Просмотр содержимого документа
«Туған қалам-Жаңаөзен!»
Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы №21 «Назерке»балабақшасы
Тәрбиеші:Клычева С
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдыстырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Туған қалам-Жаңаөзен!
Мақсаты:
Білімділігі:Балаларға Жаңаөзен қаламыз туралы әңгімелеп беру, көрікті жерлерін және әсем ғимараттарды көрсету, түсінік беру.Қаламыздың 50 жылда жеткен жетістіктері туралы айтып түсіндіру.
Дамытушылығы:Балалардың ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Әңгімені тыңдап түсінігін айта білуге, сөздік қорын молайту. Балабақшамен ата - ана арасындағы қарым қатынасты ойын арқылы күшейте отырып, балаға ата-ананың ықпалын арттыру.
Тәрбиелеу: Туған жерін сүюге, ұлтымыздың мәдениетін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Интеллектум технологиясы, АКТ технологиясы.
Көрнекілік: Жаңаөзен қаласының көрнекі жерлерінің суреттері, бейнетаспа, Интеллектум ойыншықтары, суреттер,видео
Билингвальды компонент: Отан-Родина,қала-город
Оқу қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің оқу қызметі
Балалардың оқу қызметі
Мотивациялық қозғаушылық
Амандасу
Шаттық шеңбері
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің ерекшіліктерін атаңдаршы.
Көктем мезгілі туралы тақпақтар білеміз бе?
Амандасады
Шаттық шеңберін орындайды
Балалар толық жауап береді
Әмірхан:
Көктем болды алақай
Қуанар барлық балақай
Көктемде жаңбыр болады
Бақшаға гүлдер толады
Ойын: «What this» «Ойлан тап»
Шарты:төрт бөлікке бөлінген айнаның үстіне карточкада бейнеленген суреттерді беттестіру арқылы,балалар сол карточкадағы берілген суреттерді табады.
-Балалар сендер ненің суретін таптыңдар?
-Мұнайшы мәдениет үйі,дуылға қай қалада орналасқан?
Жарайсыңдар балалар!
Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Туған қалам-Жаңаөзен»деп аталады.
Жаңаөзен қаласы –Маңғыстау облысындағы жаңа дамып келе жатқан жас қала.Облыс орталығы –Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан.Қала 1968 жылы қаланған.Биыл қаламызға 50 жыл толып отыр.Қаламызда «Мұнайшы» мәдениет үйі,спорт кешені, «Жаңаөзен»ойын сауық орталығы, Жалын кинотеатры бар.Қаламызда ең басты өндіріс мұнай мен газ .Біздің қала –мұнайлы қала.
Балаларға Жаңаөзен туралы бейнебаянды АКТ технология арқылы
көрсету.
Балалар туған қаламыз-Жаңаөзен туралы тақпақтар айтады.
Балаларға Отан,қала сөздерін екі тілде айтқызу.
Отан-Родина,қала-город
Сергіту сәті
Тәуелсіз елдің тірегі
Біз боламыз жүрегі
Артқа қадам баспаймыз
Тек алға-алға бастаймыз
Қыран құстай қалықтап
Болашаққа самғаймыз
Балалар ойынға қызуғушылық танытады.
Балалардың жауаптары
Балалар бейнебаянды тамашалайды.
Гауһар:
Қаламда бар мұнайым
Бар байлығым шырайым
Ырыс несібе халқымда
Жарылқасын құдайым
Жасұлан:
Ақ тілекпен,Жаңаөзенді қарсы алады,
Мерекеміз бар деп жар салады.
Татулық,достық,бірлік ұйытқысы
Нұр-ағаны жер жүзі нар санады.
Отан-Родина,қала-город
Балалар орындарынан тұрып, сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру-шылық ізденістік
Ойын: «Білікті құрастырғыш»
Шарты: Ата – ана мен бала бірігіп отырып құрастыру таяқшаларынан әр түрлі ғимараттар құрастыру.
Оқу қызметі туралы,ойын туралы ата – аналар «Ашық микрофон» арқылы алған әсерлерін білдіреді.
Отан,туған жер туралы мақал-мәтелдер жаттату
Туған жер алтын бесік
Отан оттанда ыстық
Отансыз адам ормансыз бұлбұл
Балалар ата-анасының көмегімен ойынға кіріседі.
Мақал-мәтелдер жаттайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Қорытындылау:
-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?
- Бүгін біз қай қала туралы әңгімелестік?
Смайлик арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.
Балаларды мақтап, мадақтау.
Балалардың жауаптары.
Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін смайлик арқылы жеткізеді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Қаламыздың көрікті жерлерін,ғимараттарын айтып беруді.
Болуы керек: Білікті құрастырғышты пайдаланып ғимараттарды тұрғызуды.
Баланың қлынан келуі:Сұрақтарға жауап беруді,мақал-мәтел жаттауды.