін ал екеуі қонақ рөлдерін ойнауға шығады. Қонақтар туған күн иесінің қасында тұрады.
Бір үстелдің үстінде (хат, торттың қорапшасын, әшекей бұйымдары бар қобдиша, құмыра)
тұрады.
-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде тортты мүсіндейміз түзді қамырда.
Торттың бисквитін 2 - 3 бисквит қылып қамырды илейді. Торттың бетіне әдемі ою жасайды.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз,
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.




Туған күн-день рождения


Туған күн





Туған күнге қонақтар, достар, үлкен кісілер келеді.
Сыйлықтар, торт, ойыншықтар әкеледі.
Келген қонақтар оған жылы лебіздерін, құттықтауларын айтады

Біз өзімізді жақсы, тәртіпті, ұқыпты ұстауымыз керек.
бір – біріне тілектерін айтады.













Жұмыстарын бастайды.





Сергіту сәтіне белсене қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Сыйлықтарды кім үшін жасағандық?
- Сыйлықтарымыз Алимаға ұнар ма екен, қалай ойлайсыңдар?
- Ал ендеше Алиманың туған күніне аттанайық.

Алима үшін жасадық.
Алимаға сыйлықтарымыз ұнап, қуанып қалады деп ойлаймыз.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: Отбасындағы мерекелер мен дәстүрлерді

Меңгереді: Мүсіндеуде түрлі тәсілдерді қиялын, зейінін, байқағыштығын



ІІ сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Күні: 26.02.2016ж Тәрбиеші:Калдыбекова Н.А.

Білім беру саласы: « Қатынас»
Кіші сала: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейндерін дамыту.Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

Көрнекілігі:түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қаңдаймыз!

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес!

Дөңгелене тұрып Е.Өтетілеуұлының «Достармен бірге» өленің қимыл-қозғалыспен орындайды.

Ұйымдастырушы

лық-ізденістік

-Балалар, мына суреттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?

-Олар не істейді?

-Яғни халыққа қызмет етеді.Оларды біз мамандық иелері дейміз.

-Тағы да қандай мамандық иелерін білесіңдер?

-Сендердің ата-аналарың қандай мамандық иелері екенін білесіңдер ма?

-Мына суреттерге қарап мамандық иелерін атап, қандай қызмет атқаратындарын айтып беріңдерші?

Сергіту сәті:

Қане,кімнің бойы ұзын?

Паравозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз баста алға,

Бәрімізді басқарда

Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік

Гу-гу, гу-гу гуілде

Қалып қойма, бірің де

Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік

Жүрісті тым үдеттік

Ал, паравоз тоқтайық пыш.

Жұмбақ шешіп көрейік.

1.Бір керуен жүреді екен қатар түйе,

Аузынан жалын шығар будақ күйе.

-Балалар пойызды кім айдайды?

2.Сымға ашылып,

Жүр асығып.

-Троллейбусты кім жүргізеді?

3.Құстан аумайды,

Көкке зулайды.

-Ұшақты кім жүргізеді?

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»

Балалар мұғалім, дәрігер, құрылысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қою керек.

Аспазшы, мұғалім, құрылысшы, жүргізуші.


Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.




Егінші, сатушы, кітапханашы,әнші, биші жайында әңгіме құрастыру.

Балалар Ж.Смақовтың

«Паравоз» әнін бірге қимыл-қозғалыспен орындайды.












Пойыз

Машинист


Троллейбус

Жүргізуші


Ұшақ

Ұшқыш




Ойынды ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»

Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.

-Өте жақсы балалар. Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен, көп нәрсені үйрену керек.

Осындай жұмыстарды кімдер жасайды?

Ия біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек екен.

Ендеше еңбек туралы кім мақал- мәтел біледі.

Балаларды бағалау.



Балалар мамандық иелерін алып әңгімелейді.




Үлкен аға, апалар, әке, шешелер



Балалар мақал-мәтел айтады.



Күтілген нәтиже:

Нені біледі: маманқдық туралы

Меңгереді: толық жауап беруге дағдыландыру


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ту?ан к?нге сыйлы?

Автор: Калдыбекова Нургуль Амангельдиевна

Дата: 31.07.2016

Номер свидетельства: 338338


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства