kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рмысты? техника

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рмысты? техниканы ?олдан?анда абай болайы?.

Білім беру саласы: Таным.?атынас

Б?лімі:?орша?ан ортамен таныстыру.

Ма?саты:

Білімділік:Т?рмысты? техника,оны? ?олданылуы туралы білімдерін жетілдіру.Оларды? ат?аратын ?ызметімен таныстыру.

Дамытушылы?:?ауіпсіздік ережесі туралы ал?ан білімдерін дамыту.

Т?рбиелік ?ауіпсіздік ережелерін са?тау?а да?дыландыру,тазалы??а,жина?ылы??а т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар мен жабды?тар:ойыншы?,?й жабды?тары,суреттер.

Билингвальды компонент: то?азыт?ыш-холодильник,т?рмысты? техника-бытовая техника,электр б?йымдары-электротовары,ша?сор?ыш-пылесос.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рмысты? техника»

Тұрмыстық техниканы қолданғанда абай болайық.

Білім беру саласы: Таным.Қатынас

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты:

Білімділік:Тұрмыстық техника,оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру.Олардың атқаратын қызметімен таныстыру.

Дамытушылық:Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру,тазалыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:ойыншық,үй жабдықтары,суреттер.

Билингвальды компонент: тоңазытқыш-холодильник,тұрмыстық техника-бытовая техника,электр бұйымдары-электротовары, шаңсорғыш-пылесос.

Оқу іс-әрекеті кезеңдері


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық








Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Кел, балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!


Кел, балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік

Балалар өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.




























Ұйымдастырушылық-ізденістік









  • Балалар, үйдегі заттарды атаңдаршы? Сендердің бөлмелеріңде қандай қажетті бұйымдар,заттар бар?

Тұрмытық техникалардың суреттерін көрсету арқылы жауап аламын.

-Ас үйден бастайық.Ас үйлеріңде қандай заттар бар?



-Қонақ бөлмелеріңде қандай заттар бар?



-Мына суреттерден қандай заттарды көріп тұрсыңдар?

-Бұл қандай бөлме?

-Балалар, біз бұл заттарды қалай топтастырар едік?







-Тұрмыстық техникаға нелер жатады?





-Балалар,бұл заттарды адамдар не үшін ойлап тапты?

-Дұрыс айтасыңдар.Адамдар қол еңбегін жеңілдету үшін тұрмыстық техниканы ойлап тапты.Ғалымдар қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды ойлап табуда.

Билингвальды компонент.

Тоңазытқыш-холодильник,тұрмыстық техника-бытовая техника,электр бұйымдары-элетротовары,шаңсорғыш-пылесос.

Мына суретке назар аударыңдаршы.

-Газ плитасы не үшін қажет?

-Ол болмаған жағдайда адамдар тамақты қалай пісіреді?

-Газ плитасы немен жанады?

-Қазанды немен қайнатады?

-Қайсысын да тамақ пісірген жеңіл әрі тез?

-Балалар,көріп отырсыңдар,адамдар уақытын үнемдеу үшін,еңбекті жеңілдету үшін тұрмыстық техниканы ойлап тапты.

-Тұрмыстық техника қалай жұмыс істейді?

Жұмбақ шешу.

Біздің үйде бір зат бар

Сақтайды онда тамақты.

Болсын мейлі күз бен жаз

Іші оның қатты аяз.


Шаң-тозаңды сүймейді

Тазалап оны жүр дейді.


Бүкіл әлем ішіне сияр Аты оның.....


-Балалар электр бұйымдарын су қолмен ұстауға бола ма?

- Дұрыс,ешқашан су қолмен элеткр жүйесіне жакындауға болмайды!Өйткені су электр тогын өте жақсы өткізеді.


«Көп ойла,сөз ойла» ойыны


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып- жұмамыз.

Одан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.

Балалар үйлеріндегі жиһаздар мен бұйымдарды атайды.



-Газ плитасы,ыдыс-аяққа арналған сөрелер, үстел,орын-дық,тоңазытқыш.

-Диван,кресло,теле-дидар,магнитофон.


-Төсек,шкаф,компью-

тер,телефон.

-Жатын бөлме.

Балалар әр затты атап,олардың жалпы атауын табады:

А) ыдыс-аяқ

Ә) үй жиһаздары

Б) электр бұйымдары,тұрмыстық техника.

-Тоңазытқыш,кір жуатын машина,газ плитасы,компьютер,үтік,

теледидар,магнитофон,радио,электронды сағат,т.б.

-Қол еңбегін жеңілдету үшін










-Тамақ пісіру үшін.

-Қазан астына от жағып пісіреді

-Газбен

-Отынмен

-Газ плитасында




-Электр тогымен жұмыс істейді.




-Тоңазытқыш.



-Шаңсорғыш


-Теледидар


-Жоқ






Балалар екі топқа бөлінеді.1-топ үй жиһаздарын атайды.2-топ тұрмыстық техника заттарын атайды.Қай топ көп сөз айтса сол топ жеңімпаз атанады.



Рефлексиалық-түзетушілік






Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды:тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалануды,үлкендердің көмегінсіз электр тогын қоспауды.

Түсінеді:тұрмыста қолданылатын заттарды қалай пайдалану керектігін,олардың атқаратын қызметін.

Қолданады: өмір қауіпсіздігі ережелерін.








Әдіскер Алимова Гулжан Жанайқызы


«Қызғалдақ» балабақшасы МКҚК

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Қоңырөлең ауылы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рмысты? техника

Автор: Алимова Гулжан Жанаевна

Дата: 03.02.2016

Номер свидетельства: 287466


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства